kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Математика саба?ында де?гейлеп-саралап о?ыту технологиясыны? тиімділігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндаманы кез келген семинарда ?олдану?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Математика саба?ында де?гейлеп-саралап о?ыту технологиясыны? тиімділігі"»















Тақырыбы:

« Математика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі»

«Эффективность применения разноуровневой технологии дифференцированного обучения на уроках математики»



















Орындаған математика пәні мұғалімі: Сураган Күлимаш









«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпағымыз жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі,өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиіділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпалы аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.«Қазақстан – 2050» атты жаңа еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдында өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі – деңгейлік саралау технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен есте сақтау қабілеттерін, ынтасын,белсенділігін білім сапасын дамытуға көмектеседі. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Оқушыларға өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

  1. репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде

тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты;

  1. алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған

ақпаратты пайдалана отырып орындайды;

  1. эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді

қолдана отырып жауап береді;

  1. шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын

байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде

өздігінен меңгереді.

Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне;

ә) психологиялық даму ерекшеліктеріне;

б) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары:

  1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.

  2. Деңгейлеп оқыту әр категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиеленіп, жауапкершілігі артады.

  4. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төмеңгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

  5. Саралап деңгейлеп оқыта отырып оқушылардың орындаған тапсырмалары арқылы олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалының оқушы үшін қай жері қиындық туғызғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын.Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақта белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізетініне сенімім мол.





































Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Математика, логика және информатика, 2013 жыл №1

  2. Педагог, 2013 жыл №3

  3. Математика және физика, 2011 жыл №1

  4. МИФ, 2012 жыл №5




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама "Математика саба?ында де?гейлеп-саралап о?ыту технологиясыны? тиімділігі"

Автор: Сураган Кулимаш

Дата: 08.06.2016

Номер свидетельства: 333376


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства