kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

RBL ?дісін жаратылыстану-математика циклында?ы п?ндерде ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

?р ш?кіртті? жан-жа?ты білімді болуымен ?атар сол ал?ан білімін ?мірде ?олдана білуін ?алыптастыру ма?сатында ?р м??алім ?з саба?ында о?ытуды? ?мірмен байланысты технологияларын ?олдана білуі ?ажет. Міне, сонды?тан ?азіргі та?да жас ?рпа??а жа?а о?ыту технологиясы бойынша білім беру педагог ?ауымы алдында?ы басты ма?сат болып отыр.

Б?л ?дістемелік ??ралда проблемалы? о?ыту технологиясыны? PBL (Problem-Based learning) ?ыс?аша теориялы? негізі ж?не осы ?дісті практикалы? т?р?ыда ?олдану ?дістері ?арастырылды.

            Проблемалы? о?ыту ?дісіні? ерекшелігі к?рделі проблемалы? жа?дайдан шы?у ма?сатында FILA (Facts, Ideas, Learning Issues, Action Plan) кестесін толтыру болып табылады. ?дістемелік н?с?аулы?ты? теориялы? б?лімінде PBL о?ыту ж?йесіні? негізгі кезе?дері атап к?рсетіліп, олар?а ?ыс?аша  т?сінік берілген. Жаратылыстану-математика циклі п?ндерінде проблемалы? о?ытуды ?алай ?олдануды? мысалдары к?рсетілген.

            ?з саба?ын ?ткізу барысында жаратылыстану-математика ба?ытында?ы п?н м??алімдеріне б?л ?дістемелік ??ралды? к?мегі тиеді деген ойдамыз.

Проблемалы? о?ыту туралы бізді? к?з?арасымыз

?азіргі уа?ытта заман талабына сай білім беру ?шін о?у ?рдісіне о?ытуды? жа?а т?сілдерін енгізуге ерекше к??іл б?лініп келеді. ?аза?стан Республикасында  дарынды балалар?а білім беру ма?сатында ашылып отыр?ан Назарбаев Зияткерлік мектептері м??алімдеріні? алдында да о?ытуды? о?тайлы да тиімді ?дістерін енгізе о?ыту е? ма?ызды іс болып отыр. О?ытуды? д?ст?рлі ж?не инновациялы? ?дістерін та?дай білу о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?тары мен шы?армашылы? ?абілеттерін арттырып, практикалы? ж?мыстар?а дайындайды. Б?секелестік к?н сайын к?шейіп отыр?ан ?азіргі тез ?згермелі ?лемде студентті? практикалы? да?дысыны?  жо?ты?ы оны? е?бекке орналасуы ж?не к?сіби ?суі жолында басты кедергі келтіруі м?мкін. Осы?ан байланысты студенттерді? белгілі бір практикалы? да?дысын ?алыптастыруда?ыке? тара?ан е? белгілі іс – б?л о?ытуды? ?азіргі ?дістері болып отыр.  Д?ріс – семинар – емтихан т?рінде ?алыптас?ан білім беруді? классикалы? академиялы? тактикасынан бас тарту – дамы?ан мемлекеттердегі білім беру ж?йесінде д?ст?рлі ?рдіске айналып кетті. ?рт?рлі жа?а ?дістерді ?олдану материалды ме?геру ?рдісін жа?сартады ж?не о?ушыларды ойлай білуге,ал?ан білімдерін ?олдана білуге ?йретеді. Егер біреуді тама?тандыр?ы? келсе, онда о?ан балы? берме, ?арма? бер деген ?а?иданы бізді? д?уірге с?йкестендіріп, ?айта жа??ыртса?, жал?асы былай болар еді: тек ?ана ?арма? беріп ?ойма, балы?ты ?алай аулау керектігін де ?йрет. Студент д?ріс кезінде алын?ан білімін уа?ыт ?те келе «на?ты ?мірде» ?олдана білуі керек. Міне, осы ба?ытта ж?мыс істеп жат?ан Сингапурды? білім беру ж?йесімен таныс?анда к?ргеніміз бен ?йренгенімізді ой елегінен ?ткізіп, ?з саба?ымызда ?алай ?олдан?анымызды орта?а салма?пыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«RBL ?дісін жаратылыстану-математика циклында?ы п?ндерде ?олдану »


Ш.Р.Шамгонов,математика пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

RBL әдісін жаратылыстану-математика циклындағы пәндерде қолдану


К І Р І С П Е

Әр шәкірттің жан-жақты білімді болуымен қатар сол алған білімін өмірде қолдана білуін қалыптастыру мақсатында әр мұғалім өз сабағында оқытудың өмірмен байланысты технологияларын қолдана білуі қажет.Міне, сондықтан қазіргі таңда жас ұрпаққа жаңа оқыту технологиясы бойынша білім беру педагог қауымы алдындағы басты мақсат болып отыр.

Бұл әдістемелік құралда проблемалық оқыту технологиясының PBL (Problem-Based learning) қысқаша теориялық негізі және осы әдісті практикалық тұрғыда қолдану әдістері қарастырылды.

Проблемалық оқыту әдісінің ерекшелігі күрделі проблемалық жағдайдан шығу мақсатында FILA (Facts, Ideas, Learning Issues, Action Plan) кестесін толтыру болып табылады. Әдістемелік нұсқаулықтың теориялық бөлімінде PBL оқыту жүйесінің негізгі кезеңдері атап көрсетіліп, оларға қысқаша түсінік берілген. Жаратылыстану-математика циклі пәндерінде проблемалық оқытуды қалай қолданудың мысалдары көрсетілген.

Өз сабағын өткізу барысында жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне бұл әдістемелік құралдың көмегі тиеді деген ойдамыз.

Проблемалық оқыту туралы біздің көзқарасымыз

Қазіргі уақытта заман талабына сай білім беру үшін оқу үрдісіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасында дарынды балаларға білім беру мақсатында ашылып отырған Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің алдында да оқытудың оңтайлы да тиімді әдістерін енгізе оқыту ең маңызды іс болып отыр. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін таңдай білу оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін арттырып, практикалық жұмыстарға дайындайды. Бәсекелестік күн сайын күшейіп отырған қазіргі тез өзгермелі әлемде студенттің практикалық дағдысының жоқтығы оның еңбекке орналасуы және кәсіби өсуі жолында басты кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты студенттердің белгілі бір практикалық дағдысын қалыптастырудағыкең тараған ең белгілі іс – бұл оқытудың қазіргі әдістері болып отыр. Дәріс – семинар – емтихан түрінде қалыптасқан білім берудің классикалық академиялық тактикасынан бас тарту – дамыған мемлекеттердегі білім беру жүйесінде дәстүрлі үрдіске айналып кетті. Әртүрлі жаңа әдістерді қолдану материалды меңгеру үрдісін жақсартады және оқушыларды ойлай білуге,алған білімдерін қолдана білуге үйретеді. Егер біреуді тамақтандырғың келсе, онда оған балық берме, қармақ бер деген қағиданы біздің дәуірге сәйкестендіріп, қайта жаңғыртсақ, жалғасы былай болар еді: тек қана қармақ беріп қойма, балықты қалай аулау керектігін де үйрет. Студент дәріс кезінде алынған білімін уақыт өте келе «нақты өмірде» қолдана білуі керек. Міне, осы бағытта жұмыс істеп жатқан Сингапурдың білім беру жүйесімен танысқанда көргеніміз бен үйренгенімізді ой елегінен өткізіп, өз сабағымызда қалай қолданғанымызды ортаға салмақпыз.

Бұл мемлекетте PBL(Problem-Based Learning) әдісі студентті өзбетінше жұмыс жасауға бағыттайтын сәтті инновациялық әдіс болып табылады. Бұл әдісте оқыту акценті оқытушыдан студентке ауысады, яғни студент қойылған практикалық тапсырмаларды шешу мақсатында басты белсенді ролге ие болады, Бұл әдіс студентті дәріс кезінде оқытушы тарапынан айтылғандар мен оқулықта жазылғандарды қорытынды жасай отырып, терең және ауқымды ойлай білуге қалыптастырады.

Өзге мемлекеттердің білім беру жүйесіндегі жетістіктерін саралай келе, PBL әдісін ғылымның кез келген саласына қолдауға болатындығын аңғарамыз. Әсіресе дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын білім беру орындарында қолдануда оның тиімділігі зор. Аталған әдістің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісі дұрыс ұйымдастырылуы қажет және сонымен қатар сабақ, дәріс және семинарлар жоспарына, білімді бағалау әдістемесіне белгілі бір өзгерістер енгізу ұсынылады. Оқу үрдісін PWL –әдісімен оқытпас бұрын оның жетістіктеріне тоқтала кетейік.

1. PBL әдісі студенттердің өзіндік жұмыстар жасау белсенділігін арттырады. Өзекті мәселені шешу үшін былайғы практикалық сабақтармен салыстырғанда студенттердің көп жұмыстар жүргізіп, материалдар ізестіріп, жинақтауына тура келеді.

2. PBL әдісі студенттерді ойлауға үйретеді. Ұсынылған материалды жаттап алу жеткіліксіз. Формуланы, ереже мен анықтамаларды жай ғана жаттап алу – бұл сол пәнді түсінудің алғашқы баспалдағы ғана. Өкінішке қарай студенттерден кәсіптік іскерлікте қажеті жоқ күрделі теориялық анықтамаларды, классификацияларды жәнефункцияларды білужиі-жиі талап етіледі. Анықтамасыз мүмкін еместігі түсінікті, бірақ дей тұрғанмен, студенттер емтиханнан кейін «лақтырып» тасталатын материалдарды меңгеруі қажет. Бізде қандай да бір теорияның, концепцияның немесе құбылыстың түсіндірмесі неғұрлым ұзақ түсіндірілсе, соғұрлым жақсы болады деген көзқарас қалыптасады. Ал егер студент қайталау жағдайында немесе осының бәрін қатесіз жазатын болса, онда ол материалды жақсы меңгерген болып табылады. Дегенмен, оқу процесі қандай да бір көлемдегі материалды оқып, білуге бағытталған.Бірақ бұл өзіндік мақсат емес, оқылған материалды түсіну құралы екендігін ұғыну керек. Иә, атап айтқанда, PBL әдісі студенттерді ойлауға үйретеді. Мұнда берілген материал қандай да бір қарапайым ойын ретінде емес, ойнауға болатын, бірақ міндетті түрде сақтауға қажет ереже ретінде қабылданады. Бұл процесс мына принциптерден тұрады: тапсырмалар - есептер шешуге қажетті құралдар (теориялар, анықтамалар, заңдылықтар ж.т.б.) шешімін іздеу - шешу. Бұл немесе басқа теория, концепция және ережелердің қайсысы не үшін маңызды екендігін студенттүсінеді және енді оларды басқаша қабылдайды.

3. PBL әдісі студенттердің ойлау қабілетін жетілдіреді. Орынды қойылған өзекті мәселе студенттердің стандартты емес шешімдерді іздеуге деген белсендігін арттырады. Кәсіби шеберліктің сапасын арттыруда әркелкі және креативті ойлай білудің де маңызы зор. Жұмыс беруші қабылдайтын жаңа маманнан да осы сапаны талап ететіні анық.

4. PBL әдісі студенттердің ғылымға деген құштарлығын арттырады. Білім беру процесінің қызықты және тартымды болуы маңызды іс. Қызықтырып оқытқан сайын студенттің де қызығушылығы артады.

5. PBL әдісі студенттерді «шынайы өмірге» әзірлейді. Бұл әдіс теоряны практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді, осы арқылы студент өзінің болашақ мамандығының практикалық аспектілерін түсінеді.

FILA диаграммасын қолдану

FILA диаграммасы (Facts, Ideas, Learning Issues, Action Plan) оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын PBL процесіне енетін интеллектуальдық құрал болып табылады.

Бұл диаграмма есептерді шығарудың жүйелі моделін қамтамасыз етеді, мәселені шешудің қайталанатын процесін өтетін болғандықтан оқушының жоспарлауын және бақылауын жеңілдетеді. Оқушылар бұл диаграмманы мәселені шешудің кілті болатын фактілерді әр пунктке сәйкес идеяларды тізбектеп санау үшін қолданады, фактіге қатысты мәселе мен тиісті шараларды айқындау үшін қолданады. Диаграмма көрсетілген проблемаларды шешу барысында ақпараттың бөліктерін визуальды ұйымдастыруға көмектеседі, оқушыларға фактілердің арасынан олар көңіл бөлетін аралықтарды табуға көмектеседі.

Топтарға оқушылар жұмыс процесінде толтыратын FILA диаграммасы бар парақшалар беріледі, және диаграмма әр кездесу сайын көрсетіледі, ұстаз диаграмманы сәйкес келетін пікірлерді талқылаудың басқышы ретінде қолдануы мүмкін және топтың мәселені шешуде дұрыс жолдарды қарастырып отырғандығын тексереді. Диаграмма топтарға олардың көзқарастарының дамуын, жаңа фактілерді бейнелеуінемүмкіндік береді, түзетулер мен қайта қарастырулар диаграммаға жасалады, берілген уақыт ішінде қалай ақпарат жинайтындығын, жаңа білім алатындығын, идеяларын өзгертетіндігін, мәселені шешуді қалыптастыратындығын және ең соңында мәселенің мүмкін шешімдеріне жететіндігін көрсетеді.

FILA диаграммасын қолданудың басты мақсаты - топ ішінде мәселені шешуді жеңілдету және қиын аспектілерде ортақ пікірге келуге мүмкіндік беру болып табылады. Диаграммадағы төрт баған PBL-дағы мәселелерді шешу процесінің іргетасын қалайды. Топ сонымен қатар РBL процесіндегі мәселені шешудің құрылымының кескін жобасы ретінде FILA кестесін қолдануына болады.

PBL: FILA қалыбы

FACTS

Дерек /Факт/

IDEAS

идея

LEARNINGISSUES

сұрақтар (пән)

ACTION PLAN

Әрекет ету жоспары

Проблемалық мәселе мазмұнынан туын-дайдын ақпараттар

Мүмкін тақырыптарға сәйкестендіріп топтастыру


Дерекке негізделіп тағайындалады


Гипотезалар


Талқылаусыз қабылданады

Сұрақтар ретінде қалыптасады


Сұрақтар мәселені шешуге сәйкестендіріледі

Әрекет ету жоспары мәселені шешуге, зерттеу жүргізуге, интервью ұйымдасты-руға, сәйкес орындалуы керек. Сұрақтар кейбір бөліктерінен сценарий құруға көмектесуі керек


Деректер

Идеялар

Туындайтын сұрақтар

Әрекет ету жоспары

Бұл деректер проблеманың сценарийінен алынады

Мүмкін:

-себептер

-әсерлер

-идеялар

-аталған проблеманы рұхсат ету шешімдері

Сұрақ түрінде атап көсетілуі керек

Түсіндіруді қажет ететін «дерек» бағанында немесе проблема сценариінде айқын емес ақпаратқа проблема туындайды

Сценарийде келтірілген пікірлермен,ұсыныстармен, пайымдаулармен немесе басқа анықталмаған ақпараттармен шатастырмау

Ұсынылған аймақ немесе оқуға арналған топиктер

Жауап беру кезінде проблеманы шешу үшін білімнің құрылысын құруда алғырлық көрсету керек

Әрекет етуді етістіктерден бастау керек, мысалы:

-клиенттің вебсайтын тексеру,

-барлау жүргізу,

-қоршаған ортаға барлау жүргізу

Ақпарат түсініксіз болған жағдайда оны «Әрекет ету жоспарында» түсіндіру, мысалы тұтынушыдан сұрау

«Дерек» бағанына жазылғандар мен белгіленгендер дерекке негізделген болуы керек,

Идеялардан туындайтын итеруші күш немесе якорь боуы керек

мәселені жақсы түсіну және айқындау үшін Сіз қоятын сұрақтар

Тақырыпқа немесе тақырыптамаға сәйкес топтастыру. Мысалы: тұтынушының профайлы (тартылған адамдар)

-нәтижелер /нұсқаулықтар/

- қақтығыстар шаралар және оларға қосымша деректі материалдар

Пікірсіз қабылдануы керек

Пәннің оқу бағдарламасына қатысты болуы керек (жалпы немесе өзіндік оқытулар нәтижелері)

Мәселені түсінуге қажетті әрекеттер (зерттеуге және мазмұнын алуға қатысы жоқ), мысалы тұтынушымен әңгімелесу, тестке тапсырыс беру, полицияға телефон шалу, медициналық отчет құрастыру, оқиға орнына бару


Өзін-өзі оқыту ретінде дамиды, (қосылады, алынып тасталады, тарылады ж.т.б) зерттеулер мен әрекет ету жоспары қолдануға әзір





Оқытудағы басқа мәселелер зерттеудің бірінші нәтижесінен кейін қосылады. Зерттеу мақсатындағы оқытудың мәселелерін айқындау кезінде оқытудың сәйкес мәселелеріне және ресурстың спектріне жауапты консультация жасай алатын студентті бекіту керек

Идеялардан шығатын итеруші күш немесе якорь болуы керек


8-класта «Теңдеулерді шешу» бөлімінде оқушылар мәтіндік есептердің шарттары бойынша сызықтық теңдеулер жүйесін құрастыруы және шешуі керек. Осы мақсатқа жету барысында оқушылар тиісті әдісті таңдап және өз таңдауын дәлелдеп, ауызша түрлі есептер шешумен бірлесіп жұмыс істеуі керек. Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтін есеп қарастырайық. Төменде келтірілген проблемалық тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, айқындау және қолдануға бағытталған. Бұл әдісті сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.Олар үш тәсіл бойынша сенімді болатын кезде, оқушыларға есептер кездейсоқ тәртіпте құрылмаған және олардың нақты шешімдерінің бар екендігіне көз жеткізіп, бір-біріне есеп құраулары керек.

1-мысал. Токарь белгілі бір анықталған шахмат комплектісіне пешка фигурасын жонады. Ол күніге екі пешка фигурасын артық жасаған болса, онда ол жоспарды 10 күн бұрын орындаған болар еді. Ал егер ол күніге төрт пешка артық жасаса, онда осы тапсырманы орындау мерзімі 16 күнге қысқарған болар еді. Егер әр шахмат комплектісіне 16 пешка қажет болса, онда токарь неше шахмат комплектісін пешкамен қамтамасыз ете алады?

FACTS

Дерек /Факт/

IDEAS

идея

LEARNINGISSUES

сұрақтар (пән )

ACTION PLAN

Әрекет ету жоспары

Токарь белгілі бір анықталған шахмат комплектісіне пешка фигураларын жонады. Әр шахмат комплек-тісіне 16 пешка қажет. Токарь неше шахмат комплектісіне пешка фигурасын жонаты-нын анықтау керек.

Белгілі бір шахмат комплектісіне токарь барлығых дана пешка фигурасын жонады.


Токарь бір күнде у дана пешка жонады.

Толық тапсырманы күнде орындайды.

Тапсырманы шеше күнде орындайды?

Күніге 2 деталь артық жонса тапсырманы қанша күнде бітіреді?

Күніге 4 деталь артық жонса, тапсырманы қанша күнде бітіреді?

Белгілі бір шахмат комплектісіне барлығы қанша пешка қажет?

Токарь қанша шахмат комплектісіне пешка фигурасын жонады?

Токарь тапсырманы күнде бітіреді.

Сәйкесінше, егер ол күніге у+2 жонатын болса, онда ол тапсырманы күнде, ал егер у+4 пешка жонатын болса, онда ол тапсырманы күнде бітірген болар еді.

Есеп шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрамыз:


Оқушылар есеп шартына сәйкес құрылған теңдеулер жүйесін шешіп, х=240, у=6 болатынын табады. Осыданәрбір шахмат комплектісіне 16 пешка қажет болатын болса, онда 240:16=15. Жауабы: 15 комплект.

8 класта «Теңсіздіктер» бөлімінде оқушыларбірмүшелер мен көпмүшелерге амалдар қолдана отырып, сызықты теңсіздіктерді тануы және сызықтық теңсіздіктерге келтірілетін теңдеулерді шығара білуі жәнепрактикалық есептерді модельдеп, шешімін таба білуіқажет.Сондай-ақ әрбір теңсіздіктің шешімдер жиындарының қиылысуы теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып табылатынын түсіне білуі қажет.

2-мысал. Үй алдына 15 тен артық емен мен аққайың отырғызу жоспарланды. Егер еменнің санын екі есе, ал қайыңның санын 18- ге арттырса, онда қайың көп болады. Егер еменнің санын өзгеріссіз қалдырып,қайыңның санын екі есе арттырса, бәрібір емен артық болады. Үй алдына неше емен менқайың отырғызу жоспарланған?

Есепті шығару үшін топ мүшелері FILA диаграммасын пайдалану ұсынылады.

1. Еменді –х, қайыңды у деп белгілейік. Есеп шарты бойынша теңсіздіктер жүйесін құрайық:

2. х және у екі шаманы анықтау үшін санды теңсіздіктердің қасиеттерін пайдаланамыз.

3. a).(3) және (2) теңсіздіктерді мүшелеп қосамыз: осыдан

ә). (2) және (3) теңсіздіктерден осыдан екені шығады.

б). (2) және (5) теңсіздіктерден шығатыны: осыдан (6) шығады

Мұндағы х және у-тің натурал сандар екенін ескеріп, қатаң теңсіздікті қатаң емес теңсіздікке айналдырамыз. (1) және (4) теңсіздіктерден қос теңсіздік аламыз:

осыдан(6) теңсіздігіміз теңсіздігімен мәндес болады. (5) теңсіздігіміз болады. Соңғы үш теңсіздікті (2) теңсіздікпен алыстырып, мына шешімге келеміз: х=11, у=5.

Жауабы: 11 емен, 5 қайың.

3-мысал. Пароход А қаласынан өзен ағысының төменгі жағында орналасқан В қаласына дейін тоқтаусыз 5 сағат жүзген. Пароход кері қарай ағысқа қарсы (әлгіндей меншікті жылдамдықпен әрі тоқтаусыз) 7 сағат жүзген. Егер сал өзен ағысының жылдамдығындай жылдамдықпен қозғалатын болса, онда А дан В-ға дейін қанша сағат жүзеді?

Шешуі: Пароходтың тынық суда (яғни мешікті жылдамдығын) А дан В ге дейінгі жүзіп өтуге қажетті уақытын х арқылы, ал салдың осы ара қашықтықты жүзіп өту уақытын у арқылы (сағат есебімен) белгілейміз. Сонда пароход 1 сағатта AB ара қашықтығының бөлігін, ал сал бөлігін жүзіп өтеді. Сондықтан пароход өзенмен төмен қарай АВ ара қашықтығының бір сағатта бөлігін, ағысқа қарсы бөлігін жүзіп өтеді. Біз есептің шартынан пароход өзен ағысымен бір сағатта ара қашықтықтың бөлігін, ағысқа қарсы бөлігін жүзіп өтетіндігін білеміз. Осы мәліметтер арқылы теңдеулер жүйесін құрамыз: Осы теңдеулер жүйесін шешу барысында бірінші теңдеуден екінші теңдеуді мүшелеп шегереміз. Сонда . Осыдану=35.

Жауабы: Сал А дан В ға дейін 35 сағат жүзеді.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасының «Математика» пәні бойынша 8-сыныпқа арналған оқу жоспарында «Үшбұрыштар теңдігінің белгілері» және «Салуға есептер» тақырыптарын өткенде FILA диаграммасын пайдалану арқылы салу есептерін орындау оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамытып, өзбетінше жұмыс жасауына мол ықпалын тигізеді.

«Салу есептері» тақырыбына сәйкес берілген үш элементі бойынша үшбұрыш салу керек болсын делік. Бұл жағдайда оқушылар дерекке сүйене отырып, үшбұрышты қалай салу керектігі туралы өз идеяларын ортаға салады. Сонымен қатар тапсырманы орындау барысында туындаған сұрақтарды ескере отырып, әрекет ету жоспарын құруы қажет. Олар үшбұрыштың нақты түрін салуды бастау үшін не білетіні туралы ойлануы керек. Мысалы, тік бұрышты үшбұрышты салу үшін берілген нүктеден берілген түзуге перпендикуляр түзу жүргізу пайдалы болуы мүмкін бе? Оқушылар үшбұрыштың басқа да түрлерін салу үшін қандай идеялар ұсынатынын және қажетті сұрақтар қоя білуі қажет.

Ұсынылған идеялардың барлығын талқылады ма? Әрекет ету жоспары тапсырманы орындауды толық аша ала ма? Оқушылар берілгені бойынша үшбұрыш салғанын қалай дәлелдей алады? Берілген ұзындықты қабырғалармен немесе берілген бұрыштардың шамаларымен дәлме-дәл үшбұрыштар сала білу өмірде қолдануда өте пайдалы болады. Егер оқушыға нақты өлшемді үшбұрыш салу керек болса, бұл таза салу болмайды. Себебі салу есептерінде сызғыш, циркуль, карындашты пайдалану керек болады.



Әдебиеттер


  1. Introduction to PBL for Kazakhstan Educators Temasek POLYTECHNIC

  2. Barrows, H.S.&Tamblyn, R.N. Problem-Based learning: An Approach to Medical Education. New York: Springer.

  3. Barrell, J. PBL an Inquiry Approach. Arlington Hts, USA: SkyLight Training and Publishing.

  4. Г.К.Селевко Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998 – 256 с.

  5. Ә.Шыныбеков,Алгебра7 класс. – «Атамұра», 2012

  6. Ә.Шыныбеков,Геометрия 7 класс. – «Атамұра», 2012

  7. Ә.Шыныбеков,Геометрия 8 класс. – «Атамұра», 2012

  8. Интернет ресурсы Trizland.ru


4



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
RBL ?дісін жаратылыстану-математика циклында?ы п?ндерде ?олдану

Автор: Шамгонов Рахим Шамгонович

Дата: 29.03.2015

Номер свидетельства: 193639


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства