Қуанамын мен де Қуанасың сенде Қонақтамыз біз бүгін Шәмші әні әлемінде
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. гаммасын ойнау.
2. «Ақ маңдайлым» шығармасының авторы Шәмші туралы мағлұмат алу.
3.
ШЫҒАРМАҒА ТАЛДАУ
Өлшемі
3/4
Ырғағы
Вальс екпінде
Ладтық тірегі
қағысы
ппп, tr
Динамикалық белгілер
F, mf
Альтерациялық белгілер
Фа #
4.Практика жүзінде аспапта «Ақ маңдайлым» шығармасының бас буынын ойнатып тексеру.
Актуалдау: Біз өткен сабағымызда өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдық. Шығармасының бас буынын үйрендік. Үй тапсырмасын пысықтап және музыкалық біліміңді шыңдап еске түсіру үшін «сөз жұмбақ» шешіп көрейік.
А
Қ
М
А
Ң
Д
А
Й
Л
Ы
М
1.Ақмаңдайлым әнінің авторы
2.Бірқалыпты орташа екпін
3.Плекторлы аспаптарда қағыс қағып қолданатын құрал
4.Шетел композиторы Иоган Себастьян ...
5.Қазақтың ұлттық аспабы
6.Үш ішекті аспап
«Ш.Қалдаяқовтың Ақмаңдайлым» шығармасын тыңдату.
III.Жаңа сабақ: Ш.Қалдаяқов «Ақ маңдайлым» шығармасын талдау. Шағарманы ары қарай 2 бөлім қайырмасымен жұмыс жасау.
ШӘМШІ ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
Шымкент қаласындағы Шәмші саябағында орнатылған Шәмші ескерткіші 1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т. Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002).
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300–ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайды.
Шәмші әндерінің аттарымен таныстыру слайд арқылы.
Шығарманы әрі қарай талдау практика жүзінде ойнау.
IV.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз Қолды белге қоямыз Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп Бір отырып, бір тұрып Орнымызды табамыз
-Шығарма ұнадыма?
-Шығарма қандай аспаптарда орындалды?
V.Шығарманы ары қарай талдау
Ендеше осы шығарма туралы мағлұмат аламыз.
VI.Бекіту: слайд арқылы не білгенін жауап беру.
VII.Қорытындылау: Бүгінгі шығармада кездесетін қағыстарымен таныс болдық. түрлері арқылы шығарманы түрлендіріп ойнауға болатынын білдік. Біз осы шығарма арқылы Ш.Қалдаяқовтың өмірбаянымен таныс болдық. Оның «Ақ маңдайлым» әнін аспапта ойнап үйрендік.Әрқашан қазақ халқының күй өнерімен қатар,ән өнерін де биік бағалап,халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау, ұрпақққа жеткізу міндетіміз.