kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика п?нін о?ытуда к?рнекілікті? тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?рбір о?ушы?а жан-жа?ты білім беру - ?р ?стазды? е? негізгі міндеті. Ал мектеп о?ушыларыны?  к?пшілігі математика п?нін  ме?геруде к?птеген  ?иыншылы?тарды кездестіреді. ?айсы бір о?ушы болмасын  онымен осы  п?н туралы  с?з ?оз?аса?, оны? д?рыс т?сіне алмай ж?ргеніне, о?ан деген ??штарлы?ыны?  жо?ты?ына к?з жеткізуге болады. Ал о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын  арттыру  м??алімні? шеберлігіне байланысты. М??алім ?ай ?дісті пайдаланса да, о?ушыларды? ойлау ?абілетін, ой - ?рісін, сана - сезімін жан-жа?ты дамыту керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика п?нін о?ытуда к?рнекілікті? тиімділігі»

Баяндама. «Математика пәнін оқытуда көрнекіліктің тиімділігі.»

Әрбір оқушыға жан-жақты білім беру - әр ұстаздың ең негізгі міндеті. Ал мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарды кездестіреді. Қайсы бір оқушы болмасын онымен осы пән туралы сөз қозғасаң , оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне , оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Ал оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім қай әдісті пайдаланса да, оқушылардың ойлау қабілетін, ой - өрісін, сана - сезімін жан-жақты дамыту керек.

1.Көрнекілік деген не ?

2.Көрнекілік түрлерін зерттеп, олардың сипаттамасын беру.

3. Сабақ үрдісінде көрнекіліктерді дұрыс пайдалана білу жолдарын анықтау және ерекшеліктеріне тоқталу.

4. Өз тәжірибемнен жас ұстаздарға көмек болатын әдістеріммен бөлісу. Сан алуан әдістердің ішінен оқушылардың байқау - көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеру - көрнекілікті шебер қолдану. Я.А. Коменский (1542-1690) көрнекілікті сезімдік таныммен байланыстырды, ал бақылауды кез-келген білімді игерудің негізі деп санады. Ал одан кейінірек И.Г. Песталоции (1746-1827) бақылау - абстрактілік ойлау дамуының бірінші қадамы ғана деп түйді.

Ұстаз еңбегі - шығармашылық еңбек. Өйткені ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп, түрлі әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді. Оқушыға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт бағдар беру керек. Мектепте математика пәні - оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек». -, деп көрнекіліктерді пайдаланудың маңыздылығын айқындап берген.

Математика сабақтарында басым қолданылатын көрнекілік түрлері»:

- демонстрациялық көрнекілік құралдар;

- кестелер;

- өлшеу құралдары;

- кеңістік фигуралар моделдері;

- дидактикалық материалдар;

- иллюстрациялар.

Техникалық көрнекілік:

а) кодоскоп;

б) графопроектор;

в!компьютер(электрондық оқулық)

г) интерактивтік тақта.

* Демонстрациялық көрнекіліктерге суреттер, кестелер,оқушыларға таныс заттарды бейнелейтін суреттер жатады.

* Кестелер . Кесте деп белгілі бір тәртіппен орналасқан сандық немесе мәтін түрінде жазылған мәліметтерді айтамыз. Қолдануға ыңғайлы болсын деген мақсатпен кестелер үлкен қағазға жазылады.

* Өлшеу құралдары оқыту үрдісінде практикалық есептер шығаруда, геометрия сабақтарында фигуралар қасиеттерін зерттеуге арналған жұмыстарда қолданылады. Математика курсында қолданылатын өлшеу құралдары: сызғыш, әр түрлі үшбұрыштар, сызғыш, рулетка, циркуль.

* Иллюстрациялар дегеніміз – Оқулықтағы суреттер, әртүрлі суреттер,әртүрлі сызбалар.

* Дидактикалық материалдар. Математикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін , есептеу, өлшеу, графикалық дағдыларын жетілдіру үшін дидактикалық материалдар қолдану қажет. Дидактикалық материал дегеніміз - оқушының өздігінен жұмыс істеуге арналған оқу құралы. Математика пәні бойынша дидактикалық материалдарды : а) пәндік дидактикалық материалдар; ә) математикалық тапсырмалар жазылған карточкалар деп бөлуге болады. Соңғы жылдары кеңінен қолданыс алып отырғаны - компьютерлік оқыту әдістері. Бұл әдістердің маңыздылығы - оқыту барысындағы ерекшелігінің арқасында көп мақсаттарға жетуге болады: оқушыларды жаңа математикалық ұғымдармен таныстыруға, оқушылардың танымдылық қабілеттерін арттыруға, сабаққа енгізілген ұғымдарды теориялық материалды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.Математиканы оқыту барысында қазіргі заманға сай информатизация үрдісі - Интернет, қашықтықтан оқыту қолданыс алу керек. Болашақ жастар жаңа ортада өмір сүріп, жұмыс істеуге үйренуі тиіс.

Математика сабақтарында компьютерді қолданудың тиімділігі:

  • Ауызша жаттығулар орындау барысында (тапсырма тез беріледі және жауаптарын түзетуге мүмкіндік мол ).

  • Жаңа тақырыпты оқыту барысында;

  • Фронтальді өздік жұмыс жүргізу барысында;

  • Оқытуға арналған есептер шығаруда;

  • Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында;

  • Математика – жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген кезінде

Компьютердің көмегімен сабақтар өткізу барысында

  • Деңгейлік оқыту жеңіл жүзеге асады;

  • Әрбір оқушы өз деңгейі бойынша жұмыс істегендіктен, жұмыс істеу үрдісінің сапасы артады;

  • Оқушы орындайтын тапсырмалар саны көбейеді;

  • Оқушы жіберген қатені түзетіп, меңгерілмеген тақырыпқа қайта оралу мүмкіндігі бар;

  • Қоушы жұмысы бірден бағаланады.

  • Мұғалім оқушының жұмысын тексеруге аз уақыт жібереді.

  • Көрнекілікті қолдануға арналған ұсыныстар

  • Сабақ - мектеп оқу үрдісін ұйымдастырушы, негізгі форма. Оқыту үрдісінде көрнекілік жаңа тақырыпты түсіндіру барысында қолдану, оқушының алған білім, білік, дағдыларын бекіту, тексеру, белгілі бір қорытынды шығару сияқты қызметтерді атқарады. Көрнекілік түрлері дидактикалық үрдісімен ұштастырыла асырылады.

Оқушыларға есептің шығару жолын іздеуге көмектескен кезде суретін сызба түрінде көрсетіп, есептің шартын, шығару жолын жазуды түсіндіру қажет және көрнекілікті орынды қолдану маңызды. Көрнекілік қолдану барысында тақырыпты меңгеру сапасы көп жағдайда жоғарылайды, себебі жұмысқа көру,есту, сөйлеу қабілеттері қосылады. Сабақта көрнекілікті қолданудың да шешуші маңызы бар.Шектен көп тыс көрнекілік пайдалану арқылы оқушы ойын шашыратып, негізгі білімінен ауытқуын болдырмау жағын ескергені шарт. Көрнекілікті орынсыз және жиі пайдалану барысында оқушылардың абстрактілік ойлауының төмендеуі, кеңістікті елестету арқылы есептер шығару барысында қиындық туу мүмкін.

Көрнекіліктерді қолдануда мынадай талаптарды ескерген жөн:

  • Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек;

  • Эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты да тартымды орындалғаны жөн;

  • Жүйелі, жинақты тұруы тиіс;

  • Тақырыптың мазмұнын аша түсіп, толықтыратындай болуы керек;

  • Көрнекілікті сабақтың мазмұны мен түріне қарай таңдай білуіміз керек.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математика п?нін о?ытуда к?рнекілікті? тиімділігі

Автор: Абилова Мадина Мухамедгалиевна

Дата: 14.05.2016

Номер свидетельства: 326459


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства