kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕКТЕП О?УШЫЛАРЫНЫ? МАТЕМАТИКАЛЫ? БІЛІМ ДЕ?ГЕЙІН ТЕКСЕРУДІ? ??РАЛЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика п?нінде тест тапсырмаларын ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім ж?йесін жетілдіру. Б?л барлы? м??алімдерге ?дістемелік ??рал ретінде пайдалану?а болады. Осы ж?мыс ар?ылыо?ушыларды? білімі к?теріледі. Б?л ма?алада тест тапсырмаларын ?олдану мектеп о?ушыларпыны? білім де?гейін тексеруді? ??ралы ретінде ?арастырыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕКТЕП О?УШЫЛАРЫНЫ? МАТЕМАТИКАЛЫ? БІЛІМ ДЕ?ГЕЙІН ТЕКСЕРУДІ? ??РАЛЫ»

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ

Байбатчанова Айдана

Ғылыми жетекші: профессор Ахметжанов А. А

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қаласы

Кілттік сөздер: тест тапсырмасы, математика, логарифм, білім, деңгей, түр

Аңдатпа

Бұл мақалада тест тапсырмаларын мектеп оқушыларының математикалық білім деңгейін тексерудің құралы ретінде қолданудың жолдары қарастырылған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, XXI ғасыр – білімділер ғасыры», - деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын. Сондықтан бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін жастардың жақсы білім алуына ерекше көңіл бөлінуде.[1]

Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тесттік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады. Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында оқушылардың игерілген білімінің барынша берік болуын талап етеді. Осыған орай тесттік бақылау процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда. Қойылған мақсатқа жету және ғылыми болжамды дәлелдеу үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет болды:

  1. Тесттік тапсырмалар арқылы оқушылардың білім дәрежесін тексерудің, оқытудың теориясы мен практикасындағы орнын анықтау.

  2. Математикадан тесттік тапсырмалардың мемлекеттік стандарты мен бағдарламаларға сай құрылғандығын әдістемелік тұрғыдан қарастыру.

  3. Математика пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін тесттік тапсырмаларды пайдаланудың ұйымдастырушылық-педагогикалық және дидактикалық шарттарын анықтау.

  4. Тесттік тапсырмаларды жүйелі түрде қолданып, оқушыларды математикадан білім дәрежесін жақсаруын эксперименттік тұрғыдан тексеру.

Республикамызда білім беру жүйесіне қатысты қабылданған құжаттар оқушылардың білім сапасын арттырып, білім беруді әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді көздейді. Білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне біріктіру болмақ. Білім сапасын бағалаудың әртүрлі сандық және сапалық көрсеткіштері бар. Соның бірі – тест.

Тесттік тапсырмалардың оқушы білімін сапалы бағалау үшін ережелерге сай құрылуы тиіс. Жалпылама түрде тест тапсырмаларына мынадай талаптар қойылады:

  • Белгілі бір ережеге сай құрылуы;

  • Оқу материалына сай болуы;

  • Тәжірибеде тексерілуі;

  • Қиындық деңгейінің есептелген көрсеткішінің болуы;

  • Формасы бойынша материалының алуан түрлі болуы қажет. [2]

Қазіргі таңда дәстүрлі бағалаумен қатар, Қазақстанның білім беру жүйесінде заманауи педагогикалық бағалау жүйесі – тест кеңінен қолданылуда. Оқытуда тестті қолдану оқушылардың білімін, машығы мен дағдысын тексеру әдістерінің ішіндегі әр оқушының дербес жұмысын бақылай алудың қосымша тиімді түрі болып табылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жоғарғы сынып оқушыларының дайындық деңгейін және жапы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың біліміндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест нұсқасының әдістемелік сапасы, педагогиканың дидактикалық талаптарына сәйкестігі, бағалау критерийінің құрылым шешуші рөл атқарады. оқушының игерген білімі нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды іріктеп ала білу, қажет болған жағдайда құрастыра білудің де маңызы зор.

Тапсырмалар санына байланысты қысқа тест – 5-25 аралығындағы, ұзын тест – 100-500-ге дейінгі тестті атаймыз. Жалпы тесттің мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

- Жеке – дара топтық объектіні таңдап алу;

-Іс-әрекетінің сипатына қарай;

-Жазбаша, ауызша – орындалу формасына қарай;

-Табиғи, зертханалық жағдай жүргізу орнына қарай;

-Сөздік – сандық, кеңістік – графикалық көрсету формасына қатысты. [3]

Тест тапсырмаларының математикалық білімді қалыптастырудағы орны ерекше. Математикалық білімді бағалауда тест тапсырмаларының дәстүрлі бақылау жүйесінен мынадай артықшылықтары мен ерекшеліктерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, тесттер – бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілі. Тесттердің объективтілігіне оны өткізу процедурасын, тесттік тапсырмалардың сапа көрсеткіштерін тұтасымен стандарттау және тексеру жолымен қол жеткізіледі.

Екіншіден, тесттер – неғұрлым сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері оқушыларды белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес, оқу бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік, дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарланған.

Үшіншіден, тесттер – неғұрлым ауқымды құрал. Тест жұмысын орындай отырып, әрбір оқушы бағдарламада көзделген барлық тақырыптар бойынша тапсырма орындайды.

Төртінші, бақылау жұмыстарынан маңызды айырмашылығы оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен оқушылардың өзара қатынасын, оқушылардың тестілеу кезіндегі іс-әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру процедурасын реттейтін қатаң ереженің болуы.

Бесінші, тесттердің айырмашылығы, олар баға критерийлерінің бірліктерін пайдаланып және өткізудің стандарттық шарттарын көздеп, барлық оқушыларды тең жағдайда қояды. [4]

Бүгінгі таңда барлық жоғары сынып оқушыларының нақты білімін сырттай бағалау Ұлттық Бірыңғай Тестілеу арқылы жүргізетіндігі барлығымызға мәлім. Сол себепті, барлық оқушылардың білімін бағалап, тексеріп отыру өте маңызды. Мәселен, мен педагогикалық іс-тәжірибе барысында 11 сынып оқушыларының білімдерін күнделікті қадағалап отыру үшін тесттік бақылау түрін қолдандым. Себебі, жоғарыда айтылғандай тесттің ерекшелігі уақытты үнемдей отыра, барлық оқушыларды назарда ұстауға мүмкіндік береді. Сол себепті, оқытудағы жетістік ретінде мен мына тексеру тестін мысалға келтіре аламын. Сабақ процесін ұйымдастыру кезеңінен өткен соң мен оқушыларға 10 минутқа арналған екі нұсқадағы тесттік тапсырмаларын бердім. Олар: [5]

1-нұсқа

1.Өрнекті ықшамдаңыз:

А)

В)

С) -1

Д) 1

Е) 0

2.Теңдеуді шешіңіз: 10lg(х-0,99) = ; х9 + 9х мәнін есептеңіз, мұндағы х

теңдеудің түбірі.

А) 18

В) 8

С) 9

Д) 10

Е) 16

3. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

А) (1; 3)

В) (3; -1)

С) (3; 1)

Д) (2; 1)

Е) (2; 4)

4. Теңдеуді шешіңіз: lgx * lg(100x) = 8

А) 100

В) 0,001; 100

С) 0,0001; 100

Д) 0,1; 100

Е) 0,01; 100

5. Теңдеуді шешіңіз:

А) ;

В)

С) 0; 3

Д) 1

Е)


2-нұсқа

1.Ықшамдаңыз:

А) 25

В) 9

С) 17

Д) 48

Е) 14

2. Теңдеуді шешіңіз:

А) 5

В) -8; 5

С) -5; 8

Д) -8

Е) 5; 8

3. Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:


А) (3;7]

В) шешімі жоқ

С) (-∞; +∞)

Д)

Е)

4. Есептеңіз: ()-1

А)

В)

С)

Д)

Е)

5. Теңдеуді шешіңіз:

А) -1; 1

В) 0; 1

С) -2; 0

Д) -0,5

Е) -0,5; 1

Кесте 1.1.

Тесттің дұрыс жауап нұсқалары

1-нұсқа

2-нұсқа

1. А

1. Е

2. Д

2. А

3. Д

3. Д

4. С

4. В

5. А

5. Д

Бұл тесттерді алу мақсатым оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру және бағалау болған және мен осы мақсатыма тесттің көмегі арқылы жете алдым. Математикалық білімді қалыптастыру үшін оқушылардың ұстаз ең алдымен пәнге деген қызығушылығын арттыра білу керек. Ал, қызығушылығы артады, егер оқушы сабақ барысында назарда болып, тақырыпты түсіну дәрежесі елеп-ескеріліп, сандық сипатта бағаланып отырса. Алғашқы сабақта тест алу барысында оқушылар біршама қиындықтарға тап болып, оларды тек қатемен жұмыс кезінде жоя білсе, екінші сабақта алғашқы тестке ұқсас тестті орындау барысында оқушылар асқан қызығушылықпен орындап, алдыңғы қателерін жібермеуге тырысты. Жоғары сынып оқушылары ҰБТ кезінде логарифмдік теңдеулер, әсіресе, логарифмдік теңсіздіктер кездескенде көбі қиналса, сұрақ-жауап барысында оқушылар сондай типтес есептерге тоқталып шығарып көруге тырысқандарын айтты. Яғни, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, тесттің математикалық білімді қалыптастыруда және дамытудағы орны зор.

Сонымен, жоғары сынып оқушыларының математикалық білімдерін тестілік тапсырмалардың түрлерімен ұштастыра, оны бақылау мақсатында ғана емес, сонымен қатар орта мектепте тестілік тапсырмаларды оқыту мен дамыту мақсатында да жүйелі пайдалану әрбір оқушының математика пәні бойынша тиісті даярлық деңгейіне жетуіне жағдай жасайды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана от 27 января 2012 года «Социально-экономическая модернизация -главный вектор развития Казахстана»

2. Аванасев В.С Применение заданий в тестовой форме в новых оброзовательных технологиях. Школные технологий №3, 2007, 146 – 163 б.

3. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауда өткізу жөніндегі нұсқалық. ҚР БжҒМ №151 бұйрығы, 2012

4. А.Әбілқасымова, А. Егізбаева. Тестілер – оқушылар зердесін дамыту құралы. №2 , 1998, 3-5б

5. Б.Бидайбеков, А.Сағымбаева. Тест құрудың бір критерийі. №5,1997, 3-5б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕКТЕП О?УШЫЛАРЫНЫ? МАТЕМАТИКАЛЫ? БІЛІМ ДЕ?ГЕЙІН ТЕКСЕРУДІ? ??РАЛЫ

Автор: Байбатчанова А. А

Дата: 19.04.2016

Номер свидетельства: 320231


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства