Сабақтың мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.
Білімділік мәні : Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы: Саздан туған сазсырнай.
Актуалдау:
Сазсырнай аспабы неден жасалады, қалай ойналады?
Шаңқобыз аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?
Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?
Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?
Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда сыбызғымен, шаңқобызбен сазсырнаймен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- жетігенмен танысамыз.
Жаңа сабақ: Аңыздан жаралған аспап – жетіген.
Қазақ халқының тағы бір баға жетпес ұлттық музыка аспабының бірі- жетіген. Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйін жеті асықты немесе жеті тиекті жылжыту арқылы келтіреді. Ағаштан жасалып, терімен қапталады.