«Білімді азамат — ел ерте?і», «Білім мен даналы? адам к?ркі», «Халы??а наннан кейінгі е? ?ажеттісі білім» т.с.с. білім туралы ?лы т?л?аларды? с?здері мен ?аза?ты? на?ыл с?здері бекерден бекерге айтылмаса керек.
О?ушыларды? ой-?рісін ке?ейтіп, есте са?тау ?абілетін шындайтын, білімге ?ызы?ушылы?ын арттыратын «математикалы? сайыс» ойынымызды ?сынып отырмын.О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, математикадан ал?ан білімін ?орытындылауда, т?лім-т?рбиесін, танымды? ?абілетін, белсенділігін арттыру ма?сатында , сыныптан тыс ?тілетін іс-шараларды? манызы зор. Т?менде «Зерде» ?дістеме орталы?ыны? ?йымдастыр?ан «Білімді ?рпа?-болаша?ты? негізі» атты апталы?та ??растырып, ?ткізген сайыс саба?ымны? жоспарын ?сынып отырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Математика а?ыл ойды? ?уені »
«Математика — ақыл -ойдыңәуені»
атты көңілді тапқырлар
ойын сайысы
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, математикадан алған білімін қорытындылауда, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру мақсатында , сыныптан тыс өтілетін іс-шаралардың манызы зор. Төменде «Зерде» әдістеме орталығының ұйымдастырған «Білімді ұрпақ-болашақтың негізі» атты апталықта құрастырып, өткізген сайыс сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
1-жүргізуші:
Meн қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ұзақ ұйықтап жұмса түз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімін де.
Жерді қозғау қиялы былай тұрсын
Жемісі де тимепті несібеме.
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп жолға салып ,
Сары күзы аксакалға көрсетті елге.
Бұл жерде танысасың Пифагормен,
Кемеңгер, ол- философ кезінде өткен.
Кездесесің дәл сондай тағы да бір,
Ғылымдармен жер жаһанға білім еккен.
Архимед, Пифагорың айтқаным бұл,
Талаптанып, білімге зейінін бұр .
Таудан аққан, төбеден төкті олар нұр.
Судай тасыр, әр бесік белден асқан,
Дүниеге сан алуан өнер шашқан.
Білім алып, олардың жолын қуған,
Әрбір адам өмірде өрге басқан.
Құрметті оқушылар және қонақтар, бүгінгі көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
КТК-ға келдік біз қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп жарысуға.
Сынау үшін өздерінің бақтарын,
Шықсын кәне, өнермен ортамызға.
Ортаға «Пифагор» және «Архимед» топтарын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Сайысты біз бастауға,
Әділ — қазы сайлаймыз.
2-жүргізуші:
Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. Алғашқы болып өзін таныстыратын «Архимед» тобы.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте «Пифагор» тобы өзін-өзі таныстырады.
2-жүргізуші:
Әділ-қазылар алқасы топтардың бағасын береді.
1-жүргізуші:
Ойынымыздың келесі кезеңі «Бақытты сәт».Топтар бір - біріне дайындап келген сұрақтарын қояды, қарсыластары жауап береді.
2-жүргізуші:
Келесі кезең «Математикалық жекпе-жек». Бұл кезеңде топтар сандар туралы мақал-мәтелдерді айтып жарысады.
1-жүргізуші:
Келесі «Сиқырлы қазан» кезеңінде көрермендермен ойын жүргіземіз. Ортаға математикалық фокустар жүргізу үшін сиқыршымызды шақырамыз.
1-фокус. 2 оқушы әр түрлі 2 зат жасырады. Мысалы, Әлия — оймақ, Ғалия - түйме жасырсын. Сиқыршы кімнің не жасырғанын тауып береді.
2-фокус. Суретте құстар бейнеленген. Кез-келген оқушы құстардың біреуін іштен атап, белгілеп алады, сиқыршы оның не құс екенін табуы керек.
2-жүргізуші:
Шешендік өнер кезеңін бастаймыз. Ортаға топ ақындарын математикалық айтыс айтуға шақырамыз.
Пифагор тобы:
Амандасу жасайын жалпыңызбен.
Қазақи әдет-ғұрып салтымызбен.
Есенсіз бе, жиналған қалың қауым,
Таныста болыңыздар жалпы бізбен.
Архимед тобы:
Ассалаумағалейкум әділ қазы алқасы,
Арналады сіздерге ен әуелгі сөз басы.
Алау етіп жүректі, жалау етіп тілекті,
Сәлем бердік бас иіп, ақындарың жүректі.
Пифагор тобы:
Мен кетейін өзімді таныстырып,
Туысқан, туғандармен табыстырып.
Пифагордың шәкірті мен боламын,
Тілеймін қарсыласқа табыстылық.
Архимед тобы:
Иіліп сәлем беремін,
Амансың ба әлемім.
Архимедтік шәкіртінен
Сәлемін қабыл ал елім.
Пифагор тобы:
Екі алыбы гректің, екі топтың ұраны,
Ойы ұшқыр команда алға озып шығады
Намыс туын арқалап біз түсеміз жарысқа,
Жеңіс туы желбіреп, жетсек дейміз табысқа.
Архимед тобы:
Жатпаймын ашып, тізбектеп
Әрқайсысы оның бір мектеп.
Архимедім не тұрар,
Пифагорға кім жетпек!
Пифагор тобы:
Есептен екен дүние,
Жаратқан оны бір есеп.
Басымызды иіп есепке,
Токтайық енді түйіндеп.
Архимед тобы:
Біріміз-Күн, біріміз-Ай болайық,
Сайыстың атына тек сай болайық.
«Іске сәт!» деп көпшілік бата берсе,
Бабалардың арманын қолға алайық.
1-жүргізуші:
Келесі кезеңде топтарымыздың өнеріне тәнті болайық. Музыкалық сайысты Архимед тобы бастайды.
2-жүргізуші:
Енді көрермендерге сұрақтар қояйық.
Дұрыс жауабын тапқандар сыйлық алады.
1. Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бѳрісі бар.
Бұл не? (бас).
2. Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.(апта күндері)
3. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не? (сандар).
4.Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға,
Шекесінен қараған.
Сан өсінен қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған. ( нөл ).
1-жүргізуші:
Топ басшыларының сайысын бастаймыз. Ортаға топ басшыларын шақырамыз. Сіздерге сан дөңгелектері берілген. Пифагор тобының топ басшысы дөңгелекшелерге 0-ден өзге 9 санды, әр қабырға бойындағы сандар қосындысы 20 болатындай етіп орналастыруы керек. Ал, Архимед тобының топ басшысы дөңгелек диагоналындағы сандар қосындысы 15 болатындай етіп орналастыруы керек. Іске сәт!
2-жүргізуші:
Қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.
1-жүргізуші:
Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, топ жанкүйерлері дайындаған музыкалық номерлерді тамашалайык.
2-жүргізуші:
Қорытындыны хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.
1-жүргізуші:
Шыққанша құмардан,
Талмай есеп шығарған.
Дәл бүгінгі кездесуде
Білімімен сыналған.
2-жүргізуші;
Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып, топтарды кешіміздің қорытынды әнін шырқауға шақырамыз. Ән «КТК»
1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып түрса.
2-жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Математика - ақыл-ойдың әуені» атты көңілді тапқырлардың ойыны аяқталды. Келесі кездескенше, cay-саламат болыңыздар!