Жа?а технологияны о?ыту ?рдісінде тиімді пайдалану
Жа?а технологияны о?ыту ?рдісінде тиімді пайдалану
Педагогикалы? технологиялар - б?л білімні? басымды ма?саттарымен біріктірілген п?ндер мен ?дістемелерді?, о?у-т?рбие процесін ?йымдастыруды? ?зара орта? т?жырымдамамен байланыс?ан міндеттеріні?, мазм?ныны? формулары мен ?дістеріні? к?рделі ж?не ашы? ж?йелері, м?нда ?р позиция бас?аларына ?сер етіп, а?ыр ая?ында о?ушыны? дамуына жа?ымды жа?дайлар жиынты?ын ??райды. Педагогикалы? технология - іс-?рекетке, о?ыту барысында ж?зеге асатын педагогикалы? ж?йе. Ол жеке т?л?аны жетілдіруге, белгілі бір ма?сат?а жету жолында арнайы ы?палды ?й?ару?а ?ажетті байланыс?ан ?діс-т?сілдер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?а технологияны о?ыту ?рдісінде тиімді пайдалану»
Ибраева Э. М.
Астана қаласы №63 мектеп-гимназия
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Педагогикалық технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол жеке тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі болып табылады. Яғни, технология – соңғы нәтиже алатын, ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі [2]. Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Ал осы әдіс-тәсілдерді, яғни жаңа технология таратушы, оны жүзеге асырушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана – ұстазсың. Сондықтан да жаңа технологияны еңгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.
Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны әдістемеден ажырата алмайды. Егер әдістеме көбінесе оқу процесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекшелігі бар. Біріншіден технология – бұл соңғы нәтижеге берілетін кепілдік; екіншіден, технология – бұл болашақ оқу процесінің жобасы. В.М.Монахов өзінің педагогикалық технологиясында мынандай анықтама береді: педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқытушымен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау.
Белгілі орыс жазушысы М. Горький «Мұғалім - әрбір алғаш ашатын кілт» деп тегін айтпаған. Яғни, мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінеді. Біздің басты міндетіміз – Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды [3].
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Сонымен қатар, жаңаша оқытудың негзгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы да жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын қалыптпстыру, қадір қасиет сезімін дамыту.
Демек оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой – құрастыру әрекеттерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту;
- Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру;
- Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру;
- Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
-Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- Дамыта отырып оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б) арналған дамыту жаттығулары;
Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудыың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады [1].
Атақты педагог-ғалым В. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» дегені бекер айтылған сөз емес [4].
Осыларға үніле қарасақ, қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты мақсатта тұр. Себебі, республика мектептерінің кәсіптік білімі мен мәдениеті жоғары лайықты мұғалімдерге зәру болып отырғаны жасырын емес. Қазіргі мектепте мұғалімнен жасанды қабілеттілік емес, нақты кәсіптік еңбектің міндеті атқарылуы талап етіледі. Педагогикалық технологияның басты сипаты да, міне, осы.