kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?та шы?ырмашылы?ты дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепте о?ушы білім стандартына с?йкес білім алумен  ?атар ?ылым к?кжиегіне к?з жіберіп,зерттеу мен зерделеуді, саралап сараптауды ?йрене бастауы тиіс. Б?гінгі к?ні ?те ?абілетті, дарынды балаларды іріктеп, оларды? дамуына жа?дай жасау-кезек к?ттірмейтін іс. Бала ?абілеті мен дарынын толы? ашу тек бала ?шін ?ана емес,е? алдымен, ?о?ам ?шін ма?ызды шаруа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?та шы?ырмашылы?ты дамыту »

Сабақта шығырмашылықты дамыту

Математика пәні оқытушысы

Мусрепова Алма Зарлыханқызы

Талдықорған қаласы


Мектепте оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп,зерттеу мен зерделеуді, саралап сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау-кезек күттірмейтін іс. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу тек бала үшін ғана емес,ең алдымен, қоғам үшін маңызды шаруа.

Мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек сіңіреді. Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-баланың өзінің танымдық,тәжірибелік әрекеті. Оқыту қалай болса солай жүрмейді,жоспарлы ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады. Оқытудың мазмұны,өзіне тән әдістері,ұйымдастыру формалары мен нәтижесі болады. Ол оқушыға білім беру мен дағдыны меңгертуді көздейді. Оқушы оқу әрекетінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады. Оқу баладан ойлау әрекетімен қатар,басқа да психикалық үрдістерді: сезімдерімен эмоцияларын, мотивтері мен қызығушылықтарын,жігері мен қабілеттерімен,т.б.жеке бастық қасиеттерін қажет етеді.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді:ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, студенттің ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Педагогика ғылымдарының доктары,профессор Т.С.Сабыров өз еңбектерінде оқу әрекетінің келесі құрылымын көрсетеді:

  • оқу міндеттері(немесе тапсырмалары)

  • оқу әрекеттері(студенттің қолданатын нақтылы тәжірибелік және ой тәсіл-амалдары)

  • бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап,тексеріп отыруы)

  • бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы)

Осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады.

Олардың дамуына, ең алдымен,оқыту мазмұнының ерекшеліктері (оқу материалының нақтылық және теориялық сипаты,жеңілділігі мен қүрделілігі т.б.) әсер етеді.

Ғалымдар оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін, құрылымын,оның өзіне тән белгілерін де сипаттаған. Г.Щукинаның пікірінше 1) оқушы әрекеті басқа адамдардың әрекетімен тығыз байланыста болады және олар бір-бірінің әрекетін байытып отырады. Өз әрекетінің тәсілдерін басқалардың әрекет тәсілдерімен салыстыра отырып,оқушы өз мүмкіншіліктерін анықтай түседі. 2) педагогикалық үрдістегі әрекеттің дамуы жеке тұлғаның дамуымен тікелей байланысты болып,әуелі-орындау әрекеті,содан соң –белсенді орындау әрекеті,одан кейін-белсенді өзіндік әрекет,сосын-шығармашылық өзіндік әрекетке жетелейді. 3) әрекеттің күрделене түсуі оқушы ұстанымына да әсер етеді, т.б.

Демек, студенттің оқу-танымдық әрекет үстінде ұстанымы өзгеріп отырады,сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде дами түседі. Бірақ бұл үрдіс-өте күрделі үрдіс, ол мұғалімнен педагогикалық қырағылықты, біліктілікті талап етеді.

Оқу үрдісіндегі таным әрекеті оқу,үйрену арқылы жүзеге асады. Студент белгісізден белгіліге, білімсіздіктен білімділікке, таным жүйесіне талпынады.

Таным әрекетінің студенттің жалпы дамуы және жеке тұлғасының қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным әрекетінің әсерінен ой,сана үрдістерінің бәрі дамиды. Таным тек ойлау үрдісінің белсенділігін ғана емес,саналы әрекеттің барлық үрдістерінің белсенділігін қажет етеді. Білімді меңгеру үшін, тек оларды есте сақтап қалу ғана емес, саналы әрекетін салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау, талдау сияқты жұмыстар жүргізілуі керек. Сонда ғана оқушының таным әрекетін еңбек әрекеті сияқты әрекетінің негізгі түрлерінің бірі деп есептеуге болады. Себебі, біріншіден, таным-адам санасында табылған, қоғам заңдарын бейнелейтін дүние жүзілік-тарихи үрдіс. Екіншіден, таным әрекеті арқасында адам белгілі нәрсені, құбылысты еш жаңалық ашпай біле алады. Үшіншіден, таным әрекеті жеке тұлғаның шығармашылық деңгейін көрсете алады.

Студенттің танымдық белсенділігінің қалыптасуы, жоғары деңгейде дамуы оны шығармашылық әрекетке әкеп тірейді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте шығармашылық әрекеті әрекеттің эмоционалды-еріктік жағымен байланыстырылады, яғни жеке тұлғаның бойындағы батылдық, ойлаудың стандартты емес түрі, рефлекстік-болжамдық қабілеттер, оптимизм, табандылық, жаңалыққа құмарлық және т.б. эмоционалдық ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Бірақ жеке тұлғаның бойында шығармашылық үрдісті баяулататын жағымсыз қылықтар да болуы мүмкін. Бұған әуелі оның өзін төмен бағалауы, соған байланысты пайда болатын сенімсіздік жатады. Сондықтан мұғалім бұл қылықтардың оқушыда болмауына жағдай жасауы қажет.

Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екі талай.

Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Өнімді әрекеттердің негізгі сипаттары мыналар.

1. Өнімді әрекет-педагогикалық үрдіс, яғни оған жүйелілік тән. Өнімділік оқытудың тек белгілі кезеңіне ғана сай емес, бүкіл үрдіске тән белгі болып табылады.

2. Өнімді әрекеттің мақсаты-жеке тұлғаны дамыту, оқу үрдісінде оған ерекше көңіл аударылады.

3. Өнімді әрекет кәсіптік сипатқа ие,яғни ол реалдық қоршаған орта жағдайында өнім алуға бағытталады.

4. Өнімді әрекеттің әлеуметтік сипаты оның қоғам үшін маңыздылығында, пайдалылығында.

5. Өнімді әрекетті жүзеге асыруда педагогтің рөлі үлкен.

Өнімді әрекет мақсаты-оқушылардың оқу үрдісінде мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасау. Бұған қол жеткізу үшін Өнімдік әрекет келесі мақсаттардың дамуын бағытқа алады: жеке өсу және даму; жеке тұлғалар арасындағы дағдылар, өз бағытын айқындау. Бұл үрдістің басты міндеті-өзгеріп, дамып отыратын өмірге, қоршаған ортаға сәйкес келетін көзқарасты, қарым-қатынасты қалыптастыру.

Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктер қатынастарының маңызы өте ерекше. "Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның дидактикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен..."- деп көрсетеді З.Калмыкова.

Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мына түрде анықталады.

Шығармашылықтық және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, бірінші-дайындық болса, екінші - негізгі болады,қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынының элементтерімен біртұтас іс-әрекеттің тәсілін анықтайды. Көптеген зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б.) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен көретініміз, студенттердің оқу мақсатын түсінуі, сезінуі, оқу-тәрбие үрдісі тиімділігінің міндетті сәттерінің бірі болып табылады. Ойлау қызметінің бақылау-түзету бөліктері алға қойған мақсаттың орындалғанын көрсетіп "кері байланыс" қызметін атқарады.

Студенттердің ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тьәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген Д.Богоявленский, Н. Менчинская, Е.Кабанова-Меллер, В.Решетников және т.б. Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді", - деп оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды.

Ақыл-ой қызметінің тәсілі - ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған логикалық операция немесе логикалық операциялар жиынтығы. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстрактілеуді, салыстыруды, қорытындылауды жатқызады, логиклық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару кіреді. Олардың жиынтығы тұтас жаңа білім, яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін қалыптастырады.

Эксперименттік-психологиялық зерттеулердің нәтижесінде қиялдың 3 компаненті бөлініп шығарылады:заттық орта (I деңгей) өткен тәжірибе (IIдеңгей) ішкі өзіндік позиция (IIIдеңгей). Бұл компаненттер, жалпы алғанда қиялға қанат бітіретін механизмдер ретінде қалыптасады.

Қиялдың дамуындағы I деңгей қоршаған заттық ортамен тығыз байланысты. Ол баланың айнала қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп, қабылдауына мүмкіндік береді.

II деңгей баланың өткен тәжірибесіне байланысты анықталады.

Қиял дамуының IIIдеңгей балаға қиял дамуының ең жоғарғы сатысы-түпкі ойдан оны іске асыру сатысына өтуіне мүмкіндік береді.

Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру барысында іс-әрекеттің нормаларын мен үлгілерін қолдануға белгілі дәрежеде ерік беріледі. Қазіргі оқу әдістерінің негізгі кемшілігі-оқыту эталондарының жүйесі дайын күйінде ұсынылады.

Мен сабақ беретін топтарда өзіндік ізденіс арқылы сөзжұмбақтар құрастыру,ребустар құрау тапсырмалары жиі беріледі. Осы орайда математикалық қабілеті нашар деп ойлаған студенттердің кейбіреулері ойлау дәрежесі,шығармашылығы екінші, үшінші деңгейде екеніне көз жеткіздім.

Шығармашылық тапсырмалар арқылы студентті еңбекқорлыққа, іздемпаздыққа, әртүрлі лекция, оқулық материалын пайдалана білуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және эстетикалық тәрбиеге көңіл бөлуге үйренеді деп ойлаймын.




Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы.Алматы-"Рауан"-1997ж.7-бет


2.Коротяев В.И. Методы учебно-познавательной деятельности учащихся Авторы.Дисс.

Москва.1979.32-б

3.Кабанова-Меллер Е.Н.формирование приемов умственной деятельности и умственное развитие учащихся.М.Просвещение.,1988.288-б.


4.Шығармашылықтың мәні.Г.Мәмбетова.

Қаз.мектебі.11.2004ж. 48-б.


5.Т.Сабыров.оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары Алматы "Мектеп"1978ж.

112-б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Саба?та шы?ырмашылы?ты дамыту

Автор: Мусрепова Алма Зарлыхановна

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213720


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства