Пәні: математика | Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден | Сыныбы: 6 "ә" | Мерзімі: 15.10.14 ж |
Тақырыбы: Координаталық түзу |
Мақсаты: Оқушылардың координаталық түзуге оң және теріс сандарды жаңылмай кескіндеуге, екі санның қашықтығын координаталық түзуден табуға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірлерін анық, ашық жеткізуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже: Координаталық түзуді сызып, берілген сандарды кескіндей алады.Оң санның 0-санының оң жағында, теріс санның сол жағында екенін жаңылмай табады. Сыни тұрғыдан ойлай алады.Жасаған жұмыстарына гипотез жасап, қорытындылайды.Топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. |
Қолданылатын модульдер: Тренингтер, есте сақтау стратегиясы, сергіту сәті, кері байланыс. Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ - жауап, көшбасшылық |
Уақыт (мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Стратегиялар | Ресурстар |
І. Кіріспе (5 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы |
5 мин | Сәлемдесу. Жестпен амандасу. | Бір-бірімен амандасады | | | әуен |
ІІ. Тұсаукесер (3мин) Қызығушылығын оят у. |
3 мин | Топтастыру. 1-ші топ: Оң сандар 2-ші топ: Теріс жұп сандар 3-ші топ: Теріс тақ сандар Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер - соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады. | Үш топ болып топтасады. | | | сандар жазылған кеспе қағаздар . Слайд 1. |
ІІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы |
5 мин | 1.Координаталық түзуді танисың ба? Сипаттама бер. Қалай кескінделеді? Неліктен? Бірлік кесінді дегеніміз не? Бірлік кесінді 1 км-ге тең болуы мүмкін бе ? Координата сөзі қандай мағына білдіреді? Бір санға сәйкес координаталық түзуде қанша нүкте сәйкес келеді? Неліктен ? | Координаталық түзу болып табылатынның түсініп және ережесін атайды. | Формативті бағалау сұрақ - жауап | Миға шабуыл | Слайд 2 |
5 мин | 2.Мұқият қарап жануаларды орналастыр. Әр топқа жануарлардың суреті таратылады.( қанша бала болса, сонша) Әр жануардың артында координатасы жазылған. Тапсырмаға сәйкес координаталық түзуге орналастыру керек. | Координаталық түзуге сәйкес жануардың суретін жапсыру керек. Жұмысты біріне бірі алмастыру арқылы тексереді. | | Топпен жұмыс | Слайд 3 Кеспе қағаздар. Қайшы, Клей, Маркер Постер. |
10 мин | 3.Оқулықпен жұмыс. Ғалым болам десеңіз, Білімді жина басынан. Ғарышкер болам десеңіз, Шынықтыр дене жасыңнан № 310, 314, 320 есептерді шығарту. Шығарылған тапсырманы дұрысын тақтада көрсету. | Әр деңгейдің тапсырмасын оқушылар өздерінің әлдері келетінін таңдап алады. Егер барлығын үлгеріп шығарам десе, шектеу жоқ. | Бағалау парағы | | Оқулық 6-сынып. |
1 мин | Топқа бөлу. Санау арқылы | 1, .2, 3 болып бөлінеді | | | |
2 мин | Сергіту сәті Мен қазақпын | Видеороликке қарап билейді. | | | музыка |
13 мин | Сыни ойлауға үйрету Тапсырма: Координаталық түзуді өмірде неге ұқсатасыздар? Топ болып плакатқа жазып, сызып, суреттерін салдыру. | Әр топ жұмыстарын аяқтағаннан кейін, түсіндіріп пікірлерін айтады. | 2жұлдыз , 1 тілек смайлик | Сын тұрғыдан ойлау Топпен жұмыс | Постер, маркер |
4 мин | Логикалық тапсырма. Тілек хат. 3 конвертке салынған тілек хат. Бірақ олар солдан оңға қарай жазылған. Мәтінін тез арада оқып берулері керек. Мәтіні: "Қымбатты достар! Сендер еліміздің болашағысыңдар! Елбасымыздың алға қойған бір мақсаты өркениетті ел қатарына кіру. Сондықтан біріншіден жақсы білім алып, Қазақстанның көркейуіне ат салысайық! Алға, тек қана алға достар!" | Оқушылар бірігіп оқиды да бір-біріне тілек айтады. | | | Конверттер, мәтін |
IV. Қорытынды (7 мин) Кері байланыс |
7 мин | Қорытындылау. Оқыту үшін бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Сабақтан не үйренді, не үйренгісі келеді, ұнады ма ойын жапырақшаларға жазып, қу ағашты жапырақтармен толтырады. Рефлексия | Жақсы түсінген болса жоғарырақ, орташа түсінсе орта жағына, дұрыс түсінбесе астыңғы жағына іледі. | смайликтер | | |