Мақсаттары: оқушыларды Отанын, туған жерін сүйе білуге, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Қазақ елінің жетістіктері жайлы фотосуреттер: «Жылдар сөйлейді»
І жүргізуші:
Құрметті талапты да талантты оқушылар, ардақты ата -аналар, асыл жанды ұстаздар! Бүгінгі «Менің елім» атты облыстар шеруі- мектепішілік шараға қош келдіңіздер! Шараның мақсаты өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезімді ұялату, Ұлы Қазақ елінің тарихын білу.
ІІ жүргізуші:
Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Қазақстан деген алып елдің жер көлемі дүние жүзінде тоғызыншы орынды иеленсе, еліміздің жер қойнауы табиғи байлыққа толы. Асты мұнай, үсті бидай. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге болсын парыз әрі қасиетті міндет.
І жүргізуші:
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды, шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да.
Көкен Ойраттың орындауында «Елім менің» әні
ІІ жүргізуші:
Қазақстанда 14 облыс бар. Олар Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, т.б. облыстар.
Қазір облыстарды таныстыратын сыныптар өз шеруін бастайды.
(Облыстарды атап отыру) шеру, облыс ерекшелігі, жетістігі жайлы айту, слайд көрсету
Даярлық топ -Ақмола облысы
1-сынып:Алматы облысы
2-сынып: Павлодар облысы
3-сынып: Қарағанды облысы
4-сынып: Қызылорда облысы
5-сынып: Батыс Қазақстан облысы
6-сынып:Шығыс Қазақстан облысы
7-сынып: Қостанай облысы
8-сынып: Жамбыл облысы
9-сынып: Солтүстік Қазақстан облысы
І жүргізуші:
О, қазағым, бірлік деген қорған бар,
Жақсы істе бір - біріңді қолдаңдар.
Қасиетті осынау ата- мекенді
Барлықтарың батырлықпен қорғаңдар!
Хор : « Атамекен» әні
Әні Е.Хасанғалиевтікі, сөзі Қ.Мырз батады екеналиевтікі
1.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күнің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
2.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем!
3.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем!
ІІ жүргізуші
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыңдар. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті елдермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан жақты білімді болу, жалын жүректі, намысшыл, патриот болу- міндеттерің.
Осымен «Менің елім» атты облыстар шеруі аяқталды. Назарларыңызға рахмет.