?стазды? басты ма?саты- о?ушылар?а сапалы білім мен саналы т?рбие беру, оларды? заман талабына сай ?алыптасуына ы?пал ету. Тектілік пен дарындылы? ата-бабаларымызды? бойына туа біткен ерекше ?асиет екені ?рбір ?аза??а белгілі. Жазу-сызуы дамыма?ан заманда да б?кіл ?нерді бір ?зіні? т?ла бойына жина?ан дара т?л?аларымыз аз бол?ан жо?. Демек, ?р баланы? бойында сол асыл ?асиеттерді? са?талмауы м?мкін емес.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«МАТЕМАТИКА П?НІНЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ »
ШҚО, Семей қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Жунусова Айсылу Ахмеджановна, математика пәні мұғалімі
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ұстаздың басты мақсаты- оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың заман талабына сай қалыптасуына ықпал ету. Тектілік пен дарындылық ата-бабаларымыздың бойына туа біткен ерекше қасиет екені әрбір қазаққа белгілі. Жазу-сызуы дамымаған заманда да бүкіл өнерді бір өзінің тұла бойына жинаған дара тұлғаларымыз аз болған жоқ. Демек, әр баланың бойында сол асыл қасиеттердің сақталмауы мүмкін емес.
Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
Өзіміз оқып танысып жүрген технологиялар арасында осы талаптарға қол жеткізуге мүмкіндігі бар деген бірнеше жаңа әдістерді математика пәнінде қолданып жүрмін. Сол технологиялардың ішінен М. М. Жанпейісованың «модульдік оқыту технологиясын» атап өтуге болады. Модульдік оқыту технологиясы тиімділігі - балаға тұлға деп қарап, оның білім алу арқылы дамуын қарастырады, тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға, оның қауіпсіздігін, шығармашылық ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар.Олар: «Ұжымдық оқыту», «Ой толғау», «Кубизм», «Топтастыру» әдісі. Қазіргі таңда пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану қажет. Компьютердің ролі үлкен, ол күрделі математика ғылымын барынша қолжетімді етіп береді.Бұл жаңалыққа талпыныс сезімдері оқу, оқытуға қызығушылықтарын арттырады.
Оқушылар бойына іске деген шығармашылық көзқарасты дамытудың маңызды құралы зерттеу элементі қарастырылған есептер шығарту, шығарым тапсырмалар орындау, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.
ҰБТ – ге дайындықтың бір тәсілі:
Жалпы білім беретін мектеп бітіруші түлектерін ҰБТ арқылы аттестациялау және оларды жоғары оқу орынына түсуге дайындау пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді. Соңғы жылдары математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі төмендеп кеткені байқалады. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Пәнді оқытудың жаңа әдістерін тиімді тәсілдерін іздеуге итермелейді. ҰБТ тапсырған оқушылардың нәтижелерінде математика пәнінен жіберілетін қателіктеріне көңіл аударып, талдаулар жасап және олардың себептеріне тоқталайық: *Формулаларды есеп шығаруда дұрыс қолдана алмауы. *Тапсырманың берілгенін дұрыс түсініп, оқылуына көңіл бөлмеуі. *Математиканың бір бөлімінен алған білімдерін басқа бөлімдерімен дұрыс байланыстыра алмауы. *Математикадан алған білімдерін есептер шығарғанда қолдана алмауы.
*Уақытты тиімді пайдалана алмауы. ҰБТ нәтижесі бойынша мониторинг жүргізіп отыру қажет. Оқушының тесттілеу нәтижесін талдап, қатемен жұмыс істеу және сол қателіктердің орнын әр оқушының деңгейіне байланысты қосымша жұмыстар міндетті түрде жалғастырылып отырылады. Ата –аналар жиналыстарында олармен таныстырылады. Осылай оқушылармен үзбей дайындықтың өткізу нәтижесінде, оларды белгілі бір нәтижелерге жеткізуге болады.
Шәкіртінің алға қойған мақсатына сәтті жетуі үшін ұстазы үнемі бағыт-бағдар беріп отыруы үлкен көмек болып саналады. Дарынды баланы анықтап, оның бойындағы қабілетінің неге бейім екенін, оны қалай дамытып, қалай жетістіктерге жете алатынына шебер ұстаз ғана жол таба алады.
ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗДІК ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет - балалардың қабілеттерін жан-жақты ашу. Осы себептерге сәйкес математикада, алгебра сабақтарында және геометрия сабақтарында өздік жұмыстарды ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды, өздігінен білім алуға талпынады. Жұмыс нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет. Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйретеді. Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет:
1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек 2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті. 3. Өздік жұмыстар түрлі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек. 4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтық барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек. 6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.
6-сыныпта тақырыпты меңгеруін тексеру барысында карточкалар таратылады, мұндағы тапсырмалар А,В,С деңгейі бойынша қарастырылған, соған сәйкес оқушының деңгейлі тапсырманы өзі таңдауға мүмкіншілігі болады және тиісті бағасын алады.
8-сыныпта «Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары» тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу сабағында квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есеп шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру үшін сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыстар берілді.
Әр мұғалім өз іс-тәжірибесіне орай, әдіс- тәсілдеріне қарай түрлі бағытта шаралар, интелектуалдық ойындар, олимпиада, жарыс түрлерін ұйымдастыра алады. Сонымен бірге, қазіргі техниканың дамыған заманында мұндай шаралар ұйымдастыру тиімді болады және оқушылардың пәнге, жалпы білім алуға деген қызығушылықтарын оятатына кәміл сенеміз. Ал, осындай шаралар кезінде оқушыларға берілген тапсырмалар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, олардың үнемі ізденісте болуына көп әсерін тигізеді. Тапсырмалар пән бойынша, пәнаралық және танымдық деңгейлерін кеңейту бағыттарында берілуі тиіс екені түсінікті.Өйткені шебер ұстаз- өте көреген, өте сезімтал, өте әділ маман. Қазақ деген текті халықтың білімді де дарынды, ұлтжанды азаматын тәрбиелеу, оларды заман талабына сай жан-жақты тұлға етіп дайындау - шебер ұстаздың тынымсыз еңбегінің жемісі.