kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?асиетті сандар

Нажмите, чтобы узнать подробности

"М?дени  м?ра  ба?дарламасын іске асыру бойынша ?аза?стан Республикасы президенті Н.?.Назарбаев ?зіні? ба?дарламасында "к?п ?асырлы м?дениетті? тіршілігі топыра?ымен тыныстап жатса, ?ткен тарихи шырынымен ?оректенсе  сонда ?ана ?лтты? жа??ырту орын алады" дей  келе" ?рбір мемлекетті?  ?ркениеттілігі ж?не м?дени м?ра?а деген  к?з?арасын танып -ба?ымдау?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?асиетті сандар »

Мазмұны:


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.1. Сандар тарихы

1.2. Сандар сыр шертеді

1.3. Сандар қасиеті

1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:

Сандар сырының құпиялары

ІІІ. Қорытынды

Ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация

































Кіріспе

«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау». Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз. Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлармен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген.Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиіқолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салтдәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көп киелі сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.

Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.

3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі.

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

Үш тағылым: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайың жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ.

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе.

Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.


Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.

Пифагорлықта үш санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда үш саны есептеудің соңы деп саналады. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан – бақыттың саны. Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім-нанымдарда, ертегілерде үш саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады. Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.

7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы - әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны – «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында. «Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы, ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы, ой-санасы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болады; 2) денсаулық, яғни дененің саулығы. Денің сау болмаса, дүниенің барлығынан не пайда; 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам – ердің жары, балаларының анасы. Халқымыз ежелден «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген; 4) бала. Бала – адам өмірінің жалғасы, қуанышы; 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды; 6) жер. «Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»; 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамның сенімді серігі, қорғаушысы іспетті болған. Ал ислам аңызы бойынша Жеті қазнаға мыналар жатқызылады: 1) Қыдыр (Қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар; 2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді; 3) ақыл. Ақыл – байлық пен бақыттың тірегі; 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді; 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан; 6) тұз. Тұз – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені; 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы.Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отыр. Дегенмен Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі: 1) көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды; 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат – Күннің шуағынан нәр алады; 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады; 4) от. От – Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады; 5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су – жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарларға нәр, көрік береді; 6) Жер. Жер – тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді; 7) ит. Ит – Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жетіқарақшы (лат. Ursa Major) – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы (α және β) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған.

Кемпірқосақ. Табиғаттың осы бір тамаша көрінісінің жеті түрлі паш етуі ерекше назар аудартады. Қазақтар арасындағы ертеден келе жатқан аңыз бойынша, бұл құбылыстың кемпірқосақ болып аталуы, бір қора қойды араластыра байлаған кемпірдің қосағына байланысты» – деген аңызы да жоқ емес.

Жеті қат көк – қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифологиялық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәнге ие бола тұра бүгінгі қазақ тілінде «шықау биік, шексіз аспан» дегенді білдіретін жай ғана астарлы, орнықты сөз тіркесі ретінде сақталып қалған. «Жеті қат көк» ұғымының үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі, мұсылмандық мифологияда аспанның жеті қабаты болып түсіндірілетіндігі. Алла тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: «Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?» (72-сүре, 14-аят), Алла тағала аспанға «айды нұр, күнді шам қылды» (72-сүре, 15-аят) деп айтылады. Екінші кітаби түсіндірме бойынша «Жеті қат көк» дегеніміз – жалпы мұсылмандық астрономиялық танымдағы белгілі жеті жұлдызға байланысты атау. Олар – Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшінші мағынасы ежелгі түркілік мифологиялық түсінікке негізделеді, бірақ ол кейінгі мұсылмандық ұғымдардың астарында қалып қоюына байланысты, толықтай ұмытылып кеткен. Ол түсініктердің қандай сипатта болғандығын басқа мифтік дәстүрдегі, ең алдымен түркі, моңғол мифологиясындағы аспан қабаттары туралы аңыздарға қарап аңдауға болады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз қабатты етіп көрсету жер бетіндегі халықтардың басым көпшілігінің мифологиялық дәстүріне тән.

Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіркеледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таралады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырған. Мұның өзі қазақтардың этнографиялық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түспеуіне себепші болады.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678-1781) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. ХҮІІ ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке-дар билеуге ұмтылушылығы Қазақ хандығының ыдырау қаупін тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салады. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқандәстүрлі әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Ол ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынадай: 1. «Халықтың ханы, сұлтаны, әзіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». 2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». 3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, ат біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады». 4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келсе, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады». 5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына қара құрым іліп, ауылды айналдыру керек». 6. «Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі». 7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.

Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән-жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғарра, Уәки-Күлшаһ; ә) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Баһрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл, Бозжігіт-Анула, Зияда-Хорлы.

Ел ауызанан жеткен аңыз бойынша жеті шелпектің таратылуы былайша сипатталады:

«Ерте заманда бір аңшы жігіт болыпты. Аңшы аң аулаумен айналысып жүргенімен қоймай, таудағы құстардың жұмыртқасын жинап келіп, балаларының таңдайына татыртады екен. Аңшы аң аңлау үшін тау-тасты кезіп, бірнеше күнге кетеді екен. Бір күні ол жол жүрмекке дайындалады. Сол күні аңшы жігіт түс көріп, түсінен үреймен оянады.Аңшы кетіп бара жатып әйеліне жеті шелпек пісіріп таратуды тапсырады. Аңшы жігіт бір сапарында таудағы қыранның  жұмыртқаларын жинап кетсе керек. Қыран аңшының тағы келерін сезгендей, жемшік іздеп кетерінде, жұмыртқаларын тауға тапсырады: «Бөгде біреу ұяма тиісетін болса, хабар бер. Оны кұз қиядан лақтырып, көздерін ойып тастаймын», — дейді. Біршама уақыт өткен соң қыран ұясына айналып келсе, жұмыртқалары жоқ. Қыран қатты налып: «Сендерге забар бер, қорғаныш бол деп тапсырып едім ғой, жұмыртқаларымды тағы кім алған?», — деп сұрайды. Сонда таулар: «Біз хабар жеткізейік, қорғайын-ақ деп едік, бірақ жеті жағымыздан жеті күш қозғалуға мүмкіндік бермей басып тұрды», -деп жауап берді. «Жеті шелпек жеті пәледен қорғайды» деген сөз орамы осыған байланысты айтылған.

"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.

Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

9 саны. Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған ойын болатын.

Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының омонимі – «ұзақ өмір». Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.

40 саны. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.


Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.


Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.


жеті атасын білмеген ұл жетесіз.


Жеті атасын білген ұл

жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.


Жігітке жеті өнер де аз.


Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.


Қарғыс жеті атаға жетеді.


Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.


Кедейдің жеті қаңтары бар.


Жетім бала жеті күлшеге тоймас


Жетімге жеті бидай да тамақ,


Жетімнің қарны жетеу


Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.


Айла алтау, ақыл жетеу.


Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.


Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.


Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.


Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.


Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,


Тойған үйге тоғыз бар,


Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,


Тоғыз қатынның толғағы бір келді,


Тоғыз ат бір қазыққа байланбас


Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.


Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Жақсы кісі қырқында толады,

жаман кісі қырқында солады

Бірінші әйелді құдай қосады,

екіншісін адам қосады,

үшіншісін сайтан қосады.


Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,

жетеумін деме, сегізге жолығасың

Жеті шелпек жеті пәледен құтқарады



Санға қатысты мақал-мәтелдер

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.


Семіздің аяғы – сегіз.


Алпыстағы атаңды жыққанша,

Алтыдағы атанды жық.


Он екі айда он үш той.


Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.


Алты бала таппай ана аталмайды,

Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.


Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.


Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.


Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.


жеті атасын білмеген ұл жетесіз.


Жеті атасын білген ұл

жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.


Жігітке жеті өнер де аз.


Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.


Қарғыс жеті атаға жетеді.


Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.


Кедейдің жеті қаңтары бар.


Жетім бала жеті күлшеге тоймас


Жетімге жеті бидай да тамақ,


Жетімнің қарны жетеу


Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.


Айла алтау, ақыл жетеу.


Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.


Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.


Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.


Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.


Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.


Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,


Тойған үйге тоғыз бар,


Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,


Тоғыз қатынның толғағы бір келді,


Тоғыз ат бір қазыққа байланбас


Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.


Бір ит көріп үреді,

Екі ит еріп үреді.


Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.


Елуінде – ер дана,

Елуінде – ел жаңа.


Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз руға тарайды.


Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.


Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.


Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.


Бір жылға қоян терісі де шыдайды.


Аларманға алтау аз,

Берерменге бесеу көп.


Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.


Бас екеу болмай, мал екеу болмас.


Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

Мың қайғы бір борышты өтемейді.


Жақсы кісі қырқында толады,

жаман кісі қырқында солады


Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.


Жүз дімкеске бір лепес.


Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.


Біреу тойып секіреді,

біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.


Аласыға алтау аз,

бересіге бесеу көп.


Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

алтау ала болса, ауыздағы кетеді.


Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,

жетеумін деме, сегізге жолығасың.


Шындық – сегіз, бақыт егіз,


Ер- егіз, еңбек- жалғыз,


Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,

Еңбек пен бақыт – егіз


Құтты қонақ келсе, қой егіз табады


Қорқаққа қос көрінер,


Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,


Бір жебемен қос нысана оққа ұшты

Жеті шелпек жеті пәледен құтқарады

 

4. Қорытынды

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын,өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген .Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу.Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынадай жұмыс жүргіздім.

1- жұмыс. Сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандар санаулы екен.Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырып, түсінік бердім.Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.

2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім.қорытындысы бойынша

Қатысқан 5 «А» сыныбы қатысқаны 27 оқушы.


Практикалық кезең


Сауалнама

1.Қасиетті сандар туралы не білесің бе?

а)ия ә) жоқ

2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?

а) ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерінен

3.қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің?

а ) ия ә) жоқ

4. қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

а) ия ә) жоқ

Сауалнама қорытындысы:

1. иә - 27 оқушы

2. ата-анадан – 10 оқушы

мұғаліммен – 17 оқушы


3. Иә - 10 оқушы

Жоқ – 17 оқушы


4. «7 саны» - 20 оқушы

«3 саны» - 20 оқушы

«40» саны» - 20 оқушы


Сауалнама: Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың хабары бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты.

Ал балардың білетін қасиетті сандары 7, 4, 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді



Ұсыныстар:


  1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса;

  2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;

  3. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құпиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.

  4. Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.

  2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.

  3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.

  4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001.


Аннотация


«Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасаған.

Аннотация


Уделяя особое внимание истории возникновения цифр, их первоначальное употребление, юный исследователь в своём научном исследовании «Тайна чисел» сумел раскрыть принципиальные особенности применения чисел у тюркского народа, в том числе и казахского. В ходе исследований выразил свой взгляд, внёс позитивные предложения. В работе был проведён сравнительный анализ широкого применения чисел в быту и научных предположений. Работа была выполнена в большом объёме.


Annotation


This science work is called «The secret of of number». The young researcher have found a lot of materials about became history of numbers and has searched the mean of kazakh numbers. The young researcher has found the secret of numbers and how use in kazakh peoples' life and has searched for science numbers.



15



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?асиетті сандар

Автор: Бекмуратова Сагила Куанишовна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170772

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Конспект урока "?асиетті сандар" "
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt-uroka-k-asiietti-sandar"
    ["file_id"] => string(6) "180441"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425197009"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? ??ымында?ы ?асиетті сандар сыры"
    ["seo_title"] => string(34) "kazakugymyndagykasiiettisandarsyry"
    ["file_id"] => string(6) "333928"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465551045"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?асиетті сандар сыры"
    ["seo_title"] => string(19) "kasiiettisandarsyry"
    ["file_id"] => string(6) "333930"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465551337"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Сандар сыры" ?ылыми ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(27) "sandar-syry-g-ylymi-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "151109"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420636888"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Сандар ??пиясы"(интеллектуалды? ойын)"
    ["seo_title"] => string(35) "sandarkupiiasyintielliektualdykoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "329535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463947850"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства