Кіріспе: Адамның дүниетанымы түсінігі, әлемнің тұтастығын, шексіздігі пайымдау, зерттеу, салыстырып өлшеу негізінде қалыптасады. Қазақ халқының математикалық,логикалық талдау жүйесімен танысу ғибраты мол, қызғылықты іс. Әңгіме болып отырған ескілікті өлшемдер өз дәуірі мен өзектес те үндес. Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса, қалып атпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек, қателеспейміз. өйткені оны ата – бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Өлшем – мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем - өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші, оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты оның қашықтық мөлшері бар. Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Мәселен, ұзындық қарыспен, қадаммен,құлашпен, қалындықты елімен, мөлшерлі нәрселер-ыдыс-аяқпен, дорбамен,қап-қанармен,қашықтық-күндік,айлық жермен есептелген.Арқан бойы,ат шаптырым,қозы көш — түйе көш жер мұндай да өлшемдер бар. Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, олардың танымын кеңейткен. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, аяқпен, қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Адамның алғашқы өлшеу тәсілдері. Қазір барлық нәрсенің арнаулы өлшеуіші бар, өлшеуішсіз өмір жоқ. Өлшеудің және өлшеуіштің қажеттігі тіпті ерте кезде туды, бірақ өлшеу аспаптары мен өлшеу тәсілдері қазіргідей болып бірден қалыптасқан жоқ. Адам әуалі өлшеуіш етіп өз мүшесін не оның қозғңалыстағы белгілі бір қалып немесе айналадағы жұртқа таныс бір нәрсені алып, сонымен өлшейді. Бұл қарапайым өлшеуіштер қазіргідей дәл өлшеу үшін қолданылмады, адамның сол кездегі өмір талабына жеткілікті болған жуық өлшеу үшін немесе таныс бір нәрсемен салыстыра отырып өлшенетін нәрсенің қандай екенін шамамен білу үшін қолданылады. Ұзындық өлшеуіштер: қазақ, ертеден келе жатқан әдет бойынша, бір нәрсенің қалыңдығы мен ұзындығы туралы айтқысы келгенде, өзінің «қол өлшеуіштерін» пайдаланып: «шынтақ елі», «бір елі», «екі елі», «үш елі», «сере қарыс», (қазы), «бір тұтам» (жіп) , «сынық сүйем» (бұдан қазақта ерте кезде бөлшек ұғымы болғаны байқалады). «Сүйем» дейді қолдың белгілі бір қозғалыс қалпын өлшеуіш етіп алып: «қарыс», «құлаш» дейді, немесе аяқ өлшеуіштерін пайдаланып: «табан» (бір табан) «қадам» дейді. Ал жол, арақашықтық туралы айтқанда ешбір өлшеуіштік белгісі жоқ, бірақ көпшілікке таныс аралықпен салыстырып, мөлшермен: «Таяқ тастам жер», «көз көрім жер», «бір көш жер», «ат шаптырым жер», «түстік, күндік жер» дейді. Ерте кезде бір нәрсенің ұзындығын арнаулы өлшеуішпен не оның бірнешеге тең бөлінген үлесімен өлшеу тәсілі болған жоқ. Ондай өлшеуіштер арқылы өлшеу тәсілдері кейін, елдер арасында сауда саттық жұмысы күшейген кезде шықты. Ал қарыс, қолдың қары, қадам т.с.с. Қарапайым өлшеуіштер тек қазақ арасында ғана емес, адам саналы өмір сүре бастағаннан бері барлық елдерде қолданылады. Халықтар арасында көп тараған қарапайым өлшеуіштердің бірі- қолдың қары(орысша-”локоть”). Ерте кезде, алаша, басқұр сияқты енсіз,тоқыма бұйымдардың, жіп арқандардың ұзындықтарын қолдың қарына орап жіберіп өлшейтін болған. Мұндай қарапайым өлшеуіштер әр елдің өзіне тән тұрмыс-кәсіп ерекшелігіне қарай әр түрлі болып келеді: жапондықтар атқа таға орнына кигізген ши башмақ жыртылғанша атпен жүретін қашықтықты “ат башымағы” деп атап, кейінгі кезге дейін өлшеуіш етіп қолданған, испандар ауыл арасын “бір сиғар”, “екі сиғар” деп өлшеген (ол жаяу адам бір сиғар тартқанша жүретін жол деген сөз): ағылшын каролі Генрих 1101 жылы указ шығарып, “ярд” деп аталған ұзындық өлшеуіш тағайындаған. Бұл өлшеуіштің алғашқы ұзындығы карольдің мұрынының ұшынан бастап созылған қолының ұшына дейінгі аралыққа тең болған, ал Англияда қазіргі ярд =0,9144 м. Ерте кезден бері халықтардың көпшілігі қолданып келе жатқан, ал Россияда І Петр заманынан бастап Октябрь революциясына дейін қолданылған қарапайым екі өлшеуіне:”фут” (ағылшынша-“foot” немесе”fuss”) — табан және ”дюйм” (голландия-“duim”)-бас бармақ буыны. Тіпті ерте кезде тұрмыс талабынан туған осындай қарапайым өлшеуіштер қазір ғылыми өлшеуіштер системасы қалыптасқан кездің өзінде де, әдет бойынша халық арасында қолданыла береді. Негізгі: Қазір барлық нәрсенің арнаулы өлшеуіші бар,өлшеуішсіз өмір жоқ. Бұл жобада тұрмыс-тіршілікте қолданылатын өлшем бірліктерін оқи отырып,математикадан көне өлшем бірліктерін,шығу тарихымен таныса отырып,қазақ және орыс халықтарының өлшем бірліктері ұқсас екенін анықтау.Халықтардың шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағұлмат ретінде пайдалана отырып,оны есептеп шығаруда қолдану және тәжірбие жүзінде көрсету зерттелген. Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен : «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы ба». Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық.
Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі (19-20 см шамасында). Тұрмыста, құрылыс жұмысында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12 – 16 қарыс мөлшерінде жасалды. Елі – сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см) мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8см) . Бас бармақтың ені үшін (шамамен 2,2 -2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған (Бабыр жазбалары 16 ғ.). Қазы майының қалыңдығы, ою – өрнектің мөлшері тағы басқа енімен өлшенген. Буын – ортаң қолдың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі (шамамен 5-6 см). Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою – өрнектің мөлшерін осы буынмен өлшенген; тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Шынтақ – қолдың ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40-41 см. Тұтам – бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен 8-8,5 см – ге дейін ұзындық өлшемі делінген. Мысалы:1) Ұзындықты: «шынтақ елі», «бармақ елі», «табан елі», «саусақ елі» деп атайды. 2) Семіздік (қазының қалындығы), яғни жылқы малын өлшем бірлігімен: кере қазы, сере қазы, табан қазы, би қазы, шынтақ қазы – деп анықтап отырған. т.с.с.
Бүгіні танда қазақ өлшемдері көпшілік ортада жиі қолданыла бермейді. Себеп те бар шығар. Алайда, көркем әдибиетті оқып жатып, кейде түсінбей қалып жататын жайымыз бар. Ондағы жазылатын өлшем бірліктері көнерген сияқты болып көрінуы де мүмкін. Шын мәнің де қазақ халқында өлшем бірлікке байланысты айтылған әдемі сөздер жеткілікті. Халық қалындық өлшемін де ұмытпаған. Халық жылқының семіздігін оның қазысының қалындығымен өлшейді және соған қарай бағалайды. Мысалы: Арық қазы: жылт қазы ала бұлт қазы\қазысы болар\болмас яғни арық пышақ жүзі қазы\пышақ жүзінің еніне сай қазы пышақ сырты қазы\ пышақ сыртының еніне сай қазы қылыш сырты қазы\қылыш сыртының еніне сай қазы шынақ қазы\ яғни саусақ өлшемімен елі қазы\сұқ саусақтын көлденең қалындығы ені бармақ қазы\ бас бармақтын ені Семіз қазы: екі елі қазы\ сұқ саусақ пен орта саусақтын асындағы мөлшері үш елі қазы\сұқ саусақ пен саусақ арасындағы мөлшері тұтам қазы – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге тең ұзындық өлшем бес елі\ бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас сере қазы – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем. (Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.) табан қазы\бір табан ені қарыс қазы– бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері табалдырық қазы — аса қалың, айналдыруға келмеген өте семіз қазы; кей жерлерде табан қазы деп атайды. Өлшемдердің салыстырмалы кестесі № | Байырғы өлшемі бірлігі | Қазырғы өлшем бірліғі | 1 | жылт қазы | 0,5мм | 2 | ала бұлт қазы | 1мм | 3 | пышақ жүзі қазы | 1,5мм | 4 | пышақ сырты қазы | 2-3мм | 5 | қылыш сырты қазы | 4-5мм | 6 | шынақ қазы | 1см | 7 | елі қазы | 1,5-2см | 8 | бармақ қазы | 2,5см | 9 | екі елі қазы | 3,5-4см | 10 | үш елі қазы | 5-6см | 11 | Тұтам қазы | 6-8см | 12 | бес елі | 6-8см | 13 | Сере қазы | 6-8см | 14 | табан қазы | 8-10см | 15 | қарыс қазы | 19-20см | 16 | табалдырық қазы | | 17 | Долебай | |
Қазіргі жастардың халық байырғы өлшемдерінің туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім. жұмыс. Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қазының қалындығының өлшемдері санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қазы қалындығының өлшемдерімең таныстырдым, түсінік бердім. Қазы қалындығын өлшейтің өлшемдер туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді. жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Елі қазы» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін. Қатысқан 5-8 «А» сыныбы, барлығы 20 оқушы. Сауалнама: Сіз бұрын соңды байырғы өлшемдер дегенді естіпедіңіз? Күнделікті тұрмыста елі, қарыс, т.б. сөздерді қолданасыз ба? Байырғы өлшемдер туралы теледидардан, интернеттен, газеттен, кітаптан, ата-аналардан, мұғалімдерден естіп, көрдіңіз бе? Ұттық ойынымыз асықта байырғы өлшемдердің қолданылатынын білесізбе? Өлшемдеріміздің шетелдердің өлшемдерімен ұқсас екенін білесіз бе? Сұрақтарға иә немесе жоқ жауабы арқылы дұрыс жауап берулеріңізді өтінемін! Сауалнама қортындысы: иә - 15 оқушы ( 75% ) жоқ – 5 окушы (25%) Иә - 7 оқушы ( 35% ) Жоқ – 13 оқушы ( 65% )
теледидардан – 3 окушы (15%) интернеттен – 5 окушы (25%) газеттен – 1 окушы (5%) кітаптан – 4 окушы (20%) ата-аналардан – 2 окушы (10%) мұғалімдерден – 5 оқушы ( 25% ) 4. Иә - 12 оқушы ( 60% ) Жоқ – 8 оқушы ( 40% ) Иә - 9 оқушы ( 45% ) Жоқ – 11 оқушы ( 55% ) Сауалнама: Байырғы өлшемдер туралы білетін 15 окушы бар екен және 5 окушы жоқ екен анықталды. Ал бірақ ата-аналар, газеттен және теледидардан ол туралы көп айта қоймайтын болып шықты. Байырғы өлшемдер туралы окушылар интернеттен, мұғалімдерден және кітаптпрдан біледі. Күнделікті тұрмыста байырғы өлшемдер сөздерді қолданбайтыны жиі көрінеді. Ұлттық асық ойының шартында қолданатының окушылар көрсетті. Өлшемдердің шетелдердін өлшемдеріне ұксастығың 9 окушы білетін болып шықты. Барлық оқушы қазы-елі туралы мәлімет жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді.
Қорытынды: Қазір барлық нәрсенің арнаулы өлшеуіші бар,өлшеуішсіз өмір жоқ.Бұл жобада тұрмыс-тіршілікте қолданылатын өлшем бірліктерін оқи отырып,математикадан көне өлшем бірліктерін,шығу тарихымен таныса отырып,қазақ және орыс халықтарының өлшем бірліктері ұқсас екенін анықтау.Халықтардың шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағұлмат ретінде пайдалана отырып,оны есептеп шығаруда қолдану және тәжірбие жүзінде көрсету зерттелген.
Қолданылған әдебиеттер: 1 .Қазақтың көне тарихы.(Дайындаған М.Қани) – Алматы.«Жалын»,1993 2.Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997 3.Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалие,М.Оразаев-Алматы 1994. 4.Дүние өлшеммен жасалған.Ғ.Ақпанбет.
|