Алдымен мен сіздерге отбасы туралы бейнроликті көріп, талқылауды ұсынамын. https://youtu.be/GB_seMNBzcQ?si=yjwublNtwDYEOJm D «Отбасы туралы астарлы әңгіме» (100 рет кешірім, 100 рет махаббат, 100 рет шыдамдылық). Бейнероликті талқылау: Сіз ақсақалмен келісесіз бе? Осы үшеуіне қандай ереже қосар едіңіз? (Ата- аналардың жауаптары тыңдалады, оларды сенімнің маңыздылығы туралы ойға итермелеу керек) «6-3-5» сөздер әдісі бойынша ми шабуылы. Сенім дегеніміз не? Нұсқаулық: топтар карточкаларда жазылған сенім туралы сөздерді талқылайды. Топ мүшелерінің әрқайсысы карточкаға / қағазға 1 минут ішінде сенім туралы өзінің 3 ойын жазады. Осыдан кейін топтар карточкаларымен алмасып, бір-бірінің идеяларын толықтырады. Соңында барлығы бірге сенім деген не екенін жалпылайды. - Әлеуметтану мен психологиядағы сенім – бұл адамдар арасындағы ашық қарым-қатынас, онда сенім білдіруші белгілі бір қарым-қатынаста болатын басқа адамның адалдығына сенімділік бар. Сондай-ақ, сенім дегеніміз – бұл белгілі бір қатынастарда біз қолдау, адалдық, шынайылық, қабылдауға ие боламыз деген сезім немесе субъективті сенім. Балаларының қажеттіліктері туралы ойлайтын, дамуы үшін қауіпсіз кеңістік құратын және эмоционалды жылулық сыйлайтын ата-аналар әлемге және өзіне сенетін, адамдарға ашылудан қорықпайтын бала тәрбиелейді. Бірақ егер ата-ана баланы елемейтін болса, оған сезімдерін білдіруге және тілектерін айтуға тыйым салса, ол тұйық және жалтақ болып өседі. - Құрметті ата-аналар, әр топтың үстелдерінде жатқан тапсырма парақтары, психологтің кеңестері бар жадынамалар мен чек-парақпен танысыңыздар, содан кейін біз балалар мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік тақырыбына арналған бейнеролик көріп, содан кейін топтарда сұрақтарға жауап береміз. ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК туралы бейнеролик көру https://youtu.be/gnKotnIbDAg?si=4_8wBqnstBNLoyCK КАРУСЕЛЬ әдісі бойынша топтық жұмыс Нұсқаулық: 4 үстелде А3 парақтары мен маркерлер, ата-аналарға арналған ақпараты бар чек- парақтары, топтар шеңбер бойымен қозғалады, әр үстелге жақындайды, тапсырмаларды талқылайды және сұраққа 3 минут ішінде жауап береді, содан кейін олар әрі қарай жүреді. Уақыт өткеннен кейін әр топ өз үстеліне оралады және спикерлер өз сұрақтарының жауаптарын оқиды. № 1 тапсырма «Қай отбасын үйлесімді деп атауға болады?» № 2 тапсырма «Балалар мен ата-аналардың сенімді қарым-қатынасына не кедергі?» № 3 тапсырма «Баланы өз проблемалары туралы айтуға қалай үйрету керек?» № 4 тапсырма «Ата-аналар баламен қалай сенімді қарым-қатынас орнатады?» Топ спикерлері жауаптарды оқып, бірін-бірі толықтырады. - Отбасындағы үйлесімділік ата-аналар балалармен қарым-қатынаста жұмыс істеп, бірін-бірі толықтырған кезде пайда болады. Тек күнделікті жұмыс істеу арқылы атап айтқанда, эмоционалды компонентпен жұмыс жасағанда, отбасында үйлесімділікке қол жеткізуге болады. |