kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему: "Pisa ба?дарламаларыны? талаптарына с?йкес математикадан 8-9 сынып о?улы?тарыны? мазм?нын іріктеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лем мемлекеттері даму кезе?інде ?р ?ылым саласында?ы жетістіктермен к?рінеді. ?ылым салаларыны? ?ар?ынды дамуымен ?атар, оларды? бір-бірімен кіріктіріле дамуы ?аламда?ы тепе-те?дікті? са?талуыны? басты шарты болма?. Адамзат ?зіні? даму тарихында ?ылымны? ?р саласында тарихи кезе?дерді, техниканы? даму кезе?ін, электрлендіру  кезе?ін, электроника кезе?ін, микросхемаларды? даму кезе?ін, биотехнологияны? даму кезе?ін басынан ?ткерді. Осы кезе?дерде білім ке?істігіндегі ??ым мен т?сініктер, ?а?идалар сан алуан ?згеріске ?шырап, заман?а с?йкес талаптармен ?згеріп келеді. Бас?а мемлекеттер сия?ты ?аза?станда сауат ашу кезе?інен а?паратты? ?асыр м?мкіндігін пайдалану?а дейін жетісті. Осы уа?ыттарда ?лемде жар? еткен талай жа?алы?тар болды. Оларды? ?р?айсысы с?зсіз адамзатты? ?аламмен т?стаса дамуына ?з ?лесін ?осты. ?р кезе?де білім алумен оны ?олдану туралы к?з?арастар т?рліше болып келді.

             ?ткен ?асырды? ая?ында сауатты баладан жеке т?л?а?а дейін деп о?ытса?, ?азір ?з білімін толы? (реализация) ?олдана алатын т?л?а шы?ару ма?сат болып отыр. Себебі, т?рлі сараптаулар ар?ылы та?айындал?ан ?лем мемлекеттеріні? даму де?гейіне ба?а беруде, мемлекеттерді? білім ке?істігіндегі орнын ай?ындау негізгі талаптарды? бірі болып отыр.Я?ни,  ХХІ ?асыр о?уы бізден жан-жа?тылы?ты к?руге ?мтылуда.

            ?азіргі уа?ытта д?ниеж?зі бойынша білім саласында?ы жетістіктерді саралауды? т?рлі ?діс-т?сілдері бар. Соны? бірегейі Экономикалы? ынтыма?тасты? ж?не даму ?йымымен (ЭЫД?) ж?зеге асырылатын Pisa Халы?аралы? ба?дарламасы. Pisa зерттеуі 15 жаста?ы о?ушыларды? о?у, математика ж?не жаратылыстану ба?ытында?ы п?ндерден білім жетістіктері тексеріледі. О?ушыларды? о?у барысында ал?ан білімдері мен да?дыларын ?мірлік т?жірибеде ?олдана алу біліктіліктері, машы?тары тексеріледі.

            Жетекші ?йымдарды? ы?палымен, ?ш жылды? кезе?мен ?ткізілетін зерттеуге ?аза?стан 2009, 2012 жылдары ?атысты. ?аза?станда зерттеу ж?мысын ?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігіні?, білім беру органдары мен айма?ты? білім беру ?йымдарыны? к?мегімен «?лтты? білім беру сапасын ба?алау» орталы?ы ж?ргізеді. Осы жылдарда бізді? мемлекетіміз т?мен де?гей к?рсетті. Алда?ы ?ойыл?ан ма?сат, ал?аш?ы отызды??а кіру. Келесі зерттеу 2015 жылы ?ткізілмекші.

 Pisa Халы?аралы? ба?дарламасы  «Функционалды? сауаттылы?» т?жырымдамасына негізделген халы?аралы? ба?алау зерттемелеріні? бірі. «Функционалды? сауаттылы?» ??ымы ?ткен ?асырды? 60-шы жылдары ЮНЕСКО ??жаттарында пайда болып, кейіннен ?олдау табуда. Б?л тез ??былмалы ?лемде функционалды? сауаттылы? адамдарды? ?леуметтік, м?дени, саяси ж?не экономикалы? ?ызметтерге белсенді ?атысуына, сондай-а? ?мір бойы білім алуына ы?пал ететін базалы? факторларды? біріне айналуда.

            Pisa ше?берінде тестілеу барысында функционалды? сауаттылы?ты? ?ш саласы ба?аланады: о?у сауаттылы?ы, математикалы? сауаттылы?, жаратылыстану саласында?ы ?ылыми сауаттылы?. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему: "Pisa ба?дарламаларыны? талаптарына с?йкес математикадан 8-9 сынып о?улы?тарыны? мазм?нын іріктеу" »

Pisa бағдарламаларының талаптарына сәйкес

математикадан 8-9 сынып оқулықтарының мазмұнын іріктеу



Мурсалимова Маржан

Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы

«Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ





Қазақстанға Халықаралық Pisa бағдарламасының енуі



Әлем мемлекеттері даму кезеңінде әр ғылым саласындағы жетістіктермен көрінеді. Ғылым салаларының қарқынды дамуымен қатар, олардың бір-бірімен кіріктіріле дамуы ғаламдағы тепе-теңдіктің сақталуының басты шарты болмақ. Адамзат өзінің даму тарихында ғылымның әр саласында тарихи кезеңдерді, техниканың даму кезеңін, электрлендіру кезеңін, электроника кезеңін, микросхемалардың даму кезеңін, биотехнологияның даму кезеңін басынан өткерді. Осы кезеңдерде білім кеңістігіндегі ұғым мен түсініктер, қағидалар сан алуан өзгеріске ұшырап, заманға сәйкес талаптармен өзгеріп келеді. Басқа мемлекеттер сияқты Қазақстанда сауат ашу кезеңінен ақпараттық ғасыр мүмкіндігін пайдалануға дейін жетісті. Осы уақыттарда әлемде жарқ еткен талай жаңалықтар болды. Олардың әрқайсысы сөзсіз адамзаттың ғаламмен тұстаса дамуына өз үлесін қосты. Әр кезеңде білім алумен оны қолдану туралы көзқарастар түрліше болып келді.

Өткен ғасырдың аяғында сауатты баладан жеке тұлғаға дейін деп оқытсақ, қазір өз білімін толық (реализация) қолдана алатын тұлға шығару мақсат болып отыр. Себебі, түрлі сараптаулар арқылы тағайындалған әлем мемлекеттерінің даму деңгейіне баға беруде, мемлекеттердің білім кеңістігіндегі орнын айқындау негізгі талаптардың бірі болып отыр.Яғни, ХХІ ғасыр оқуы бізден жан-жақтылықты көруге ұмтылуда.

Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша білім саласындағы жетістіктерді саралаудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Соның бірегейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылатын Pisa Халықаралық бағдарламасы. Pisa зерттеуі 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктері тексеріледі. Оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік тәжірибеде қолдана алу біліктіліктері, машықтары тексеріледі.

Жетекші ұйымдардың ықпалымен, үш жылдық кезеңмен өткізілетін зерттеуге Қазақстан 2009, 2012 жылдары қатысты. Қазақстанда зерттеу жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, білім беру органдары мен аймақтық білім беру ұйымдарының көмегімен «Ұлттық білім беру сапасын бағалау» орталығы жүргізеді. Осы жылдарда біздің мемлекетіміз төмен деңгей көрсетті. Алдағы қойылған мақсат, алғашқы отыздыққа кіру. Келесі зерттеу 2015 жылы өткізілмекші.





Математикалық сауаттылықтың орны



Pisa Халықаралық бағдарламасы «Функционалдық сауаттылық» тұжырымдамасына негізделген халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейіннен қолдау табуда. Бұл тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Pisa шеңберінде тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану саласындағы ғылыми сауаттылық.

Математикалық сауаттылық бойынша тексеру тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау жасау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. Математикалық сауаттылыққа оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады: қоршаған ортадан математика арқылы шеуге болатын мәселелерді тани білуі, аргументті көрсете алуы, математикалық модельдей алуы, қолданылған әдіс-тәсілдерді талдай алуы, түсіндіре алуы.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес әрбір тапсырма математиканың төрт мазмұнды аймағының біріне сәйкес келеді.

Сандар;

Кеңістік және форма;

Өзгерістер мен қатынастар;

Анықталмағандық.

Сонымен қатар, «тұлғаның математикалық білімдерінің, біліктілігінің, тәжірибиесінің және қабілеттерінің үндесуімен» сипатталатын математикалық құзыреттілігі анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттілік деңгейі қарастырылады: елестету, байланыс орнату, талдау.

Математикалық сауаттылықты бағалау басқа салалар сияқты 6 деңгейдегі тапсырмаларды орындаумен өлшенеді. Оқушылар барлық тапсырманы орындаса – 1000 балл есептеледі.





Функционалдық сауаттылықты дамытушы факторлар

РІSА зерттеулері бойынша алдыңғы орындарды иеленген мемлекттердің іс-тәжірибиелерін зерделей келе, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға әсер ететін бірқатар факторлар сараланды:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

Қазақстан үкіметі бұл ретте өз қадамын жасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.Сол негізде, Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекітілді.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттеріде бекітілді. Оның бір мазмұнды бөлігі білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар, білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.

Көрсетілген міндеттер орындала бастады.


Математикалық сауаттылықты ашудың қадамдары



Математика, басқа ғылымдар секілді айналамыздағы әлемді, табиғи және жасанды үрдістерді өз әдіс- тәсілдерімен оқытып келеді. Ол қоршаған ортаны абстракциялап қарастырады деп келдік. Қай кезеңде болмасын математикалық білімге қажетті теориялық негіз өзгермейді. Тек, қазірде білімді ғана бағалау жеткіліксіз болып отыр. Математиканы оқытуда оны өмір сүруде қолданатындай етіп үйретуге көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар, балаға берілетін математикалық білім мазмұнына да заман талабына сай өзгеріп келеді. Pisa талаптарына сәйкес оқушылар тапсырмаларды орындай отырып математикалық сауаттылық деңгейін көрсетеді. Бұл дәрежеге мектеп оқушысы жылдар бойғы білімінің нәтижесімен қол жеткізеді. Яғни, біз сабақ процесінде білімді өмірде пайдаланатындай етіп беруге тырысуымыз керек. Төмендегідей жаттығулардың балада математикалық сауаттылық қалыптастыруда көмегі болады деген ойдамын.

1) Математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу оқушыны математикалық сөйлем құруға үйрету. Оның ішінде жай және логикалық байланыстағы күрделі сөйлемдер.

2) логикалық байланыспен берілген пікірлердің ақиқат, жалғандығын сараптай алуға.

3) қорытынды тұжырым жасауға қажетті және жеткілікті шарттарды бөле алуға

Бұл жаттығулардың оқушылар ашық тесттерге жауап берен кезде пайдасы зор.

4) Салыстыру, анализдеуге, синтездеуге тапсырмалар беру

5) Формулалардың қортылуындағы ұқсас жағдайларды көрстеу

6) Басқа формулалар қорытылып шығарылатын негізгі форсуланы үйрету.



Математикадан 8-9 сынып оқулықтарының мазмұнын іріктеу



Әрбір пән тиісті оқулықпен оқытылатынын ескерсек, білім бастауы оқулық Pisa талаптарына сай болуы үшін өзгерістер енгізу қажет. Біз, терең теориялық білім бере отырып, сол білім деңгейін өзінің өмірінде кездескен мәселелерді шеше алатындай оқытуымыз керек.

8-9 сыныптың оқулылықтарындағы тақырыптарға қосымша төмендегідей есептер енгізуге болады.

9 сынып Алгебра. Геометриялық прогрессия тарауына күрделі процентті есептеу тәсілін. Бұл тақырыпқа мынадай есеп ұсынуға болады.



Мұра

Атасынан немересіне 2 400 000 тенге мұра қалды.




Сұрақ 1. Ол ақшасын жылдық өсімі 12% -тік депозитке салса 7 жылдан кейін қандай ақша ала алады?



Құзыреттілік: талдау

Мазмұны:Сандар

Жағдаят: жеке



8 сынып. Алгебра. Екі айнымалысы теңдеулер жүйесі



Көлік тұрағы

Автотұрақта «Ауди», «Мерседес» маркалы машиналар бар.




Сұрақ 1. Автотұрақта «Ауди» машиналары «Мерседес»қарағанда 46-сы артық болды. «Аудилер» саны «Мерседеске» қарағанда 3 есе көп болса, «Аудилер» саны қанша?



Құзыреттілік: талдау

Мазмұны:Сандар

Жағдаят: жеке









8 сынып. Геометрия. Төртбұрыштың ауданы

Бақша

Самат бақшаға сәбіз бен қызылша екті.















Сұрақ 1. Бақшаның ұзындығы 25 метр, ені 16 метр. 1 кв.м. жерден 5 кг өнім алса, барлық өнім қанша болады?


Құзыреттілік: талдау

Мазмұны: Кеңістік және форма

Жағдаят: жеке


Сұрақ 2. Егер ұзындығын 4,5 метрге қысқартып, енін 5,5 метрге ұзартса, өнімі арта ма, кеми ме?


Құзыреттілік: талдау

Мазмұны: Кеңістік және форма

Жағдаят: жеке



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген

«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»

2. Халықаралық Pisa ұқсас тапсырмалары. Әдістемелік құрал

3. 8 сынып Алгебра. Ә.Н.Шыныбеков. - А, «Атамұра», 2012

4. 9 сынып Алгебра. А.Әбілқасымова ,.... - А, «Мектеп», 2013


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Мурсалимова Маржан Сулейменовна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства