3. Оқушыларды туған жерін, туған елін, туған тілін сүюге тәрбиелеу. Көрнекілік: слайдтар. Барысы. 1-Жүргізуші:Саним
Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, әділқазы алқасы, қадірменді көрермендер ! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты патриоттық әндерден хор байқауына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:Гүлбаршын
Добрый день дорогие зрители уважаемые жюри !!! Приветствует Вас на конкурсе народного творчества посвещенный 25 летию Незовисимости Казахстана который проходит под девизом «Тәуелсіздік тұғыры биікте»
Мемлекеттік әнұран орындалады. 1-жүргізуші
Елімнің атын айтсам - Қазақстан, Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. Қойнауы қазынаңа толған мекен, Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
2 Ведущий:
Мой Казахстан, живи и процветай! Ты - колыбель великого народа, Всю красоту и мудрость передай И сохрани для будущего рода
Тәуелсіздік қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы -
Айналайын, алтын қанат-Азаттық! Сайысымызға әділ баға беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Ендігі кезекте кешімізді ашатын:
1 «А» сыныбы хор « Менің Қазақстаным»
1 «Ә» хор «Ана тілім»
1 «Б» хор «Ана тілім»
1 «В» «Қазақстан бақыты»
1-жүргізуші:
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. -
2 «А» Хор «Атамекен»
2 «Ә» Хор «Атамекен»
2 «Б» хор «Күн дидарлы –Қазақстан!»
1-жүргізуші:
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім, Қызығыңды көріп еркін келемін. Сен де аямай бердің маған барыңды, Мен де аямай барым саған беремін. –
3 «А» хор «Жас ұландар маршы»
3 «Ә» хор «Қазақстан бақытты»
3 «Б» хор «Ұланымын Отанның»
4 «А» хор «Қазағым менің»
4 «Ә» хор «Көк тудың желбірегені»
4 «Б» хор «Қазағым менің»
4 «В» хор «Қазақстан бақыты»
1.Жүргізуші:
Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
2 Жүргізуші:
Под щедрым солнцем золотым,
Под ясным небом голубым
Мой герб и флаг в себя вобрали
Весь мир степной, родные дали,
Свободы дух и взор прямой
Қорытынды
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім!
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
1-жүргізуші
Елімнің атын айтсам - Қазақстан, Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. Қойнауы қазынаңа толған мекен, Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
2-жүргізуші
Мой Казахстан, живи и процветай! Ты - колыбель великого народа, Всю красоту и мудрость передай И сохрани для будущего рода
Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!