kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? функционалды? математикалы? сауаттылы?ын дамыту бойынша баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар арасында?ы функционалды сауаттылы?ты? ?алыптастыруды? жо?ары де?гейі ?о?амда тиімді ?ызмет етуді? ?абілеттілігіне, ?зін-?зі аны?тау?а ба?ыттал?ан ?абілет, ?зін-?зі дамыту?а ж?не ?алыптастыру?а ба?ытталады. Н?тижесінде ?о?ам?а функционалды сауатты, н?тижеге ж?мыс істеуге ж?не ма?ызды жетістіктерге жетуге ?абілетті т?л?а ?ажет. Сонды?тан б?л баяндама PISA халы?аралы? зерттеуін ж?ргізу аясында ?йымдастырыл?ан біліктілікті арттыру курстарыны? ?орытындысын ал?а тартады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? функционалды? математикалы? сауаттылы?ын дамыту бойынша баяндама »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ













баяндама


Тақырыбы:

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында қазақстандық оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту»












Орындаған: №17 орта мектептің

математика пәні мұғалімі Мүсірепова А.З.












Талдықорған қаласы

2014-2015 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе

1.Негізгі бөлім

1.1 Курс тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері

1.2 Математикалық сауаттылықтың рөлі

1.3 Оқыту әдістері

Қорытынды

Анықтамалық әдебиеттер тізімі





































Кіріспе

 Қазақстан дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.

Әлемдік білім кеңістігіне еліміздің енуі мемлекет пен қоғамның талаптарына сәйкес келе жатқан ұрпақты оқытуды «Үздіксіз білім беру» концепциясын іске асыруға септігін тигізетін құзыреттілік қажеттілігін туындатады. 

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.

Отандық мектептегі білім беру жүйесінің мақсаты мен мазмұнын жаңартуының негізін 2009 және 2012 жылдары Қазақстан мүшесі саналған PISA (Programmer for International Student Assessment) халықаралық зерттеулері құрайды.

2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2020 жылы 40-45орын.

1.Негізгі бөлімі

Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.

Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей анықтайды:

1)    Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға бейімделу  оқу сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 5% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 28,6%);

2)    Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);

3)    Әртүрлі ғылыми жаратылыстану ғылымдарындағы түсіндірмелерді біріктіретін, аталмыш түсіндірмелерді өмірлік жағдайларда қолдануға бейімдеу, жаратылыстану ғылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді жұмыс істеу ғылыми жаратылыстану сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 3,6% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%).

Сонымен, Қазақстанның PISA бағдарламасына қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары жоғары деңгейде пәндік білім беріп, бірақ өмірдің түрлі жағдайларында оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндерін көрсетеді. Сонымен, логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздерін қалыптастырудың тиімді әдістерін мұғалімдердің жеткілікті дейгейде білмейтіндері аңғарылады.

1.1 Курс тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері

Курс тақырыбының өзектілігі қазіргі білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді: социум өміріне тиімді түрде қатыса алатын құзыреттіліктердің қалыптасуы, нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды математикалық сауаттылық бағытын қалыптастыру.    

Курс бағдарламасы 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына, 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарына, PISA халықаралық зерттеулерді жүргізу аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту әдістері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасының негізінде құрылған.  

Курстың мақсаты: PISA бағдарламасы тапсырмаларын оқушылардың орындауға дайындықтары мен оларды белсенді оқытудың стратегия негізінде математика мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттіліктерін дамыту. Мақсатты топ қатарына 8 және 9 сыныпта сабақ беруші математика пәнінің мұғалімдері кіреді.

Міндеттері: Теориялық материалды меңгеру; PISA бағдарламасының мақсатын, мазмұнын және құрылымын; PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалар типтерін; Математикалық сауаттылықтың құрылымдық бөліктерін; Элементарлы математиканың сапалы аспектісінің мазмұны мен болмысын анықтау; Тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың бағыттарын тәжірибе барысында меңгеру және қолдана білу; Математикалық сауаттылықты дамыту үшін белсенді стратегияларды меңгеру және қолдана білу; PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларға мысалдарды келтіру дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың құзыреттілігін формативті және суммативті бағалау бойынша стратегияларды қолдана білу.

1.2. Математикалық сауаттылықтың рөлі

PISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған  тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады.

15-жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді.

         Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың  келесі қабiлеттiлiктері жатады:

  • қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу;

  • бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;

  • бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;

  • шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;

  • қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;

  • шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.

PISA зерттеулерiнде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт  және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді:

сандар;

- кеңiстiк және форма;

- өзгерiстер мен қатынастар;

- белгісіздік.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.

1.3 Оқыту әдістері

Белсенді оқыту мен мәселелерді коллаборативті түрде шешу әдістері келесідей: яғни, дәріс-әңгімелесу, «Мен-Сен-Біз», «Алты қалпақ», «Әткеншек», «Сократ семинары», «Мозаика», «Миға шабуыл», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Қар үйіндісі» және басқалары сынды тренингтер арқылы жүзеге асады. 

Қорытынды

Аталмыш курстан сәтті өткен тыңдаушылар белсенді оқытудың стратегияларын қолдануды меңгереді. Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйренеді. PISA бағдарламасының математикалық сауаттылығының элементтерін сараптау және элементтерді жемісті қабылдауға қажетті стратегиялар мен дағдыларды анықтауға бейімделеді. Элементтерді сараптау мен шешу үшін PISA бағдарламасының элементтер құрылымы мен стратегияларын түсінуді жетілдіруге бір табан жақындайды. Оқушылар үшін  PISA  бағдарламасы элементтеріне ұқсас үлгілер құру кәсіби дағдыға айналады.











Анықтамалық әдебиеттер тізімі:

1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011 – 2020 годы. Астана, 2011г.

2. Национальный план действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 . Астана, 2012 г.

3. Обучение тренеров в рамках Программы повышения квалификации педагогических кадров по методам развития функциональной грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA. Рабочая тетрадь участника // NIS- PEARSON.

4. Программа повышения квалификации педагогических кадров по методам развития функциональной грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA. Руководство для тренера // NIS- PEARSON.

5. Программа повышения квалификации педагогических кадров по методам развития функциональной грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA. Рабочая тетрадь учителя // NIS- PEARSON.

6. Заир – Бек С.И.,  Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке: Пособие для учителя. – М.: Просвещение, 2004 – 175с.

7. РамендикД.М.Тренинг личностного роста. – М.: Форум, 2010.

8. Ричардсон Джон«Преврати свою группу в команду»,ToolsforScools9, №2 (ноябрь-декабрь) 2005 г. Интернет-ресурс: http://www.nsdc.org/members/tools 11-05.pdf.

9. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие. – М. Академия, 2003 – 272с

10. Сафир Дж. и Хейли М. «Схемы суммирования: структуры заданий для обеспечения объединения и поддержания нового обучения». Эктон, 1993.

11. Л.В.Виноградова Методика преподавания математики в средней школе.учеб.пособ. Ростов на\Д.:Феникс.2005-252с.

12. С.И.Шварцбурд, О.А.Боковнев Углубленное изучение алгебры и анализа. Пособие для учителей. М., «Просвящение», 2005.

13. Я.И.Груденов Совершенствование методики работы учителя математики. М., «Просвящение», 2004. – 224 с.

14. А.В.Фарков Математические олимпиады в школе 5-11классы-М.Айрис-пресс.2005.-176с.
 Интернет-ресурсы

  1. http: //www. akorda. kz/ru/page/ page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana_14-dekabrja_2012-d-1357813742

  2. http: //www.ruscenter.u/319.html.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?ушыларды? функционалды? математикалы? сауаттылы?ын дамыту бойынша баяндама

Автор: Мусрепова Алма Зарлыхановна

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213674


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства