«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - деп халық даналары айтқандай 1-айналым білім сайысын бастаймыз. Бұл сайыста әр оқушы сұрақтарға жылдам, әрі ойланып дұрыс жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (16 желтоқсан, 1991)
2. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)
3. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
5. Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
6. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны кім? (Қ. Мұңайтпасов)
7. Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын)
8. Ұзындықтың өлшем бірліктері?
9. Әр адамның шағын Отаны. (Отбасы)
10. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
11. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
12. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
13. Бүгін аптаның қай күні?
14. Абайдың әжесі кім? (Зере)
15. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
16. Судың неше күйі бар, ата (қатты, сұйық , газ)
17. Адам денесінің тірегі (қаңқа)
18. Есту мүшесі (құлақ)
19. Орман дәрігері (тоқылдақ)
20. Үш биді ата
21. Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
22. 9-ды 8-ге көбейт
23. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (тең)
24. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?
25. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
26. Күйді орындайтын адам (күйші)
27. Адамның ішкі мүшелерін ата
28. Адамға не қажет?
29. Абылай ханға Төле бидің қойған аты? (Сабалақ)
30. Бір ата мен әженің 5 баласы, 3 ешкісі, 5 қойы, 2 түйесі бар. Олардың неше баласы
бар?
Ұпай сандарын есептеу.
2 айналым. «Қызықты төрттік»
Бұл айналымда негізгі пәндер бойынша сұрақтар дайындалған. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынған.
Математика.
30 ұпай – шаршы дегеніміз не?
40 ұпай – бір сыйлықты орауға 10 см жылтыр қағаз керек. 9 сыйлыққа неше см қағаз керек?
Қазақ тілі
30 ұпай – Зат есім дегеніміз не?
40 ұпай – Етістік дегеніміз не?
Ана тілі
30 ұпай – Ы. Алтынсарин кім? (Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз)
40 ұпай – «Балаларға» өлеңін кім жазған? Жатқа айтып бер
Дүниетану
30 ұпай – Тыныс алу мүшелерін ата? (Мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе).
40 ұпай – Өсімдіктің мүшелерін ата
Ұпай сандарын есептеу.
3-айналым. Кім тапқыр?
Бұл айналымда берілген сөзден 2 минут ішінде кім көп сөз ойлап тапса, сол оқушы әрбір сөзге 1 ұпай алады. «Ханталапай»
Ұпай сандарын есептеу.
4-айналым. «Полиглот»
Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс тіліндегі білімдерің сараланады.
Жұмбақтар.
1. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап-книга-book)
2. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц-rabbit)
3. Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың. (Мектеп-школа-school)
4. Алты қырлы
Алты сырлы. (Қарындаш-карандаш-pen)
Ұпай сандарын есептеу
5-айналым. «Ізденген жетер мұратқа».
Адасқан әріптер ойыны
«Әріптерді дұрыс орналастыр». Дұрыс шешсе, жалқаулық туралы мақал шығады.