kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика саба?ында о?ушыларды сын т?р?ысынан ойлау?а жетелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізді?  Т?уелсіз мемлекет ретінде ?алыптасу барысында білім беруді модернизациялау ж?зеге асырып жат?аны белгілі.Осы?ан байланысты ?рт?рл? педагогикалы? технологиялар т?жірбиеге енгізілуде.Т?жірбиені? жа?ашылды?ы компьютерлік технологияны ?олдану ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру, интерактивтік та?таны? м?мкіндіктерн  тиімді пайдаланып, о?ушыларды? ынтасын білімге деген белсенділігін арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика саба?ында о?ушыларды сын т?р?ысынан ойлау?а жетелеу »

Математика сабағында оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелеу

«Мұғалімнің карьерасы: кәсібилік және көшбасшылық»

Бекмуратова Сагила Куанишовна

«№7 орта мектебі» Рудный қаласы

Математика пәні оқытушысы

Ғылым мен еңбек, қиял мен творчества тоғысқанда таланттың дамуына мүмкіндік өлшеусіз мол болады”        А.Петровский


  Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді модернизациялау жүзеге асырылып жатканы белгілі. Осыған байланысты әр түрлі педагогикалық технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Тәжірибенің жаңашылдығы: компьютерлік технологияны колдану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.  

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін  туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, ойды шыңдау. Бұл жоба арқылы оқушылар берілген тақырып мазмұнына сын тұрғысынан қарап өзіне қажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез-келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшелігі сол, онда оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады, оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Мұғалім оқушыны білім алуға бағытталған іс-әрекетін бақылай алады, бағыт-бағдар береді. Оқушылар жаңа сабақты ақпараттарды өз бетімен береді. СТО жобасы бойынша сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуға, ішкі сезімін толғанысқа түсіруге, танымдық өрісін кеңейтуге болады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, оларды өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы.

Әруақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сыни ойлауды дамыту технологиясының  дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі.Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей,оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету,жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастады.Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес,көшбасшылық қасиетімен таныла бастады.Олар топтық жұмыста белсенділік танытып,қасындағы серіктесіне бағыт беріп,кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді.

Математика сабағында оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасынын көтеру мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірін қолданамын. Ол «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы.Дэвид Клустер сыни тұрғыдан ойлау жобасын былай деп анықтайды:

  • СТО-бұл өзіндік, жеке ойлау;

  • СТО-сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;

  • СТО-адам өзіндік шешім табатын және негізделген- мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады.Сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге тырысамын:

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту;

  • Ой-толғанысқа белсенді араласу;

  • Білімді игеруге жауапкешілікті арттыру;

Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолданамын:

«Ассоциация», «Венн диаграммасы», «жұпта, топпен, жеке жұмыс».

Сыни тұрғыда ойлауды дамыту жобасы элементтерін өз тәжірибемде қолдана отырып, мынадай қорытындыға келдім:

    1. Оқытуда білімді өз бетінше іздеу;

    2. Білімді тереңінен ұғыну;

    3. өзінің пікірін жақтай,дәлелдей білу;

    4. теория мен тәжірбиені біріктіру;

    5. жеке,жұпта,топта бірлесіп,жұмыс істей білу;

    6. топ мүшелерінің бір-біріне құрметпен қарау,мәдениетті қарым-қатынас болуы.

Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан,тақырып бойынша материалдардың берілуі осы мақсаттың орындалуына сай келуі керек.Ұстаздың міндеті –баланың бойындағы алға жылжуға деген тілегін ескере отырып,шығармашылығын жетілдіру.

Сонымен сыни тұрғыдан ойлауды қалай анықтауға болады? Менің ұсынатын анықтамам үш пункттен тұрады:

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығымыз өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек.


Сонымен, жекелік (өзіндік) сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы, әрі маңызды сипаты болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ХХІ ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк жоқ болса,ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.

Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады.


Сондықтан сын тұрғысынан ойлау саласында қызмет ететін мұғалімдер шыдамдылық пен басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапаларды өңдеуге ерекше назар аударады. Осылайша мұғалімдер сабақ процесін сынып бөлмесінен тыс жүріп жатқан шындық өмірге едәуір жақындата алады. Кез- келген педагогикалық қызмет идеалды қоғам құруға бағытталады, осы жағынан алғанда сын тұрғысынан ойлау негізінде тәрбиеленіп жатқан мектептегі бір сыныптың өзі үлкен мақсаттарға жетуге жасалған қадам болып табылады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан әртүрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын – мүмкін қате, немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.

Тағы да бір мәселе төңірегінде ойларымды ортаға салып кетсем. Сын тұрғысынан ойлауда оқушылардың белсенділігін арттыратын жұмыстарды қолдану мәнді. Тек белсенді іс-әрекеттер арқылы ғана олар үйрене алатындығы да баршамызға белгілі. Сайып келгенде, менің сабақтағы мақсатым: оқушыларды қызу жұмысқа тарту, сонда ғана мен нәтижеге жете аламын. Және де қарқынды жұмыс кезінде сабаққа қатысушылардың бір-біріне деген ерекше ықыласы пайда болатыны сөзсіз, ал онсыз сабақтың мақсатына жетуі екіталай емес пе?! Оқушылар өздерінің іс-әрекеттері мен ойларын сыныптас жолдастары және мұғалімнің көтеріңкі түрде бағалайтынын білгенде, басқалардың идеяларына, сенімдеріне құрметпен қарайтынына сенгенде, олар оқуға үлкен жауапкершілікпен, қарайтындығына да көзім жетті.

Белсенділіктің қайнар көзі – ынта мен қызығушылық. Қызығушылығымыз артып, бұл мәселені пән мұғалімдерімен тікелей байланыста отырып зерттегенімізде, СО стратегиялары мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің, психологиялық-педагогикалық дайындығының дамуына үлкен ықпал ететіндігін байқадық. Оған себеп, біріншіден:

  • Мұғалім мен оқушы арасында тұлғааралық қатынас қалыптасады;

  • Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлескен жұмыс әдісі қалыптасады;

  • Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды;

  • Оқушылардың өз бетінше ізденісіне жағымды мотивация қалыптастырады;

Демек, сабақтың өн бойында, сабақтан тыс кезеңде оқушылардың іс-әрекеті басым. Бұл мұғалімнің әдістемелік қызметіндегі басты жетістік еді.

Екіншіден, мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметтегі кәсіби өсуіне ықпал етуі.
Шығыста керемет даналық сөз бар: «Маған айтсаң, ұмытып қаламын. Көрсетсең есімде қалар. Өзіме жасатсаң, үйреніп алармын». Ал, СО бағдарламасының құрылымын үйрету, үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұрады.
Мектептегі пәндердің ішінде математика «қиын пән» деген түсінік бар. Көптеген пән мұғалімдері бұл пікірмен келіспейді, жоққа шығару,яғни басқалар ойлағандай аса қиындық жоқ екенін дәлелдеу ол үшін проблема. Менің ойымша, айтылған пікірдің қалыптасуына пәнді оқытудың әдістемесіндегі қалыптасқан дәстүрлі жолдар негіз сияқты. Себебі, жоғарыда айтылған оқытудың мақсаты орындалуы үшін өзіне сенімді жеке тұлға, үнемі ізденімпаз, нақты сұрақ қоя алатын, сонымен бірге сұраққа ұтымды жауап бере алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын болуы шарт.
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын оятуда сабақтағы оқушы жұмыстарының әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болады.Дегенмен, сабақ мазмұнын таңдап алу мен оны ұйымдастырудың өзі мұғалімге оңайға түспейді. Әйтсе де, басқа жағынан алғанда математиканы үйрену процесінің өзі-ақ логикалық, дәлелді түрде ойлауға алып келеді, тіпті, қиындық болмауы керек делінуі де мүмкін.
Егер мұғалім математикалық білім берумен қатар бір мезгілде түрлі ойлау құралдарын қалай қолдану керектігін үйрететін болса, оқушылар ойлары дамуының бірнеше есеге жылдамдап, нығая түсетіндігі анық. Шын мәнінде оқушының ойлау қабілеті анализ бен синтез жасауында,қорытындылау мен нақтылай білуінде көрінеді, басқаша айтқанда ойлау қабілеті әрекеттерінің түрлі құралдарын өмірдің кез-келген жағдайындағы үйретілген материалға, есепті шығаруға қолдана білуінен байқалады.
Мен сыни ойлаудың дамуына ерекше көңіл бөле отырып, өз сабақтарымда әрқашан ойлаудың басқа да екі түрін атап өтіп, бақылау жасайтын болдым.


Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту,

Ой-толғанысқа белсенді араласу, алған білімге жауапкершілікті мойынға алу, жеке пікірлерін қалыптастырып, басқаның ойына құрметпен қарау;

Сабақта білім беру кезінде шешім қабылдауға алып келетін фазалық құрылым бойынша құру.

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының әдістемесін математика пәнінде қолдану тәжірибесі мұндай сабақтардағы оқушылардың үйретілген материалға неғұрлым белсенді қатысатындықтары мен жұмыс түрінің әрбір оқушының сабақта өздерін ыңғайлы сезіндіретіндігі мен айшықталатындығын көрсетті.Осындай бұйрықсыз ,шығармашылықты,динамикалық жағдайда материал тез миға кіретін тәрізді.Мұндай сабақтарда әрқашан өзара түсіністік пен қолдаушылық және шығармашылықты ізденімпаздық бірінші орында тұрады.Сонымен қатар сыни ойлау әдістері қолданылған сабақтарда мұғалімдерде әрбір оқушыны жекелей саралауға мүмкіндігі туады.Бұл мұғалімнің барлық оқушыны қызықтыруына жол ашады.

Математиканы үйрену тек сабақ уақытымен ғана шектеліп қалмайды.Өздеріне тақырып таңдап алғаннан кейін оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Математика өзі дәл ғылым, оны меңгеру үшін еңбектену, іздену керек. Математикалық тұжырымдар айқын және нақты дәлелденеді, анықтамаларда артық сөз болмайды. Кез келген математикалық ұғым, математикалық тұжырым тұрақты,өзгермейді. Сонымен математика мазмұнының өзі адамды шыншылдыққа,дәлдікке, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Сондай –ақ « Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасын сабақ барысында қолдана бастағанда, оқушыларымды жақын тани бастадым, сонымен қатар өзімнің кәсіби өсуімдегі проблемаларды анықтауға бағыт ала бастадым.

СТО бағдарламасындағы топтық жұмыстың ерекшелігі:

  1. Топтық жұмыс нағыз өз бетінше үйренушілер ортасын құрады;

  2. Балалар өздері бәрінің бірдей екенін ұғады;

  3. Мұғаліммен де еркін сөйлесіп, сыныптағы оқушылардан жасқанбайтын болды:

  4. Көптің пікірін тыңдап сыйлайды;

  5. Ешбір қорқынышсыз отырады, жүздерінде қуаныш пайда болады;

  6. Оқушылар бір-біріне кешіріммен, мейіріммен қарайды;

  7. Қарым-қатынас мәдениеті де жетіледі.

Қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Математика және логика №2 2013ж

2.Білімдегі жаңалықтар ақпаратты-әдістемелік журнал №2,3,4 2011

3. Қазақстан республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2004-46 б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Математика саба?ында о?ушыларды сын т?р?ысынан ойлау?а жетелеу

Автор: Бекмуратова Сагила Куанишовна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170754


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства