а) Мәтінді «Болжау» стратегиясы арқылы оқыту. ә) Мәтінді төрт бөлікке бөліп алу: 1-бөлім. Ақбөпенің арыққа баруға құмартуы. 2-бөлім. Сапаштың Ақбөпеден мезі болуы. 3-бөлім. Тұраштың қайық жасап беруі. 4-бөлім. Балалардың Ақбөпені құтқаруы. Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізу. Мәтінді оқып болған соң, болған оқиғаға баға беру. Балалардың әрқайсысының әрекетіне сын көзбен қарау. Басты кейіпкерлерге сипаттама беру. Сұрақ: - Егер өзің осындай жағдайга тап болсаң, кімнің орнында болғаныңды қалар едің? _ Сенің әрекетің қандай болар еді деп ойлайсын? Бұндай жағдайларда нені естен шығармау керек? Қауіпсіздік ережесін сақтау деген не? (Ол ережелерді көбінесе қандай сабақтарда естисіңдер? (Енбекке баулу, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі). Алғашқы көмек көрсете білу неше жастан басталуы керек деп ойлайсың? - Ақбөпенің суға кетіп қалуына кім кінәлі? (Баға беру.) -Әртүрлі қиын жағдайларға түсіп қалмас үшін, нені естен шығармау керек? Сергіту сәті: Табиғат ғажаптары Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған, Сен - Күнсің, көтерілген күліп қырдан. Сен - Көлсің, Сен - Ормансың, Сен - Бұлбұлсың. Адамға сұлулықты шын ұқтырған. Дәптермен жүмыс: . . Келесі сабақтағы «Суға жүзіп үйрен, балам» өлені мен оқыған мәтінді «Шығарма кестесіне» салып салыстыру: Терең су Суға жүзіп үйрен, балам Шығарманың аты. Шығарманың авторы. Оқиға орны. Шығармадағы негізгі тақырып. Шығармадағы негізгі идея. Суға жүзудің пайдасы туралы не білдің? Мазмұнның ашылуы. Шығарманың аяқталуы. Шешімі. Мәтіндегі балалардың құтқару жұмысына баға беру арқылы достық көмек, туыстық көмек, ағайын-туысқа, т.б. деген көмек ерекшеліктеріне тоқталу. - Су туралы қандай ырым-тыйымдар білесіңдер? Қажет дерек Тыйым сөздер: - Суды сыпырма, суға дәретке отырма, суға түкірме. - Шелектегі суға аузыңды батырма, т.с.с. ¥лағатты ұлттық ұғымдар: - Үш көз: 1. Су анасы - бұлак. 2. Жол анасы - тұяқ. 3. Сөз анасы - құлақ. - Төрт тұлға: 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер. - Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздыңқатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тогамы. «Венн диаграммасы» арқылы алғашқы көмек пен құтқару жұмыстарына салыстыру жасау.. |