| Бірқатар оқушылар үшін: екі-үш амалды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану. |
Кейбір оқушылар үшін: үш жəне одан да көп амалдарды тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану. |
Тілдік мақсаттар | Пəндік лексика жəне терминология:қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəні, амалдардың орындалу тəртібі. |
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Тиімді есептеу тəсілі дегеніміз не? ... Қосылғыштарды тиімді топтауға бола ма? Сандарды ретімен жəне кері ретпен санай аласың ба? Қай қосылғыштарды қосындысымен алмастыруға болады? Амалдардың орындалу тəртібін көрсете аласың ба? |
Тірек білімдер, білік, дағдылар | Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, қосудың жазбаша тəсілдері. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-əрекет | Қоры |
0–3 | Ынталандыру. Мұғалім күнделікті өмірде тиімді жəне тез есептеудің қажеттілігі туралы əңгімелейді. - Тиімді есептеу дегеніміз не? (Шапшаң, қысқа жолмен, тез есептеу). Қосудың қасиеттері қолданылады. Көп нəрселерді топтап есептеуге болады. | |
4–6 | Белсендіру. Оқулықтағы №1-тапсырмада қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері қаралады. Толық ондықтарға толтыру үшін сандардың құрамын қолданады. «Үндемес» ойынын ойнауға болады. Оқушылар сан жазылған қиықшаларын көрсетеді. Мұғалім санды толық ондықтарға толтыруды ұсынады: 10, 20, ..., 100 толтыру үшін қай санды қосасың? | Сандардың қиықшалары, оқулық, жинақ |
7–11 | Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). Жұмыс дəптеріндегі №2-ге ұқсас тапсырмалар беріледі. 7+6+3 өрнегінде тиімді есептеу тəсілін қарастырады. Оны топпен орындайды. Оқушы сабақтың тақырыбын, қосудың қасиетін ашуға ұмтылады. | Оқулық |
12–29 | Жаңаны ашу. Оқулықтағы №1-тапсырманың нəтижесін қорытады. Түрлі түсті маркерлер немесе заттар көмегімен қосудың қасиеттерін бекітеді: екі немесе үш қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастырғаннан қосынды өзгермейді. Қосынды қосылғыштарды топтастырып қосқаннан өзгермейді. Қосудың қасиетін көрсететін əріпті өрнекті ереже түрінде іліп қоюға болады. ( a + b ) + c = a + ( b + c ) = a + b + c . Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулық бойынша жұмыс жасалады. Қосудың қасиетін білдіретін мысалдар түсіндіріледі. Оқушыларды топқа бөліп, санау материалдары көмегімен қосудың қасиетін көрсету ұсынылады. Өздік жұмыс. Жұмыс дəптерінен №1,2-тапсырма орындалады. Оны бағалау критерийіне сүйеніп, өздеріне баға береді. | Оқулық, дəптер. Санау материалдары. Сабақтың презентация сын қолдану |
| Қосылғыштарды іріктеп, оларды тиімді топтаймыз. Қосылғыштарды шапшаң есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолданамыз! Тапсырманы тексеру барысында мынадай сұрақтар қойылады: –Неліктен кейбір қосылғыштарды топтау керек? –Қандай қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастыруға болады? –Амалдарды қандай тəртіппен орындайсың? | |
30–40 | Жаңаны қолдану. Оқулықтағы №2тапсырманы жеке не жұппен орындайды. Егер қиын болып жатса, онда санау материалдарын қолданады. Өздік жұмыс. Оқулықтағы №3-тапсырма есеп құрастыруға беріледі. Есепті сызбасы бойынша құрайды. Есепке кері есептер шығарылады. Сыныпт топқа бөлініп, есеп құрастыру бойынша жарыс өткізіледі. Есеп шығарылған соң, оны бағалау жүргізіледі. | Оқулық, дəптер Санау материалдары |
41–45 | Рефлексия. Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы: қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданады; жақшалы жəне жақшасыз өрнектің мəнін табады; амалдардың орындалу тəртібін біледі. | Жетістіктер жолағы |