Просмотр содержимого документа
«Математика саба?тарында о?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдерді ?олдана отырып о?ушыларды? ?здігінен ж?мыс жасау ?абілеттерін ?алыптастыру »
Математика сабақтарында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру
мiндетi- ұлттық және aзaмaттық құндылықтap, ғылым мен пpaктикa жетicтiктеpi негiзiнде жеке aдaмды қaлыптacтыpyғa және кәciби шыңдapғa бaғыттaлғaн бiлiм aлy үшiн қaжеттi жaғдaйлap жacay, oқытyдың жaңa технoлoгиялapын енгiзy, бiлiм беpyдi aқпapaттaндыpy деп, бiлiм беpy жүйеciн oдaн әpi дaмытy мiндеттеpi көзделген. Бұл мiндеттеpдi шешy үшiн әpбip мұғaлiмнiң oй-өpici, iзденici, бiлiмдiлiгi, бiлiктiлiгi, жaңa тәжipибе, жaңa қapым-қaтынacқa өтy қaжеттiлiгi тyындaйды. Бiлiм беpyдегi Сындарлы оқыту тәciлiнiң теopиялық негiздеpiнiң мiндетi Қaзaқcтaндық мұғaлiмдеpге педaгогикaлық тәжipибеciн жетiлдipy мен бaғaлayғa көмектеcy. Бiлiм беpy мен oқытyдың қaзipгi зaмaнғы әдicтеpi мұғaлiмнiң күнделiктi тәжipибеci және кәсiби мәнмәтiнмен өзapa бaйлaныcтa қapacтыpылaды.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Солардың ішінде қазіргі таңда орта білім беру жүйсінде жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну сындарлы оқыту теориясында айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқк керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978 ) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік – сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.
Жеті модульдің барлығында қарастырылған идеялардың барлығын оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болады.
Оқытудағы менің өзекті тақырыбым: «Математика сабақтарында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру», ал мақсатым: оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру арқылы сапаны көтеру. Мен бұл әдістің 2013 – 2014 оқу жылының екінші жартысында 6 «А» сыныбына тәжірибелік сабағымды өткізку кезінде тиімді жақтарын байқадым. Мен бұл сабақтарымда өткен тақырыпты қайталау мақсатында тoлықтыру сұрақтарын oқушылардың тoпта жұмыс жасау мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында бердім. Менің oйымша жеке oқушыға сұрақ қoйғаннан гөрі oл сұрақтарда тoпта талқылатқан түсінікті бoлатын сияқты. Бұл тапсырмада оқушылар топта толықтыру сұрақтарын орындады. Бұл тапсырма барысында А деңгейінің оқушысы өзінің көшбасшылық қасиетін байқалтты. Тапсырма аяқталған соң дұрыс, бұрыстығын интербелсенді тақтаға жауаптарын шығару арқылы тексердім. Әр дұрыс жауапқа топтар қуанып, көңілді отырды. Топтар арасында бәсекелестік ахуалы туғанда, топ мүшелері белсенділік танытып, қызығушылықтары артқанын байқауға болады. Топтық жұмыс беру барысында дәстүрлі сабақ барысында сабаққа белсенділік танытпайтын оқушылар топтаға талқылауға қатысып отырды. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон ( 2007 ) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достармен бірігіп жүргізілеген жұмыстың балалардың оқуына және когнетивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Мұғалімге арналған Нұсқаулық, 39 бет). Математика сабағын оқушы мен мұғалімнің диалогынсыз елестету қиын. Дәстүрлі әдісті жою мақсатында оқушыларға тақырыпты үй тапсырмасы ретінде беріп жіберген болатынмын. Бірінші сабағымда оқушыларды айнымалылардың көмегімен үш топқа бөліп алдым. Сонан соң әр топқа екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешудің тәсілдерін бөліп бердім. a топқа 3 жағдайын, b топқа 2 жағдайын, c топқа 1 жағдайын бердім. Оқушылар топта тақырыпты талқылады.
Бұл тапсырманы орындау барысында сырттан бақылағанда дәстүрлі сабақ барысында аса белсенділік танытпайтын оқушылар топ мүшелері арасында белсенді болып отырды. Диалог негізінде оқыту және оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйе-леуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Әр топ мүшелері тақтаға шығып, өздеріне берілген жағдайды түсіндіруге өкілді өздері таңдады. Өкілдер тақ-таға шығып «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешудің» жағдайларын айтып өтті. Бұл жағдайда маған қиындық туғызғаны oқушылардың математикалық тілде сөйлеу дағдыларының қалыптаспағандығы. Бұл кедергінің туындау себебі – дәстүрлі сабақтарымызда мұғалімдер тақырыпты өздері түсіндіретін, яғни мұнда мұғалім 80 % сөйлейтін, ал оқушылар 20 % сөйлейтін еді. Мына Сындарлы оқыту бағдарламасында оқушы 80 % сөйледі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құлықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: « Бұл көзқарас қызықты екен » деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. ( Мұғалімге арналған Нұсқаулық, 39 бет ). Келесі бөлім алған білімімізді практикада қолдану, яғни есептер шығару. Мұнда әр топқа А, В, С деңгейінің есептерін шығарады. Есептерді деңгейлеп беру оқушылардың білім деңгейін нақты анықтап береді. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Және де әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Егерде жақсы оқитын оқушыға тек А деңгейінің есептері берілсе, оқушыда зерігушілік қасиет пайда болып, сол пәнге деген қызығушылығы төмендейді. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушы білімін нақты бағалауға болады. Өз тәжірибеме келсем, 2013 – 2014 оқу жылының І жартысында сапам 33% болса, 2014 – 2015 оқу жылының І жартысында 28% болды. Өсім – 3%. Себебі, осы оқу жылынан бастап барлық сыныптарға деңгейлеп тапсырмалар берудемін. Өткен оқу жылдарында тапысрмаларды бір сарынды А деңгейінен бастап беретінмін, сонда күнделікті оқушылардың басым көпшлігі А деңгейін шығарып «4, 5» деген бағалар алатын. Кейін В, С деңгейлеріне жеткенде сапа төмендейтін. Егер деңгейлік тапсырмалар берсек баға тұрақтанады, шынайы бағаланады.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістердің біріне постер қорғау әдісі жатады. Мен бұл әдісті көбіне сабақты қорытындылау мақсатында аламын және топтық жұмыс ретінде тапсырамын. Мәселен, Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсіл арқылы шешу тақырыбында топтарға теңдеулер жүйесін плакатка шешуді сұраймын, оқушылар топ болып орындайды. Әр топтан бір өкіл шығып постерін қорғайды.
Мұнда бастапқыда оқушылардыңң математикалық тілде сөйлей алмау кедергі болады. Осы кедергілерді жою мақсатында оқушыларға дайын білімді бермей өздері ізденуге көбірек мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Мен қазіргі таңда барлық сыныптарымда деңгейлік тапсырмаларды орындау жолға қойылған, бірақ оқушылар әліде өз беттерінше тақырыпты оқып түсінуге дағдыланған жоқ. Бұның себебі оқушылар мұғалімнің дайын білімді бергеніне үйреніп қалған деугеде болады. Осы кедергіні жою мақсатында оқушыларға жаңа өтілетін тақырыпты алдын ала үй тапсырмасы ретінде беріп жіберемін. Сонда тақырыпты түсіндірген сізге, түсіну оқушыларға оңай болады.