Көрнекілігі: слайд, түрлі ойыншықтар, жапсырма қағаздар, құрастырғыш ойыншықтар.
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: ойын сабақ
Әдісі: ой қозғау, миға шабуыл.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу.
Оқушылар арасынан кассир тағайындалады. Оқушылар парта үстінен кез келген ойыншықтарды таңдап алады. Кассаға келіп, сұрақтарға жауап беру арқылы ойыншықтарды ала алады. Берілген есеп күрделі болса, кассада А3 форматында ламинатталған параққа маркермен шығарады. 1-айналым 3жай сұрақтан, 2-айналым 3 орташа сұрақтан, 3-айналым 3 күрделі сұрақтан тұрады. 3 сұраққа жауап берген оқушы ойыншықтардың 25 %-ін, 6 сұраққа жауап берсе 50%, 9 сұраққа жауап берсе 100% ойыншықтарды алады. Оқушыларға қойылған сурақтар төмендегідей:
1. Бір жәшікте 30кг май, ал келесісінде одан 8кг аз май бар. Екі жәшікте қанша май бар?
А) 30-8=22
жВ) 30-8=22 30+22=52
С) 30+8=38 38+30=68
D) 30-8=22 22+8=30
2. Жазуға қай өрнек сәйкес келеді? 46 мен 8-дің қосындысынан 40 пен 8 сандарының айырмасын азайтқанда 22 болады.
А) (46-8)-(40-8)=22
жВ) (46+8)-(40-8)=22
С) (46+8)+(40-8)=22
D) (46-8)-(40+8)=22
3. 7 жүздік пен 7 ондықты қос.
А) 0
В) 77
жС) 770
D) 14
4. Бөлінгіш 42-ге, мәні 6-ға тең. Бөлгішті тап.
А) 36
жВ) 7
С) 48
D) 252
5. Бір бидонда 24л сүт, келесісінде одан 3 есе аз сүт бар. Екі бидонда неше литр сүт бар? Дұрыс жауабын тап.
А) 8
В) 72
жС) 32
D) 96
6. Кубтың неше қыры бар?
жА) 8
В) 72
С) 32
D) 96
7. 8.Тура теңдікті тап.
А) 142=100+40+4
В) 150=100+5
жС) 305=300+5
D) 423=400+200+3
8. х=52 болатын теңдеуді көрсет.
А) х+22=52
В) 92-х=30
жС) х-40=12
D) 20+х=62
9. Мәні 3м 3дм-ге тең өрнекті тап.
жА)3м 5дм – 2дм
В)6дм 7см – 3дм
С)2м 1дм + 1м 3дм
D)7дм + 6дм
10. Кубтың неше төбесі бар?
А)8
В)12
С)6
D)4
11. 5 жүздіктен 5 ондықты азайт.
А)0
В)45
жС)450
D)10
12. Бірінші көбейткіш 3, көбейтінді 27-ге тең болса, екінші көбейткішті есепте.
А)81
жВ)9
С)24
D)30
13. Ең үлкен төрт таңбалы санды көрсет.
А)10000
В)9990
жС)9999
D)9000
14. 831266 санында қанша он мыңдық бар?
А) 83126
В) 3
жС) 83
D) 831
15. Ең үлкен бес таңбалы санды көрсет.
А)100000
В)99990
жС)99999
D)90000
16. Африка пілі 7т 500кг тартады, ал үнді пілі одан 3т 600кг аз тартады.
Үнді пілі қанша тартады?
жА)3т 900кг
В)11т 100кг
С)4т 100кг
D)10т
17. Үшбұрыштың периметрі 70 см,ибір қабырғасы 20 см, келесісі 35 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап.
А) 25см
жВ)15см
С)125см
D)55см
18. 1 ар тең:
А) 1000 м2
В)10000 м2
жС)100 м2
D)10 га
19. Квадрат см дегеніміз, бұл... .
жА) 1 см қабырғалы квадрат
В) 1см периметр
С)10 см қабырғалы квадрат
D) Тікбұрыштың ауданы
20. Жанна бір сан ойлады. Егер одан 30-ды азайтса, 50 шығады. Жанна ойлаған сан?
А) 20
жВ)80
С)70
D)10
21. Квадраттың қасиетін тап.
А) қарама-қарсы қабырғалары тең
В) барлық бұрыштары доғал
С) бір тік бұрышы бар
жD) барлық қабырғалары тең
22. Уақыт пен қашықтық белгілі болса, қозғалыс жылдамдығын табу керек.
А) уақытты қашықтыққа көбейту керек
жВ) қашықтықты уақытқа бөлу керек
С) қашықтыққа уақытты қосу керек
D) қашықтықтан уақытты азайту керек
23. Квадраттың барлық қабырғаларының қосындысы 20дм. Квадраттың ауданын тап.
А) 100 дм2
жВ) 25 дм2
С) 400 дм2
D) 40 дм2
24. Адам қозғала алатын жылдамдық.
А) 5 м/мин
В) 100 км/сағ
жС) 5 км/сағ
D) 6 км/сек
25. Ғарыш кемесі ұша алатын жылдамдық.
А) 850км/сағ
В) 60км/сағ
жС) 6км/сағ
D) 180км/сағ
26. Бұл фигурадағы үшбұрыштар санын тап.
А) 8
жВ)16
С)12
D) 14
27. Тік төртбұрышқа тән қасиет:
А) барлық қабырғалары тең
В) барлық бұрыштары сүйір
С) бір тік бұрышы бар
жD) қарама-қарсы қабырғалары тең
28. Белгісіз азайтқышты табу үшін не істеу керек?
жА) азайғышқа айырманы қосу
В) азайғышты айырмаға көбейту
С) азайғыштан айырманы алу
D) азайғышты айырмаға бөлу
29. Санның квадраты дегеніміз не?
жА) екі біркелкі көбейткіштердің көбейтіндісі
В) екі көбейткіштің көбейтіндісі
С) үш біркелкі көбейткіштердің көбейтіндісі
D) көбейткіштердің көбейтіндісі
30. Отбасында 3 бала бар: Дәурен, Әсет және Сұлу. Дәурен Сұлудан екі есе үлкен, ал Әсет Сұлудан 6 жас үлкен. Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады. Балалардың жасы нешеде?
А) 12жас, 8 жас, 2 жас
В)7 жас, 3 жас, 12 жас
жС)8 жас, 10 жас, 4 жас
D) 6 жас, 10 жас, 6 жас
31. Ұлу биіктігі 10м бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 4м өрмелейді, ал түнде 3м төмен сырғанайды. Сөйтіп ұлу бағананың төбесіне неше күнде жетеді екен?
А) 10
В) 11
жС) 7
Д)8
32. Дана дүкеннен 20 алма сатып алды.Бұл алмаларды шешесі,әкесі және Дана 3:5:2 қатынасындай етіп бөліп алды.Олардың әрқайсысы неше алмадан алған?
А) 7:10:3
В) 5:11:4
ж С) 6:10:4
Д) 6:11:3
Е) 7:9:4
33. Қорадағы қаздар мен қояндардың жалпы саны 30. Олардың аяқтарының жалпы саны 80 болса,қорада қанша қаз және өанша қоян бар?
А) 16 қаз, 14 қоян
В) 10 қаз, 20 қоян
С) 18 қаз, 12 қоян
жД) 20 қаз,10 қоян
Е) 15 қаз, 15 қоян
34. Бір қаз ұшып келе жатып бір топ қазға жолығады.Бір қаз тұрып «ассалаумағалейкум 100 қаз» дейді.сонда топтан бір қаз шығып біз 100 қаз емеспіз.біз 100 қаз болуы үшін дәл осындай бір топ қаз және бір топ қаздың жартысы және бөлігі керек сонда барлығын қосқанда 99 сені қосқанда 100 боламыз дейді.
А) 27
В) 25
С) 14
жД) 36
35. 27 кіші кубтан жаңа бір үлкен куб құрастырылды.Үлкен кубтың барлық жақтары боялады. Екі жағы боялған кубтың саны нешеу?
А) 16
В) 8
жС) 12
Д) 1
Е) 6
36. Саяхатшылар қайықтармен өзеннен өтпекші болды.Әрбір қайыққа 3 адамнан отырса,3 адам симай қалады, ал 5 адамнан отырса,1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу? Қайықтар нешеу?
А) 16 саяхатшы, 4 қайық
В) 12 саяхатшы, 3 қайық
С) 18 саяхатшы, 4 қайық
Д) 25 саяхатшы, 6 қайық
жЕ) 15 саяхатшы, 4 қайық
Қорытындылау: Сұрақтарға жауап беру арқылы алған ойыншықтар оқушыларға беріледі. Сабақты жақсы оқуға шақыру.