Просмотр содержимого документа
«Бір - біріне ?арама - ?арсы ба?ытта?ы ?оз?алыс?а есептер шы?ару »
Қостанай қаласы
№9 орта мектебі
Мурзатаева Куляш Нартаевна
Оқу орны: Рудный педучилище - мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі, Қостанай Мемлекеттік пед институт – мамандығы бойынша қазақ тілі және әдебиет
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі – 36,5 жыл
Санаты: І
4 «Ә» сынып
Тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.
Мақсаты: 1) Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл – ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз
ойын қорытындылай білуге баулу.
3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Өзіндік бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық - аралас
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Әдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, графикалық тест жұмысы.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы ( 20 бөлікке бөлінген), сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, ұран сөз, қозғалысқа қатысты формула макеті, дөңгелек, шеңбер макеттері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат,
Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық
ІІ. «Ой ашу» стратегиясы
- Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.
1. Жылдың бесінші айын ата. / мамыр /
2. Бүгін аптаның қай күні? ( бесінші)
3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі. ( 320 )
4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
5. 513 пен 515 - тің арасында қандай сан бар? (514)
6. Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)
ІІІ. Сабақ мазмұнымен таныстыру
- Балалар алдымызда үлкен мереке келе жатыр. Ол қандай мереке?
- /.............. /
- Бұл туралы күнделікті айтып жүрміз, теледидардан да көріп жүрсіңдер. Осы мерекеге орай еліміздің облыстарында, қала - аудандарда, ауылдарда, мекемелерде « 20 жылдыққа 20 жарқын іс» деген ұранмен көптеген жұмыстар жасалып, шаралар өтуде. Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасай отырып «20 жарқын іс» деген ұранмен 20 бөліктен тұратын тапсырмаларды орындай отырып, мына мозайканы құрастыруларың керек. Бұл сендердің тәуелсізік мерекесіне 20 жарқын істерің болады.
ІҮ. Тірек білімді еске түсіру.
Алғашқы 6 бөлшекті әр топқа 2 - ден таратамын. Сұрақтарға көрнекілікті пайдаланып жауап береді де, өрнектерді тақтаға шығарады.
І топ. 1) Шеңбер деген не? 2) 4200 * 70
ІІ топ. 1) Дөңгелек деген не? 2) 548100: 90
ІІІ топ. 1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.
2) 15300 * 80
- Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? /............ /
Ү. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымызда бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір - біріне жақындап келеді.
V¹=40 км/сағ -------------------- t =? сағ --------------------- V²=60 км/сағ
-----------------------------------S = 400 км
Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
Екі бірдей шаршыдан қабырғалары 3 см және 6 см болатын тік төртбұрыш құрастырылды. Есептің сызбасын сызып, периметрін тап.
ҮІІІ. Сабақты бекіту кезеңі
- Міне, балалар, бүгінгі сабағымызда сендер 20 жарқын іс істеу арқылы еліміздің картасын құрастырдыңдар. Жарайсыңдар! « Егеменді елдің ертеңі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді» деп айтылғандай сендердің еліміздің көркеюіне ең басты қосар үлестерің сабақты жақсы оқып, оқуды жақсыға аяқтау.