Просмотр содержимого документа
«О?ушылар?а математиканы? базистік негізін ме?герту жолдары»
Оқушыларға математиканың базистік негізін
меңгерту жолдары.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды
Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.
Білім беруді дамытудың проблемалары – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.
Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызыметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда.
Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде білім беру : пәндік – мазмұндық, мазмұндық – әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек.
Сондай – ақ математикалық білім беру , математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:
- Пән мұғалімінің теориялық әдістерінің жан – жақтылығы
- Мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері, (курстар, семинарлар т.б.)
- Пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой – өрісінің жан – жақтылығы.
Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым: «Оқытудың озық ақапараттық – иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру». Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын:
- толықтығы
- тереңдігі
- жеделдігі
- икемділгі
- нақтылығы
- жалпыланғандығы
- жүйелілігі
- түсініктілігі
- беріктігі
Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының
- есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру
- теорияны білу оны логикамен ұштастыру
- шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру.
- көру, есте сақтау қабілетін дамыту
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
- пәнге деген құзырылылығын арттыруды басты назарда ұстаймын.
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. 5-6-сыныптардағы математика пәні – орта білімнің бастауыш және негізгі деңгейінде оқушыларға математиканы оқытуда сабақтастық пен болашақты қамтамасыз ететін кіріктірілген оқу пәні.
3. Оқыту мақсаты:
оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және ой-өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктігін иелену, ойлаудың математикалық стилін қалыптастыру;
негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізін жасау.
4. Оқыту міндеттері:
рационал сандар және олардың қасиеттері, рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар туралы білімді қалыптастыру; жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін игеруде алдын-ала дайындықты жүзеге асыру;
көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, математика тілінде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктігін қалыптастыру;
тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б.) және математика тілінде сөйлеу қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
оқушылардың тұжырымдарды талдау және дәлелдеу білігін, ойлау қабілетін, әр оқушының математикалық интуициясы мен шығармашылық қасиеттерін дамыту;
өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту; берілген тақырып бойынша оқушыларға өздігінен есептер құрастыру мен оларды шығаруға мүмкіндік беру;
қарым-қатынас мәдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу;
оқушыларды математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру;
математиканы жалпымәдени құндылық ретінде таныстыру, математика қоршаған орта мен өзін-өзі танып білу құралы болатыны туралы түсінікті қалыптастыру.
Осы талаптарды орындау барысында мен тиімді деп тапқан әдіс-тәсілдерді қолданамын. Яғни өз сабақтарымда негізінде Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісін қолданамын.
Топтың аты: _________________________________
Аты – жөні: ______________________________
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. ( 5 ұпай )
1. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз:
ә) б)
2. Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жаз:
а) ә) б)
ІІ деңгей ( 10 ұпай )
1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтір.
а)
2. Жай көбейткіштерге жікте:
628 716
ІІІ деңгей. ( 15 ұпай )
1. 51 мен 68 сандарының ЕКОЕ тап.
51 68
ЕКОЕ ( 51; 68 ) =
2. 84 және 280 сандарының ЕҮОБ тап.
84 280
ЕҮОБ ( 84 ; 280 ) =
3. Теңдеуді шеш: а)
Сонымен қатар өз сабақтарымда кеспе қағаздарын пайдаланып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырамын.