(Ұ,Т) Оқушыларды шеңбер бойынша отырғызып,қыс, көктем, жаз, күз деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілі бойынша топқа бөлу. Әр топқа жыдың төрт мезгілінің суретін таратып беру.Олардан өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен ойнайтын ойын аттарын топтастырып жазғызу. Әр топтың жауабын тыңдау. Барлық топтың жауабын тыңдағаннан кейін,ортаға әр топтан біроқушыны шығарып,оларға ай аттары жазылған кеспеқағаздарды бір-бірден таңдап алуын өтіну.Ай аттарының реті бойынша тұрады. Ал басқа оқушылар ай аттарын хормен атап шығу керек. Ай 30 немесе 31 тәуліктен (ақпанда -28 немесе 29 тәулік бар)тұрады. Күндердің апта және ай бойынша ретімен жазылуын «күнтізбе»- деп те атайды. Айға арналған күнтізбе- бұл күндер ретімен жазылған жазба. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29 күн. (МК) Сен білесің бе? Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай -ақпан Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға - бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету. Уақыт аралығы мен уақыттың өлшем бірлігі жыл туралы түсінік беру үшін bilimland.kz/iMektep арқылы видеокөрініс көрсету. Шығарып көр. Жыл -уақыт аралағы. 1 жыл -12 айға немесе 365 тәулікке тең. Ай аттарын оқы. Өзің туған айды ата. Бүгін қай айдың қай күні. Келесі қай ай болады. Күнтізбе бойынша анықта. а) Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.Сәуір айында оқушыларда неше демалыс күні болады? Жауабы: 9 күн б) Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады. Жауабы: 8 күн (Ж) Жазғы демалыс. Оқу жылы 9 айға созылды. Ал оқушылар қалған уақытты жазғы демалыста болды. Олар жазда неше ай демалады? Жауабы: 3 ай (Ж)Шығарып көр. а) Өткен жылы Данияр 6 жаста болды. Ол қазір неше жаста? Ол 3 жылдан кейін неше жаста болады? Жауабы: Қазір 7 жаста. 3 жылдан соң 10 жаста болады. ә) Арман 1 ші қыркүйектен бастапсанап, жаңа жылдың неше айдан кейін келетінін білмекші болды.Оған көмектес. Жауабы: 4 айдан соң. б) Қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай болды? Жауабы: шілде Қалыптастырушы бағалау |