kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика саба?тарында интерактивті та?таны ?олдануды? тиімділігі" ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі та?да еліміздегі білім беру ж?йесіні? е? басты міндеті – білім беруді? ?лтты? моделіне ?ту ар?ылы жас ?рпа?ты? білім де?гейін халы?аралы? д?режеге жетелеу.

Ата?ты педагог-?алым В.А.Сухомлинский «М??алімдік маманды? — б?л адамтану, адамны? к?рделі ж?не ?ызы?ты, шым-шытыры?ы мол жан д?ниесіне ??іле білу. Педагогикалы? шеберлік пен педагогикалы? ?нер- ол даналы?ты ж?рекпен ??а білу болып табылады»-деп ?стазды? ?нерге ерекше ба?а берсе, Ы.Алтынсарин «Ма?ан жа?сы м??алім б?рінен ?ымбат, ?йткені м??алім мектепті? ж?регі” деген екен. Демек, ?азір о?у ?рдісі алдында?ы басты міндеттерді шешуде м??алімні? к?сіптік білімі, м?дениеті жо?ары болуы шарт. М??алімні? ?стазды? т?л?асын ?з д?режесінде ?алыптастыру ?шін т?мендегідей міндет артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика саба?тарында интерактивті та?таны ?олдануды? тиімділігі" ма?ала »

Есебаева Агланур Даирмановна, математика пәнінің мұғалімі

Түйін
Мақалада математика сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі туралы жазылған.

Резюме
В статье рассмотрены вопросы, связанные с использованием интерактивной доски на уроках математики.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір оқу үрдісі алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру үшін төмендегідей міндет артады.

-Біріншіден білім беру сапасын жүйелі арттыру тәсілдерін меңгерту.

-Екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі өмірде белсенді әрекетке дайын оқушы дайындаудың сапасын арттыру мен оның мәдениет деңгейін көтеру.

Сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі мұғалімнің біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Оқушылардың білімін байыту олардың пәнге деген сүйіспеншілігін тудыру, дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бағалап отыру қажет.

Оқушылардың өз бетінше ойлай білу есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі.

ІІ. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

ІІІ. Қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын дидақтикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, олимпиадалар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген сабақтар.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз етуі керек. Компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Әр оқушы өзі еңбек етеді. Оқушы мен оқытушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының психикасы мен ойлау қаблетіне де игі әсер етеді.

Қазіргі таңда көптеген оқу орындарында интерактивті тақталар жүйесі жұмыс істейді. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе болып табылады. Оқытушылар жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды пайдалану мен қатар оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдануда.

Интерактивті экран арқылы оқушыларға түрлі графиктер, суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып, көрсетуге болады. Осы интерактивті тақтамен жұмыс жасау барысында кеңінен енгізілген қарапайым электрондық оқулыққа қарағанда интерактивті тақтаның интерактивті панелі арқылы оқыту тиімді әрі әсерлі.

Интерактивті тақтада алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Сіздердің назарларыңызға математика пәнінен «Күрделі функцияның туындысы» тақырыбы бойынша интерактивті тақтаны пайдаланып өткізген сабақтың әзірлемесін ұсынамын.

Күрделі функцияның туындысы бойынша жаңа тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, сабақты бекіту мақсатында «Қазына іздеуге саяхат» атты ойыны ойналады. Ойынның шарты бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазынаны табады. Сабақта ойын технологиясын қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратыны белгілі, ал осы ойынды интерактивті тақтаның көмегімен өткізу оқытушыға сабақты жоғарғы дәрежеде жүргізуге үлкен мүмкіндік береді.

Төменде сіздердің назарларыңызға осы сабақ барысында өткен «Қазына іздеуге саяхат» ойынын ұсынамын. (1-сурет)

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгін жай ғана кездейсоқтықпа немесе өмірдің сәтті кезеңдерінің бірі ме мен қазына жасырылған аралдың картасын тауып алдым. Сіздер білесіздер қазынаны іздеу өте қауіпті, әрі жалғыз адамның қолынан келмейді, сондықтан мен сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Біз барлығымыз бірге жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, сол аралды табамыз деп сенемін.

Картада көрсетілген аралға жүзіп келіп: “ … жүр” – деген жазуы бар тоғайға кездестік. Қай жаққа қарай жүру керегін білу үшін келесі тапсырмаларды орындау керек. (2-сурет)

Жауабы: Тура

Ал енді тура қанша метр жүру керек екендігін анықтау үшін келесі есепті шығарамыз. (3-сурет)

Жауабы: 56 м.

Тура қарай 56 метр жүріп, біз үлкен үңгірге келдік. Үңгірдің алдында үлкен тас жатыр екен, ал тастың үстінде: “итерсең астында қазынасы бар сандықты табасың” деген жазу жазылған. Біз тасты бәріміз жабылып итеріп, сандықты алдық, Сандық жабулы, қақпағында “… қазынадан да жоғары” деген жазу бар. Сандықты ашу үшін жасырын сөзді табу керек, ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз. (4-сурет)

Жауабы: Білім.

Сандық ашылды. Сандықты ашып, ішіндегі сыйлықтарды топ оқушыларының жинаған ұпайларына байланысты бөліп беремін.

Баланың бойындағы дарындылыққа бастар қабілеттерді оятуға, талантының гүл жарып өсуіне қалтықсыз еңбек етер тәрбиелеуші ұстаздар болса, елдің өсуі де, ұрпақтың өркендеп қарышты қанат самғауы да болмақ. Ол үшін Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткеніндей, ең алдымен Ұстаз мәртебесі, Ұстаз беделі артуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып, 2006 ж.

2. Апанасов П.Т. “Сборник задач по математике”, 1987 г.

3. Богомолов Н.В. “Практические занятия по математике”, 1990 г.

4. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий» М, 1989 г.

Қосымша әдебиеттер:

5. «Математика және физика» журналы. №4, 2006 ж.

6. «Математика Қазақстан мектебінде» №1 2006ж, № 4 2008ж, №1 2010ж.

7. «Информатика негіздері» журналы. №6, 2008 ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Математика саба?тарында интерактивті та?таны ?олдануды? тиімділігі" ма?ала

Автор: Есебаева Агланур Даирмановна

Дата: 06.03.2015

Номер свидетельства: 182963


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства