Просмотр содержимого документа
«Математика п?нінен "4 санын ?осу ж?не азайту" та?ырыбы бойынша ашы? саба? »
Жунусова Кульнар Кабдошевна 4 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту Сабақтың мақсаттары: 1. Орманның халық шаруашылығы және адам өмірі үшін маңызы зор екенін ұғындыра отырып, санға 4-ті қосу және азайту туралы алған білімдерін одан әрі меңгерту, пысықтау. 2.Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, дүниетанымын дамыту. 3. Оқушыларды қоршаған ортаны сүюге, аялай білуге тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі Сабақтың типі: қайталау Сабақтың көрнекіліктері:слайдтар, карточкалар т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Құрметпенен сіздерге, Бас иеміз біз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі біз орманға серуенге шығамыз. Ондағы аңдардың тіршілігімен танысамыз. Серуенге шығуға дайынсыңдар ма? Ендеше, дайындықтарыңды тексеріп алайын.
Сергіту сәті Санға 1-ді, 2-ні қосу, азайту Ойлау жылдамдығымыз – 2 Есте сақтау жылдамдығымыз – 5 - Мәссаған орманға да жетіппіз ғой. Қысқы орманның түсі қандай? Орман іші ақ көрпе жамылғандай аппақ.Ағаштардың жапырақтары түскен. Тек қана шырша ғана жап-жасыл күйінде тұр. - Балалар, сауысқаннан басқа құстар көрінбейді. Олар қайда кеткен?
ІІІ. Жаңа сабақ 1. Сауысқанның тапсырмасы: 5 + 4 – 2 = 10 – 5 + 3 – 4 = 6 + 2 – 5 + 3 = 8 – 5 + 3 + 4 + 0 = Сауысқанның алғысы: «Жарайсыңдар, балалар, рахмет!» Ормандағы қардың қалыңдығынан бұғыға қорек тауып жеу қиынға соғады. Олар ашыға бастайды.Оларға қар астындағы шөпті аршып жей алмай, тек ағаш бұтақтарымен ғана қоректенеді.
2. Бұғының тапсырмасы: 5 + 4 * 8 – 4 9 - 4 * 3 + 4 6 + 4 * 7 - 4 Бұғының алғысы: «Туған жердің табиғатын қорғай біліңдер!» Қыста тиін әр жердегі өзі тыққан азық қоры – саңырауқұлақтар, түрлі жаңғақтармен қоректенеді. Өте аязды суық күндері ағаш қуысындағы ұясында отырып, күзде жинаған азығын жейді. Бірақ оның көбі қар астында қалып, табылмай қояды. Мұндайда ол да ашығады.
3. Тиіннің тапсырмасы: 5 + 4 = 3 + 4 = Тиіннің алғысы: «Қоршаған ортаға әрқашанда қайырымды болыңдар!» Түлкі - өте қу, иісшіл, саққұлақ, қырағы көз аң. Ол қоян, тышқанмен қоректенеді. Қыс түсісімен тышқандар қар астына кетіп, оларды табу оңай емес.Енді түлкі тышқандарды ізі арқылы іздеп аулайды. Ол қар астындағы тышқандардың сыбдырын, шиқылын тез ести қояды. Сол жердің қарын аяғымен аршып жіберіп, тышқанды тез-ақ ұстап алады.
4. Түлкінің тапсырмасы: Тауық – 3 Әтеш – 5 - ? артық 5 - 3 = 2 Ж: әтештің 2-еуі артық. Түлкінің алғысы: «Табиғатты аялаңдар!» Қоян өте қорқақ. Ол қыста қоңыр тонын ақ тонға ауыстырады.Бұл жауларынан қорғану үшін өте тиімді.
5. Қоянның тапсырмасы «Жетіспей тұрған санды тап» ойыны Қоянның алғысы: «Табиғатты қорғау – сендердің борыштарың»
7. Логикалық тапсырма а)Бес асықтың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2 Ағаштағы төрт алмұрт, Піскен екен тимей құрт. Самат алып екеуін, Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2 Қазып жүр құмды бес мысық, Үшеуі жатыр күн ыстық. Екеуі жүр шомылып, Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10 ә) Жетіспей тұрған мысықты тап.
Қорытынды. Орманның халық шаруашылығы және адам өмірі үшін маңызы зор. Халық шаруашылығында орман өнімдерін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз – осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Табиғатқа қамқорлық жасау - әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парызы. - Сонымен, серуен ұнады ма? Не білдіңдер? ІҮ. Бағалау ҮІ. Үйге
7 санын қосу, азайту тәсілдері
(ашық сабақ) Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру. 2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу. 3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Сабаққа бейімдеу (көңілді музыкамен оқушылар өздері білетін фигураларды атайды) Қызығушылығын ояту. - Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар ? - Иә, тыңдаймыз. - Бүгінгі сабағымыз бастан-аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады. Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөрте де, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына: - Лақтарым, шырақтарым ! Шұнақтарым, құлақтарым ! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді. Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады. Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру) - Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік. Қасқыр болды қауіпті. Лақтарды қамап қойыпты. Қасқыр бізге хат беріп жіберіпті. Ішінде неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя беремін депті. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба ? - Иә, орындаймыз.
ІІ. Дайындық кезеңі. 1 – тапсырма. Ой шақыру:Балалар осы жыл қай жыл? (қоян) Суреттер бойынша өрнектер құрастыр. келді. кетті.
Үй жұмысын тексеру. Сиқырлы сан ойыны арқылы. - балалар біз неше лақ құтқардық? (бір) 2-тапсырма. Олай болса екінші тапсырманы орындасақ нешінші лақты құтқарамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.7 санын қосу және азайту. Балалар біз бүгін 7 санын қосу азайту туралы өтеміз.Қазақ халқында ертеден келе жатқан ұғымдардың бірі 7 саны туралы ұғым. 7 саны қасиетті сан болып саналады.7 саны келсе жақсылыққа балаған.Мынау елімізде басталып жатқан қысқы Азияда ойынының жетінші реткі алауы біздің елімізде жағылып отыр, мұны жақсылыққа балауға болады.
3-тапсырма. Математикалық диктант Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосынды жазу, мәнін табу. 7+1 7+2 7+3 Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу және мәнін табу. 7-0= 7 7-1= 6 7-2= 5 7-3= 4 7-4= 3 7-5= 2 7-6= 1
- Біз нешінші лақты құтқардық? (үшінші) Сергіту сәті: «Кім тез есептейді? Логикалық есеп Он асықтың үшеуін Досың сұрап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады?
Бесбайда бар бес іні Елтайда бар екі іні Қоссаң бес пен екіні Неше болар шешуі?
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. 7 7 7 7 7 7 (оқушылар екі қатарға көркем жазып біткенше, Астанадағы 7 бөшке тұрғын үйі жайлы қысқаша айтып, слайдтан суретін көрсете кетемін)
4-тапсырма. Біз бұл тапсырма арқылы 4 лақты құтқаратын боламыз. 7см, 9см, 3см Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр. Көк -9см, қызыл-7см, жасыл-3см 9см-7см = 2см 7см+3см = 10см 2см 3 бұзау 4 жылқы 3 құлын
6-тапсырма. Кітаппен жұмыс. Есеп құрастыру. Үлкен қасық-10 Кіші қасық - 7 ? артық Ш: 10-7 = 3 Ж: 3 үлкен қасық артық
- Міне лақтарды аман-есен анасына тапсырдық. - Неше тапсырма орындадық? - Неше лақты құтқардық? - Сонымен балалар біз 7 тапсырманы орындап, 7 лақты құтқардық. - Жарайсыңдар!
Бағалау.Олай болса сендер лақты қалай құтқарғандарыңды лақтың енесі ешкі көріп тұр.Ешкі сендердің еңбектерің үшін сыйлық беріп жіберіпті. Өте жақсы еңбек жасағандарың үшін қызыл жалауша,жақсы еңбек жасағандарың үшін көк жалауша, орташа еңбектерің үшін сары жалауша беріпті. Үйге тапсырма. Оқулықтың 109 беті, №5 есеп 7 саны туралы ұлттық ұғымдар іздену.