kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орта буын о?ушыларыны? математикалы? ?лгерімін арттыруды? ?р т?рлі т?сілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізді? егемендік алуына байланысты жалпы білім беру ж?йесі айтарлы?тай д?режеде кайта ?аралып,  оны  жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болаша? ко?ам м?шелерінін ?мір с?ріп н?тижелі ?ызмет етуінде математикалы? білімдерді? жасайтын ы?палы мол.

«М??алім к?п ?дісті білуге тырысуы керек. Оны ?зіне с?йеніш, ?ол?абыс н?рсе есебінде ?олдануы керек »,- деп Ахмет Байт?рсынов айт?андай ?азіргі заман талабына сай білім беру м?селесі сол ?о?ам м?ддесіне сай болуы керек. ?з ісіні? щебері ?ана жо?ары жетістіктерге жетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орта буын о?ушыларыны? математикалы? ?лгерімін арттыруды? ?р т?рлі т?сілдері»

Орта буын оқушыларының математикалық үлгерімін арттырудың әр түрлі тәсілдері.

УДК

ӘОЖ: 372.851

Мырзагужинова Жайна Келдигазыевна, Т-213 топ студенті

01030900 Математика мамандығы

Ғылыми жетекші: Ахметжанов А.А

Негізгі кілт сөздер: Білім беру, алгоритм, технология

Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып,  оны  жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді .

Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.

Математикалық іскерліктерді қалыптастыруға арналған есептер. Математикалық іскерлігін қалылтастыру математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі. Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмдерді құру,есептердің қайсыбір толтарыла амалдар қолдану, шығарған есептердің көмегімен игерген әдіс-тәсілдерге практикалық маңыздың іскерліктері шыңдала түседі. Сондықтан есеп шығаруда оңайдан күрделіге, белгілідсн белгісізге принципін сақтай отырып, оқушылардың бұрынғы білімдері мен іскерліктерін пайдаланып, жаңа тақырыпқа байланысты есептердің жан-жақты түсілдірмесін беріп, тақтаға толық жазып шығарған дұрыс. Математикалық машықтарды қалыптастыруға арналған есептер Математикалық машықтар есеп пен жаттығулардын тұтас жүйесін орындау арқылы қалыптастырылады. Себебі, есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін. жолдарын бірнеше мәрте қайталап, іскерлікті үйреншікті іс- қимылға айналдырып, дағды дәрежесіне көтереді, яғни есеп шығарудың техникалық орындалуы ойлау қызметіне көмектеседі . Жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын ала даярлауға арналған есептер . Математиканың қайталап оқылатын ұғымдарына, заңдарына, әдістеріне оқушылардың зейінін аударады. 

Қорытындылай келе, қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, оқушылар алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс.

Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымын да жаңаруда. Орта мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануымыз қажет.Оларды дұрыс таңдап, жүйелі түрде қолдану керек. Әдіс-тәсілдердің тиімділігінің арқасында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім деңгейлері жоғарылайды. Оқушылар олимпиадаларда  жүлделі орындарға ие бола алады. XXI ғасырдың көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде математиканы оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. М. Ахметов «Математиканы оқытуда оқушылардың ғылыми-диалектикалық ойлауын қалыптастыру», Алматы «Білім» 1993ж.;

  2. «Математика», ғылыми-әдістемелік журнал 2014ж., 30-40 б;

  3. Қ. Қожабаев «Математиканы оқыту әдістемесі», Алматы «Санат», 1998ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Орта буын о?ушыларыны? математикалы? ?лгерімін арттыруды? ?р т?рлі т?сілдері

Автор: Мырзагужинова Жайна Келдигазыевна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300161


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства