Сабақ: «Батыр Баян» «Ашу түбі – кейіс» | Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты – жөні: |
Сынып: 7 | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.2.2.1 (А\И) – Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлығы: Батыр Баян поэмасы жайлы ақпараттар береді, мазмұнын таныстыра алады. |
Көбі: Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме береді, сипаттайды. |
Кейбірі: Тақырып аясында сыныптастарымен поэма жайында тілдеседі, шағын мәтін құрайды, өз ойын ашық жеткізе алады. |
Күтілетін нәтижелер | Әңгімедегі кейіпкерлердің бейнесін автор қолданған сөздер арқылы табу. |
Сабақтың түрі: | Жаңа білімді меңгерту. |
Қажетті құрал-жабдықтар | Кітап, тақта, электронды тақта,бор, компьютер, қағаз қиындылары, маркер, парақтар. |
Оқыту әдістері | «Ыстық алақан» тренингі, «Кезекпе-кезек» әдісі, «Табыс жолы», «Менің сөзім» |
Дереккөздері | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
Жоспарланған уақыт: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: |
Сабақтың басы 10 мин | «Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді, кемшіліктерді түзетеді, бағалайды. | Оқушылар бір-бірімен қол алысып, амандасады. Бір – біріне жақсы тілектер айтады. Жақсы сөз – жанды жадыратар. Тапсырманы айтады, сұрақтарға жауап береді. |
Сабақтың ортасы 20 мин | Ерлік сөзіне ассоциаграмма құрып, мағынасын ашып көріңіздер. Дескриптор: -Ерлік сөзіне ассоциаграмма құрады; - Мағынасын ашып көреді. Жаңа материал:«Батыр Баян» поэмасының Екінші тарауы «Батыр Баян» поэмасының Екінші тарауы туралы түсінік беріледі. 5-тапсырма. Жырдың сюжетіне байланысты кестені дәптерлеріңе толтырыңдар. Кестені толтыру үшін хрестоматиядағы жырдың толық мәтінімен танысып шығыңдар. Сюжеттің құрамдас бөліктері | Сюжет бөліміндегі негізгі оқиға мен кейіпкерлер | Оқиғаның басталуы | | Байланысуы | | Шиеленісуі | | Шарықтау шегі | | Оқиғаның аяқталуы | | Дескриптор: -жырды түсініп, оқып шығады; -композициялық талдау жасайды; 6-тапсырма. «Батыр Баян» поэмасындағы жер-су атауларына, қазақ батырлары туралы айтылған жолдарға назар аударыңдар. Жырдың оқиғасы қандай тарихи кезеңде, қай жерде болғанын айтып беріңдер. 11-тапсырма. Берілген үзіндіден теңеу, метафора, риторикалық сұрақ, т.б. көріктеу-айшықтау құралдарын табыңдар. Дескриптор: -Берілген үзіндіден теңеу, метафора, риторикалық сұрақ, т.б. көріктеу-айшықтау құралдарын табады; -Кесте бойынша толтырады. | Ерлік сөзіне ассоциаграмма құрады, талдап оқиды. «Батыр Баян» поэмасының Екінші тарауын «Кезекпе-кезек» әдісі арқылы оқиды. Сюжеттің құрамдас бөліктері | Сюжет бөліміндегі негізгі оқиға мен кейіпкерлер | Оқиғаның басталуы | Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғауы | Байланысуы | Батырлардың бас қосуы | Шиеленісуі | Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы, Қос ғашықтың елден қашуы | Шарықтау шегі | Баянның екеуін атып өлтіруі | Оқиғаның аяқталуы | Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы | 1.Метафора 2. Риторикалық сұрау 3.Теңеу |
Сабақтың соңы 10 мин | Үйге тапсырма. «Батыр Баян» поэмасынан үзінді жаттау, оқулықтағы 16-тапсырма. Рефлексия. «Менің сөзім» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім кері байланыстың шарты бойынша түсіндіреді. | Өзін-өзі бағалау. «Табыс жолы» әдісімен бүгінгі сабақта қандай дәрежеде білім алғандықтарын айтады, мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Үйге берілген тапсырманы мұқият жазып алады. «Менің сөзім» әдісі Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады. |