Кіріспе Ұйымдастыру Топқа бөлу | 5 мин
| Позитивті түрде сабақты бастау
1.Топқа бөлу (бірлік, ондық, жүздік,көбейту сөздерін соңғы қар қиыршықтары түрінде) , топ ережесін жатқа айтқызады.(4 топ, 4 оқушыдан) 2.Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сабақ дайындықтарың қалай? Ынталарыңыз қалай? Ендеше сабақты бастайық! 3.«Жұбыңмен тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру, өзара бағалау. «Стикердегі диалог» әдісімен көбейту кестесін еске түсіру | Оқушылар ойын шоғырландырады. Іс-қимылдар арқылы қайталап айтады. Әркім таңдаған қиындыны алады. Жұптар көршілерінің үйден шығарған есептерін тексереді, өзара бағалайды. №11 (108-бет) 310*2=620 420*2=840 230*3=690 210*4=840 110*5=550 320*3=960 Бір оқушы көбейту кестесіне берілген мысалын оқиды, жауабы басқа оқушыдан шығады да, ол оқушы өзіндегі мысалды оқиды. Осылайша жалғаса береді |
Тұсаукесер | 5 мин
| Мутьфильмнен үзінді көрсету. -Мен неліктен бұл мултьфильмді көрсетті деп ойлайсыңдар? -Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін? -Балалар,біз, бүгінгі сабақта «математика» патшалығына саяхат жасаймыз.Математика деген ғажайып елге саяхатқа шығу үшін білімімізді ортаға саламыз.Математика еліндегі үлкен олжаға жету үшін жолдағы үлкен кедергілерден сүрінбей өтулеріміз қажет. -Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек? Сабақ критерийін құру. 1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін білемін. 2. Бірліктерді, ондықтарды және жүздіктерді көбейту ретін салыстыра аламын. 3. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген мысалды тексеріп және қатесін түсіндіре аламын. |
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Оқушылар жауап бере отырып, мұғаліммен бірге сабақ критерийін құрады.
|
Негізгі бөлім | 30 мин | «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жұпта талдауға нұсқау беріледі. Электронды оқулықпен жұмыс Кері байланыс сұрақтарын қою. -Не туралы оқыдық? -Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап қалай көбейтеміз екен? 1.«Білімділер әлемі» №2. 108-бет 2.« Есептер» әлемі. Ертегілер әлемінде «Ұшқыш кілемді», «Сиқырлы аяқ-киімдерді» шеберлер жасаған. Бүгінгі шеберлер әлемінде шеберлер баспалдақ жасаған. Яғни,бұл шеберлер қандай шеберлер деп ойлайсыңдар? № 3. 108-109-бет Топтарға ұсынылады. Шешімін шапшаң тапқан топ тақтаға орындайды. №4. 109-бет 3.«Өрнектер» әлемі №5 (109-бет) Әр топ өзіне берілген өрнектердің мәндерін табады. Электронды оқулықпен жұмыс. 4.«Зейінділер» әлемі» №7. 109-бет Маршруттық картамен жеке жұмыс. Кеңейтілген шығармашылық тапсырма орындау.(Cыни ойлау дағдыларын дамыту және мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану идеясымен) Тексер және қателерді түзе және теңдік дұрыс болатындай жақшалар мен амал таңбаларын қою. 5.«Фигуралар» әлемі» №10. 109-бет Тіктөртбұрыштың периметрі 24 см, ұзындығы 8 см. Осы тіктөртбұрыштың ауданын тап. | 108-беттегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдеріне берілген кестені жұпта талдайды. 102 Х 4 408 Өздерінің түсініктерін электронды оқулықпен салыстырады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырыпты топта талдау барысында түсінгенін көрсету мақсатында әр топтан бір баяндамашы тақтаға орындайды. 203 321 404 113 Х 2 х 3 х 2 х 3 406 961 808 339 Әр оқушы өзін «Басбармақ» әдісімен бағалау. -Бұлар сиқырлы шеберлер. Топ болып есепті постерге орындайды. Балалар есеп мазмұнын топта талдайды. -Есепте не туралы айтылған? -Есепте не белгілі? -Есеп не сұрайды? І топ, ІІІ топ. 1м – 132 тг Жеңілдік – 12 тг 4м - ? Шешуі: 1) 132-12=120 2) 120*4=480 Жауабы: 480 тг төленді. ІІ топ, IV топ. 3 жақтауға – 132 қада 1 баспалдақ – 121 4 баспалдақ - ? Шешуі: 1) 121*4=484 2) 484+132= 616 Жауабы: 616 қада қажет Бірдей есеп шығарған топтар бір-бірін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалау. І топ. А= 204, 302, 103 1)А*2+125=204*2+125=533 302*2+125=729 103*2+125=331 А=102,300,203 ІІ топ.2)900-3*с=900-3*102=594 900-3*300=0 900-3*203=291 ІІІ топ.102*2 400-121*2 IV топ. 213*3330 250+202*4800 Әр топтың жұмысын «Бағдаршам» әдісімен өзара бағалау. Электронды оқулықтағы қызықты тапсырмаларды топпен шешеді. Дұрыс орындаған топ мүшелерін «Театрдағы әрекет» арқылы бағалау. 1) 104 213 302 124 Х 2 х 3 х 2 х 2 208 619 604 228 2) 5 5 5 5 5= 550 (55+55)*5=550 Оқушылар жеке жұмыстанады. Маршруттық картаның бағалау критерийі арқылы өзін-өзі бағалайды. Жеке оқушылардың дәптерін тексеріп, бағасы бар смайликтер жапсырып беру Р=24 см а=8 см S=? Шешуі: 1)8+8=16 2)24-16=8 3)8:2=4 S=8 см*4 см=24 см2 Жауабы: S=24 см2 Шеберлер әлемінде жасаған «Баспалдақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. |
Қорытынды | 5 мин | «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі арқылы сабақты бекіту. -Сабақтың басында айтып өткеніміздей өте жақсы кейіпкерлер өте жақсы деген бағамен, жақсы қатынасқан кейіпкерлер жақсы деген бағамен бағаланады. Мұғалім жиынтық бағасын қояды. Үйге тапсырма: №11. (110-бет) -Математика патшалығындағы ертегілер әлеміне саяхат сабақ сендерге ұнады ма? Қандай кедергілерден өттік? | Тақырыпқа қатысты түйінді сөздерді теріп алады. Сол сөздерден бүгінгі тақырыпқа сай сөйлемдер құрастыру. Табыс критерийі арқылы оқушылар бағалау парағына өз-өзін бағалайды. Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді. Керібайланыс орнатады. Оқушылар сабақта не ұнады, не қиын болғанын айтып, блоб ағашындағы өз орындарын белгіледі. |
Сабақтың өзіндік талдауы | Сабақты балаларға жаңа көңіл-күй туғызудан бастадым. Балалар қимыл арқылы көрсете отырып, сұрақтарға жауап берді. Соңғы қар қиыршықта- рын үлестіру арқылы төрт топқа бөлдім. Қар қиыршықтарында бірлік, ондық, жүздік және көбейту сөздері жазылған. Сол сөздер арқылы 4 топқа бөлініп отырдық. Үй тапсырмасын «Жұбыңды тексер» әдісін қолдану арқылы, әр жұп көршісінің есебін тексеріп, «Бағдаршам» әдісімен бағалады.Мұндағы бір қуанарлық мәселе үй тапсырмасын орындамаған және қате орындаған оқушының болмауы еді. Осындай қуанышты күймен өткенді қайталау мақсатында «Стикердегі диалог» ойынын ойнаттым. Балалар бұл ойынға қызығушылықпен қатынасты.Бірақ А деңгейлі М. оқушымның әлі де шатысып отырғаны байқалды.Бұдан кейін М-мен көбейту кестесімен әлі де жұмыстану керектігін сездім. Бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін «Ғажапстанға саяхат» мультфильмінен үзінді көрсетіп, не себепті көрсеткенімді, бүгінгі сабақ не жөнінде болуы мүмкін екендігі жөнінде ой қозғадық. Ойқозғау сәтінде ВС деңгейлі оқушыларыма қоса А деңгейлі оқушым М. өте белсенділік танытып, «Бұл мултьфильмді біз есептерді жақсы шығару үшін көрсеткен шығарсыз»,-деп, өз ойын қысылмай ортаға салып отырды. Осылайша бүгінгі сабақтың мақсаты анықталып, оқушылармен бірлесе отырып табыс критерийі құрылды.Топтың алтын ережесі еске түсіріліп, осындай тату да білімді балалар ғана математика әлемінің кедергілерінен сүрінбей өте алатынын айта отырып, бүгінгі сабақтың саяхат сабақ түрінде өтетінін хабарлап, жүрдек пойыздың даусын тыңдатып, пойыз терезесіне орналастырылған балалардың фотосын интерактивті тақтадан көрсеттім.. Бұл арқылы оқушылардың өздерін пойызға мінгендей сезініп, бір-біріне жымиып қарауынан сынып атмосферасы жақсы құрылғанын сезіп, жаңа сабақты бастап кеттім.Жаңа тақырыпты « Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жұппен талдап, өз түсініктерін топта электронды оқулық арқылы тексерді. Одан соң жаңа тақырыпқа байланысты «Жаңа тақырыбымыз не туралы екен?», «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай қалай көбейтеміз екен?» деген бағытта кері байланыс сұрақтарын қойып, балалардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендерін білдім.Кері байланыс сұрақтарына да М. жақсы қатысып отырды. Жаңа тақырып бойынша тапсырмаларды орындау үшін «Математика әлемінің» «Білімділер елінің» бірінші кедергісі оқулықтағы №2 тапсырманы әр топтан бір баяндамашы шығып, көбейту жолын баяндап, шығарып берді. Бұл тапсырманы орындауда әр топ та А деңгейлі оқушыларын шығаруға тырысқаны сезілді.Сол оқушылардың ішінде М. Да бар еді. Бірақ бірде-бір оқушы қиналмай орындап шыққанын көргенде, құрдастарының ықпалымен жақсы меңгеруге жол берілетініне көз жеткіздім. Келесі кедергі «Есептер әлемінде» мазмұнды есептер топта талданып, постерге орындау тапсырылды.Бұл кедергіден өтуде зерттеуге алынған С деңгейлі оқушым А. өз деңгейінен көріне білді.Ол қарсы топтың шығарған есебінің қатесін тауып, дұрыс шешімін дәлелдеп көрсетуде ұтқырлық танытты. Әр топ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағаланды.Бұл бағалау сәтінде А деңгейлі М. өзінің бағалауын қысылмай ортаға ұсынды. Үшінші «Өрнектер әлемі» кедергісінен де сүрінбей өтіп, «Бағдаршам» әдісімен бағалап, қою себептері анықталды. Оқушылар электронды оқулықтағы қызықты тапсырмаларды да сәтті орындап шықты.Бұдан соң «Зейінділер әлемінде» маршрут картасымен жеке жұмыс жүргізілді. Маршрут картасында берілген кеңейтілген шығармашылық тапсырма сыни ойлау дағдыларын дамыту және мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану идеясына сүйеніп берілді. Оқушылар жеке жұмыстанып болған соң маршруттық картаның бағалау критерийі арқылы өзін-өзі бағалады. Ал мен оқушылардың дәптерін тексеріп, бағасы бар және «Тырысып көр!», «Жарайсың!», «Тамаша!» сынды пікірлер жазылған смайликтер жапсырып отырдым. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызғушылықтарын арттыруға себепші болды. В деңгейлі оқушымның бүгін сабақта қорқақтық танытып отырғанын сезіп, алаңдаған едім. Сол себепті алдымен сол оқушымның жұмысын тексердім. З. 2 аялдаманың да тапсырмасын қатесіз, тап-таза орындағанын көріп, риза болдым.Дәптеріне «Жарайсың!» деген смайлик жапсырғанымды корген З-ның сенімділігі артқанын байқадым. Соңғы кедергі «Фигуралар әлемінде» балалар тіктөртбұрыштың ауданын тауып, қиындықты жеңе білді.Сабақты «Тақырыптық түйінді сөздер» ойыны арқылы бекіттік.Бұл ойында зерттеудегі 3 оқушым да түйінді сөздерді тауып, не себепті таңдағандарын түсіндіріп айта білді.Сабақ соңында табыс критерийіне кері оралып, бағалау парағына оқушылар өз-өзін бағаласа, мен оқушыларды жиынтық бағаладым. Балалар осы сабақтан алған әсерлерін рефлексия парағына толықтырып жазды. Кері байланыс парағы арқылы сабақта не ұнап, не қиын болғаны талданды.Сол сәтте С деңгелі оқушым А: «Қиын болса да, соған қарамастан тапсырманы орындай алдым, өзіме сенімдімін»,-деп жауап берсе, бүгінгі сабақта көп белсенділік таныта қоймаған В деңгейлі оқушым З.: «Көңіл-күйім тамаша. Себебі мен бүгін бәрін орындай алдым»,-деп мені риза қылды. Ал А деңгейлі М.: «Қиын болды, қиын болса да түсінуге тырыстым. Өзіме аздап сенімсіз болдым»,-деп шындығын айтуға тырысты. |