Б?гінгі мемлекет алдында?ы басты міндет – білім беру ж?йесін жа?арту болып отыр. ?азіргі білім беру саласында о?ытуды? жа?а технологияларын ме?гермейінше сауатты, жан-жа?ты маман болуы м?мкін емес. ?рине, маманны? сапасы м??алімні? біліктілігіне тікелей байланысты. Дана хал?ымыз: «?стазы жа?сыны? – ?станымы жа?сы» деп текке айтпа?ан. Ал курс барысында республиканы? ?р т?кпірінен келген м??алімдер біліктілікті арттыруды? м?н-жайына ?аны?ып, со??ы заманауи технологияларды басшылы??а алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?згеріс енгізу ж?не бас?ару »
Білім берудегі өзгерістер
Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Ал курс барысында республиканың әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алады.
Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Демек, үш айлық курс бағдарламасында қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Сыни ойлау-оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалыптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын. Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз – баланы ойлауға үйрету! Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін! Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлау, бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал,өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету, кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру.Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нерсе-сұрақтың дұрыс қойылуы.
Жас ерекшеліктеріне сай оқытуды бір сынып ішіндегі әр жылдардағы оқушылар деп түсіндім. Психологиялық қабылдау жағынан әр түрлі болады. Меніңше бастауышта жас ерекшелігі айқын көрініп тұрады, яғни алты жастағы бала мен алты жарым жастағы баланың қабылдауы мен дамуында айырмашылық болады деп ойлаймын.
Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы – көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.
Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімен, сабақ басталғаннан аяқталғанға дейін болады, басқаша сабақ өтпейді ғой. Тек әдісті мұғалімнің орынды пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Мұнда сұрақтар деңгейіне қарай ажыратылады. СТО-да да бір - бірінен сұраққа жауап алады емеспе?
Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сойлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада пайда болады!
Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының өз бетімен жұмысы, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену, оқушының ой - өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор. Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушыларда жауапкершілік қалыптасады.
Мен үшін ең тиімді сабақ ол-нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Менің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларыма қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймын.
Дарынды балалардың ойлау ерекшеліктері: Көп көлемде берілген білімді ұмытпауы, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, өзіндік пікірі, шешімдер шығара алуы, тыныш отыра алмау, пысықтық, ізденімпаздық. Мұғалімнің мақсаты: әрбір оқушынының дарындылығын табиғи саласын анықтап, оның өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасау. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты – әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында жұмыстар жүргізу.
Бүкіл әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адам құндылықтары қарыштай түсуде. Қай сала болмасын, үздіксіз дамуда. Қазақстандық мұғалімдер отандық білім беру үдірісін қайта қарауға бет алды. Елбасының жолдауында: "Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқытушылардың біліктілігін арттыруға қажет, шетелдік мамандардан үйреніңіздер, тәжірбие алмасыныздар. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруге тура келеді. Себебі, ұлттық бәсекелестік, бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады - деп атап көрсетті. Жолдауды орындай отырып, біз инновациялық оқуды тәжірбиемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай алатын білімді ұрпақты даярлауымыз қажет. Ал, инновациялық оқыту дегеніміз - оқушылардың мүмкіндігімен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған сын көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету - дегенді білдіреді. Сондай – ақ әлемдік ең үздік оқыту бағдарламасы - Кэмбридждік жоба. Дайын білімді беруге негізделген дәстүрлі оқытуды сындарлы оқытуға алмастыратын кезі келіп жеткен сияқты. Кэмбридждік оқыту тәсілі - тым қарапайым да, күрделі оқыту жүйесі екен. Алдымен мұғалім жаңа форматты мұғалім деңгейіне көтерілуі, мектептегі және сыныптағы атмосфераны жағымды жағынан қалыптастыра білуі, сабақты жаңаша оқытып, бағаны жаңаша бағалай білу сияқты