Просмотр содержимого документа
«Саба? "Натурал сандар" »
Натурал сандарға амалдар.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, белсенділіктерін дамыту, алған білімдерін пысықтау;
ә) дамытушылық: шапшаңдыққа, белсенді ойлауға, жан-жақтылыққа, шығармашылыққа баулу;
б) тәрбиелік: ұжымдық жұмыстар арқылы бірін-бірі тыңдай білуге, еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі:жарыс сабағы.
Көрнекілігі: сызбаплакаттар, слайд, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сыныпты екі топқа бөлу:
1. Алғырлар. Топ басшысы: Бексейтова Т.
2. Алыптар. Топ басшысы: Ниязбекова А.
ә) Топтардың таныстыруы.
« Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға ой саламыз,
Алғырлар бұл ойында топ жарамыз!
Ту етіп достық пенен татулықты
Алыптар командасын қарсы аламыз!
«Алыптар» тобы:
Алыптар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені бізден ешкім алалмассың!
б) Топ мүшелерінің сайысы.
1. математикалық ойындар;
2. есептер елінде;
3. сөз жұмбақ шешу;
4. миға шабуыл (логикалық есептер);
5. зымыран сұрақтар және жұмбақтар;
6. Қорытындылау.
1. Математикалық ойындар.
1.Көңілді санау. 1-ден 32-ге дейінгі санды тез санап шық.
Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады. Бұған төмендегідей таблицаларды ұсынуға болады.
3
31
18
15
12
28
14
27
6
32
13
2
10
21
30
16
22
25
8
23
1
26
24
9
11
29
28
5
20
7
19
4
17
2. «Еселік» ойыны 5 оқушы щеңбер жасай айнала тұрады. Бірден бастап санай береді 1,2,3,..4,5,... тек үшке бөлінетін сан кездескенде оны атамай «еселік» деп өту керек. Жаңылысқан бала ойыннан шығып қалады да, қалған балалар әрі қарай жалғастырады. Қателеспеген бала ойын соңында жеңімпаз атанады.
1-топқа 3-ке еселік
2-топқа 4-ке еселік
3. Тоғыз сырықпен де тындыруға болады.
Суретте ұзындығы бірдей он сызықтан бір-біріне байланысқан үш төртбұрыш жасалынған. Сырықтың біреуі жоғалып, 9 сырық қалды. 9 сырықтың өзімен бір-біріне байланысқан 3 төртбұрыш жасауға болады. Ол төртбұрыштарды қалай жасайды?
Жауабы:
2. Есептер елінде.
а) 30; 42; және 70 сандарының ЕКОЕ-ін тап.
б) 25+25+25+25+25 =
в) 7а + 8а + 12а =
г) Қазақстанда неше обылыс бар? Сол санның бөлгіштері қандай сандар?
д) Астанаға биыл неше жыл? Сол санның бөлгіштері қандай сандар?
е) Тәуелсіздікке неше жыл? Сол санның бөлгіштері қандай сандар?
3. Сөз жұмбақ шешу.
Ө
Р
Н
Е
К
А
Л
У
К
Ө
Б
Е
Й
Т
У
Қ
О
С
У
Ә
Р
І
П
Т
І
С
А
Н
Д
Ы
Б
Ө
Л
У
4. Миға шабуыл (логикалық есептер).
Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (Ол да 27 км жүрген.)
Ағаш үстінде 30 торгай отырды, аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? ( 10 торғай қалды, қалғандары ұшып кетті)
Үш тұйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды, олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)
Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. Біреуі жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? ( Қара ағашта алма өспейді)
Бір – бірімен жарасқан,
Бес аю, бір арыстан
Екі қоймен үш түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? ( барлығы 11)
5. Зымыран сұрақтар және жұмбақтар.
Зымыран сұрақтар.
1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан(жай сан)
1-ге тең бір ғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар (өзара жай сандар)
Берілген натурал сандардың .... деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін үлкен натурал санды айтады.(ЕҮОБ)
О санын натурал санға бөлуге болады ма?(иә)
Егер натурал санның жазылуы жұп санмен аяқталса, онда ол ... бөлінеді.(2-ге)
Екіден көп бөлгіші бар натурал сандар ... сандар деп аталады.(құрама)
Натурал 1 санының қанша бөлгіші бар?(1)
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды, сол сандардың ... деп атайды.(ЕКОЕ)
Натурал санды 0-ге бөлуге болады ма?(жоқ)
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар ... бөлінеді. (10,5,2)
Айырмасы 2-ге тең жай санды ........... деп атайды. (егіз сандар)