Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ
Тақырыбы :
Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прог-
ресссияның n- ші мүшесінің формуласы
( 9 сынып өткізілген ашық сабақ)
Пән мұғалімі : Шоткина Нуркия Кенесаровна
2015-2016 оқу жылы
Класс: 9
Пәні: Алгебра
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессия.Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы
Мақсаты :
1. Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның айырмасы, n- ші мүшесінің формуласы және қасиеттері жайлы түсінік беру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есептер шығарудағы іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуін, білімділігін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, дәлдікке, жүйелі түрде
Түрі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: Үш өлшемді деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: компьютер, слайт, кестелер,сызбалар, деңгейлік тапсырмалар
Барысы: 1) Ұйымдастыру
2) Үй жұмысын тексеру
Топшамамен жұмыс берілді. Әр оқушы өздеріне берілген топшаманы слайтардағы жауаптары арқылы тексереді.
1 топ: аn мүшесін табу формуласын жаз. а n = 2n болғанда үшінші, бесінші, алтыншы мүшесін тап.
2 топ: x n шекті тізбек берілген; 3, 0, -3, -6, -12. Оның бірінші, үшінші, алтыншы мүшелерін атаңдар.
3 топ: (a m ) тізбегі a n =3n-1 формуласымен берілген. a 1 , a 2 , a 3 -ды табыңдар.
4 топ: Тізбек 1) a n =5n+2, 2) b n =n 3 -3 формуласымен берілген. Оның үшінші мүшесі неге тең? (Дастан)
3)Жаңа материалды меңгерту
9 оқушы бір апталық демалысын өткізу кезінде шаңғы базасынан спорт бұйымдарын жалға алды. Ол берілу құны бойынша бірінші күні 800 теңге, ал келесі күндері қосымша 300 теңгеден қосып төлеп отыруы қажет. Егер оқушы спорт бұйымдарын жалға бір аптаға алатын болса, онда әр күні қанша төлеуі қажет.
Есеп бойынша мына тізбекті аламыз: 800, 1100,1400,1700,2000, 2300,2600
Мындай тізбекті АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ дейміз.
Анықтама: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты сандар қосқанда шығатын сандар тізбегін ариметикалық прогрессия диміз.
Қосылатын тұрақты сан, кез келген көршілес екі мүшесінің (алдыңғы және кейінгі) айырымы екенін байқауға болады. Бұл санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атап, d әрпімен белгілейміз.
а1 =2 және d=0,5болса,
онда а2 =а1 +d=2+0,5=2,5
а3 =а2 +d=2,5+0,5=3
а3 =а2 +d=3+0,5=3,5 және т.с.с
арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойынша
а2 = а1 +d
а3 = а2 +d=( а1 +d)+d= а1 +2d
а4 = а3 +d=( а1 +2d)+d= а1 +3d
а5 = а4 +d=( а1 +3d)+d= а1 +4d
аn = а1 +(n-1)•d
1 мысалдар: 218;212;206;200;194.....арифметикалық прогрессиясының 122 мүшесін есептеңдер.
а1 =218 а2 =212 d= а2 - а1 =212-218= -6
аn = а1 +(n-1)•d
а122= 218+(122-1)•(-6)=218-726=-506 Жауабы: -506
2 мысал: 4;9;14;19;24;29;.......арифметикалық прогрессиясы берілген. Прогрессияның 304 ке тең мүшесінің реттік нөмерін анықтаңдар.
а1 =4 d= 5 аn =304
аn = а1 +(n-1)•d
304= 4+ (n-1)*5
5*(n-1)=304-4
5*(n-1)=300 (n-1)=300:5
(n-1)=60
n=60+1
n=61 Жауабы: 61
3) сергіту сәті: андеграунт ойынын ойнату
4) кітаппен жұмыс:
№165
3;7;11; ......... арифметикалық прогрессиясының а) алтыншы; ә) отызыншы мүшесін табыңдар.
Шешуі: аn = а1 +(n-1)•d а1 =3 d=7-3=4
а6= 3+(6-1)•4=3+20=23
а30= 3+(30-1)•4= 3+29*4=3+116=119
№166
Бірінші мүшесі 130-ға, ал айырымы -3 ке теңарифметикалық прогрессияның а) төртінші, ә) он бесінші мүшесін табыңдар.
аn = а1 +(n-1)•d а1 =130 d=-3
а4= 130+(4-1)•(-3)=130+3*(-3)=130+(-9)=121
а15= 130+(15-1)•(-3)=130+14*(-3)=130+(-42)=88
№167
а) 1;4;7;10;13;..... ә)3;0;-3;-6;-9;..... б) 4;9;16;25;.... тізбектерінің қайсы арифметикалық прогрессия бола алады?
Жауабы: а, ә,
7) Тест орындау :
1. a1 =-2, d=3 a6 = ?
a) -13 b) 13 с) -16 d) 16
2. a1 = 10, d= 4 , n = 11 болатын арифметикалық прогрессияның соңғы мүшесін есептеңіз
a) 50 b) 81 c) 30 d) 62
3. Жұп сандар тізбегін көрсет:
а) 1,2,3,... b) -1,-2,-3,... с ) 2,4,6,... d) -2,-4,-6,....
8) Қорытындылау
9) Бағалау
10) Үйге тапсырма
№ 168 ә) № 169