Просмотр содержимого документа
«?осу ж?не азайту 50+3,53-3 »
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту 50+3 , 53-3
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тапсырмалар орындай отырып , санның ондық құрамына негізделген қосу және азайту жайлы түсініктерін кеңейту және ондықтарға бірліктерді еркін қосып, азайта білуге үйрету. Есептер шығарып, оған кері есептер құрастыру;
Дамытушылығы: Шапшаң есептей білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Амандасу,оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын тексеру.
Психологиялық дайындық. Бір,екі үш,
Бойға жинап күш.
Жалқулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Кіріспе сөз:
- Балалар, алдымен өзімді таныстырып өтейін.Менің аты-жөнім Ізімбергенова Нұргүл Құсайынқызы. Мен № 6 орта мектепте өздерің сияқты бүлдіршіндерге сабақ беремін. Бүгін сендермен бірлікте математика пәнінен білімдерімізді ортаға салатын боламыз. Сондықтан бар білетінімізді бүгіп қалмай, сабаққа жақсы қатысып отырайық.
Балалар, үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па?
(Балалардың жауабы) Олай болса, мен сендерге сенемін. Өткен сабақтарды да жақсы меңгерген боларсыңдар деп ойлаймын. Сондықтан сабағымызды бірден жаңа сабақтан бастағым кеп тұр.
«Әйнекшелердің» орнындағы сандарды суретті пайдаланып тауып, жаз:
90+5= 60+ 0= 40 + 4=
95-5= * - 0= * - 4=
95-90= 60-*= 44 - * =
5+ 90= 0+60= 4 + 40=
2-слайд
Күннің жады және жаңа тақырып атауын дәптерге жазу.
Қыркүйектің 25-сі
Қосу және азайту 50+3, 53-3
-Балалар, қазір № 2 тапсырмада берілген салыстырудың бірінші бағанын ғана орындай қояйық. (Тақтада орындау)
2онд.3бірл. * 2онд.8бірл.
5онд.5бірл. * 6онд.5бірл.
76* 70+9 54*65-5
38*46-6 72*75-5
ІІІ. Сергіту сәті
3-слайд
9 шелек алма бар еді. Балабақшаға 5 шелек алма жөнелтілді. Неше шелек алма қалды?
-Балалар, есепте не туралы айтылған?
- Алма дегеніміз не? Пайдасы қандай?
- Жемістер жылдың қай мезгілінде пісіп жетіледі?
- Қазір қай мезгіл? Күз айларын атай ғой.
-Енді есепке қайтып оралайық.
1.Есепте не белгілі?(9шелек алманың болғандығы белгілі).
2.Тағы не белгілі? ( 5шелек алманың балабақшаға жіберілгені белгілі)
3. Ал не белгісіз? (Неше шелек алма қалғандығы белгісіз)
4. Шартын қалай құрамыз?
Болды- 9ш Кері есеп. Болды-?ш
Берді- 5ш Берді-5ш
Қалды - ?ш Қалды-4ш
Ш: 9-5=4 Ш: 5+4=9
Ж: 4 шелек қалды. Ж: 9 шелек болды.
- Енді 4-тапсырмаға назар салайық.(Ауызша орындау)
2 және 3 цифрларын пайдаланып, қандай екі таңбалы сандар жазуға болады?
23 және 32.
- Бұлар қандай сандар?
- 23 санында неше ондық, неше бірлік бар деп ойлайсыңдар?
- 32 санында ше?
4-слайд
- Суретте барлығы неше көпбұрыш бар?
- Көпбұрыштарды қандай топтарға бөлуге болады?
5- слайд «Өз орныңды тап» ойыны
Жарайсыңдар, балалар. Енді «Өз орныңды тап» ойнын ойнайық.
Балалар, біздің Жаңаөзен қаласында концерттер, үлкен жиындар көбінесе қай жерде өткізіледі?(Мұнайшылар сарайында).Олай болса, сол «Мұнайшылар сарайына» біз сендермен концертке бардық деп есептейік. Біздің қолымызда билеттер бар. Ол билетте 24,33,48,35,43,39,15,19 деген сандар берілген. Бұл билеттегі сандардың ондығы қатардың ретін, ал бірліктері сол қатардың орнын білдіреді. Мына берілген тор көздерге қараймыз. Тор көздің бірінші қатары 1 ондықтың,2-ші қатары 2ондықтың,3-ші қатары 3 ондықтың, 4-ші қатары 4 ондықтың ретін білдіреді.Оның ішіндегі тор көздер қатардың орнын білдіреді. (Мысал ретінде көрсетемін)
- 24 санында неше ондық,неше бірлік бар? 24 саны қандай ондық пен қандай бірліктің қосындысы? 48 саны ше? 35 саны ше?