Просмотр содержимого документа
«К?бейтуді? компоненттері »
Сабақтың тақырыбы: Көбейткішкіштер және көбейтінді. Көбейтіндінің мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға көбейту амалына берілетін бір амалмен шығарылатын есептерді шығару арқылы білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы ойлау қабілетін дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеуге, жұмыста шапшандылық танытуға машықтандыру.
Тәрбиелігі: өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,математикалық ойын кестелері,ережелер.
Оқыту әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың мазмұны:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Балалар,бүгін бізде ерекше күн.Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып,өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.
Психологиялық дайындық:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:№7,207 бет
ІІІ.Өткенді пысықтау:
-Математикада қанша амал болады?
-Қосудың компоненттерін атаймыз?
-Азайтудың компоненттерін атаймыз?
-Қосудың қандай қасиеттерін білеміз?
ІҮ.Жаңа сабақ:.....Оқулықпен жұмыс
№1. 3х2=6 6:2=3
3х2-көбейтінді 6:2-бөлінді
6-көбейтіндінің мәні 3-бөліндінің мәні
3-көбейткіш 6-бөлінгіш
2-көбейткіш 2-бөлгіш
№2. а)5 пен 2-нің көбейтіндісін жаз.Көбейткіштерді ата. Көбейтіндінің мәнін тап.
ә )10 мен 5-тің бөліндісін жаз. Бөлінгіш пен бөлгішті ата. Бөліндінің мәнін тап.
5х2=10 10:5=2
5-көбейткіш 10:5- бөлінді
2-көбейткіш 2-бөліндінің мәні
10-көбейтіндінің мәні 10-бөлінгіш
5х2- көбейтінді 5-бөлгіш
№3. 3х2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады?
Көбейтіндінің мәні 6-ны бірінші көбейткіш -3-ке бөл.
Нәтижені тап.
6:3=2
Көбейтіндінің мәні 6-ны екінші көбейткіш- 2-ге бөл.Нәтижені тап. Қорытынды жаса.
6:2=3
Қорытынды:.егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе,онда екінші көбейткіш шығады.
№4.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр және оларды шығар:
6х3=18 7х3=21 8х3=24 9х3=27
18:3=6 21:3=7 24:3=8 27:3=9
18:6=3 21:7=3 24:8=3 27:9=3
Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарап иіліп,
Солға қарап иіліп,
Бір отырып ,бір тұрып
Қайта есеп шығарайық.
№6.Әкесі 53 жаста, ал баласы одан 41 жас кіші. Әкесі мен баласының жасы бірге алғанда қанша болса ,атасы сонша жаста. Атасы неше жаста?