«Сүт» пен «стакан» арасындағы байланысқан ұқсас байланыс «хат» пен төмендегі сөздердің қайсысында бар? ( А )
А) марка В) конверт С) қалам Д) почташы
Төмендегі сөздер қатарының үшеуін белгілі бір ерекшелігіне қарай топтасақ, қай қатарда бұл ерекшелік болмай қалады? ( С )
А) қол, білек, саусақ В) көз, қас, кірпік
С) ағаш, бұтақ, парта Д) мектеп, сынып, парта
Теңдеуді шешіңіз: 14 - ( -5х + 13 ) = 6х ( В )
А) 4 В) 1 С) 3 Д) 2
Қаңтардың анасының үш баласы бар. Балаларының біреуінің аты Қыркүйек, екіншісінің аты Қазан. Онда үшіншісінің аты кім? ( С )
А) Қараша В) Желтоқсан С) Қаңтар Д) Ақпан
Сұрақтарда берілген сан тізбектерінің соңғы сандарын табыңыз.
а) 1 4 7 10 х
А) 11 В) 12 С) 13 Д) 14
ә) 0 3 8 15 х
А) 24 В) 22 С) 18 Д) 16
Қаңтар – Күннің барынша қысқарып, қаңтарылып тұрып қалуы. Ата-бабаларымыз «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» деген екен.
22-Қаңтар – Грегориус күнтізбесінде жылдың 22-ші күні. Жылдың аяғына 343 күн қалады.
Сәрсенбі – Меркурий – Сынап.
Ежелгі Римде 3-ші күн – Меркурийдің құрметіне аталған.
«Сәрсенбі - Жаратушының әлемді жаратқан күні, аспан шырақтарының пайда болған күні.» (Микеланджело 1511ж)
Меркурий – Күнге ең жақын және Күн жүйесіндегі 1-ші ең кіші ғаламшар. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Қазақша атауы – Болпан немесе Кіші Шолпан.
Сынап – химиялық элемент. Табиғатта бос күйінде сирек, көбінесе суда еріген және газ қалпында кездеседі.
ІІ. Жаңа сабақ.
ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х – айнымалы, а және в – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Мысалы: 0,9х=4,5; 2х+5=3х-2; +11= +9 – бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.
Теңдеуді шешу барысында берілген теңдеу мәндес теңдеуге түрлендіріледі.
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Мысалы: 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі 4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.
Теңдеуді мұндай түрлендіруді енгізген ІХ ғасырдағы Орта Азия ғалымы Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.
ах=в теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар.
І. а≠0, болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, х= теңдігін жазамыз. Демек, бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі бар.
1-мысал. 2,3х=9,2
х=
х=4
Теңдеудің түбірі 4-ке тең.
ІІ. а=0; в≠0 болса, теңдеу 0х=в түрінде жазылады. 0х=в теңдігі х-тің ешқандай мәнінде тура болмайды. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.
2-мысал. 7х+3=7х+5
7х-7х=5-3
0х=2
Теңдеудің түбірі болмайды.
ІІІ. а=0 және в=0 болса, теңдеу 0х=0 түрінде жазылады. Кез келген санның нөлге көбейтіндісі нөлге тең болғандықтан, х-тің кез келген мәнінде теңдік тура болады. Демек, 0х=0 теңдеуінің түбірі кез келген сан болады. Теңдеудің шексіз көп түбірі бар.
3-мысал. 2х+х-5=3х-5
3х-3х=5-5
0х=0
Кез келген сан теңдеудің түбірі болады.
ІІІ.Есеп шығару. №835, №836, №837
ІV. Бекіту.
Сұрақ белгісінің орнында қандай сан болды?
І. (2, 0)
ІІ. (2, 1)
ІІІ. (3, 2)
ІҮ. ( ? )
А) 5,4 В) 5,2 С) 5,3 Д) 3,5
Сұрақ белгісінің орнында қандай фигура болады? ( Д )