№156 Н.Бекежанов атында?ы ?аза? орта мектебіні? о?ушысы Сапар Мизамбекті? зерттеу та?ырыбы «Біз ?зімхан атаны ма?тан т?тамыз».
?зімхан Исмаил Б?кір?лы ?арапайымдылы?ымен, тере? білімі мен м?дениеттілігі, сыпайылы?ы ар?асында к?зі тірісінде зор беделге ие бол?ан, д?шпанына да ?зін сыйлата білген, текті жерден шы??ан текті адам.
Ол халы? депутаттары ауданды?, облысты? Ке?естеріне, ауданды?, облысты? партия комитеттеріне бірнеше рет сайланып, м?ше бол?ан.
Со?ыс ж?не е?бек ардагері ?зімхан Исмаил Б?кір?лы 1986 жылдан 1998 жыл?а дейін Шиелі ауданы ардагерлер Ке?есіні? т?ра?асы болып 12 жыл аудан ардагерлериіні? ынтыма?ын, бірлігін, ауызбіршілігін са?тау жолында аянбай е?бек етіп, оларды? м??-м??таждарын ойлап, шешілмей жат?ан с?ра?тарын шешіп, ?леуметтік жа?дайларына ?арасады. Олармен бірге ж?ріп, бірге т?рады. Ысты?таса ысты?тап, то?са бірге то?ады. Осындай жа?сы ?асиеттерімен артында к?п із ?алдыр?ан ?адірменді ?ария еді.
?негелі отбасыны? басшысы, абзал ?ке, ?стаз-т?рбиеші болатын. Ж?байы К?лайша ??лтай?ызы екеуі 12 ?л-?ыз т?рбиелеп ?сірді.
Просмотр содержимого документа
«Біз ?зімхан атаны ма?тан т?тамыз »
№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі
Тақырыбы:Біз Әзімхан атаны мақтан тұтамыз
Орындаушы:№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
4Всынып оқушысы Сапар Мизамбек
Жетекшісі:Бәкірова Айжан Шатланбекқызы
Уақыты:2014 жыл
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн
ЖЕТЕКШІСІ:
Бастауыш сынып мұғалімі:
Бәкірова Айжан Шатланбекқызы
№156 «Н.Бекежанов» атындағы орта мектеп
4- сынып оқушысы
Сапар Мизамбек
Рысдәулетұлы
I.Кіріспе:
Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел екеуміз ғылымның кілтін зерттеп,
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған.
II.Негізгі бөлім :
Әзімхан ата өскен орта.
Еленген елге еткен бар еңбегі.
Ұлдарының сұхбаты.
III.Қорытынды бөлім.
Ғибратты ғұмыр.
Аннотация
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы Сапар Мизамбектің зерттеу тақырыбы «Біз Әзімхан атаны мақтан тұтамыз».
Әзімхан Исмаил Бәкірұлы қарапайымдылығымен, терең білімі мен мәдениеттілігі, сыпайылығы арқасында көзі тірісінде зор беделге ие болған, дұшпанына да өзін сыйлата білген, текті жерден шыққан текті адам.
Ол халық депутаттары аудандық, облыстық Кеңестеріне, аудандық, облыстық партия комитеттеріне бірнеше рет сайланып, мүше болған.
Соғыс және еңбек ардагері Әзімхан Исмаил Бәкірұлы 1986 жылдан 1998 жылға дейін Шиелі ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып 12 жыл аудан ардагерлериінің ынтымағын, бірлігін, ауызбіршілігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп, олардың мұң-мұқтаждарын ойлап, шешілмей жатқан сұрақтарын шешіп, әлеуметтік жағдайларына қарасады. Олармен бірге жүріп, бірге тұрады. Ыстықтаса ыстықтап, тоңса бірге тоңады. Осындай жақсы қасиеттерімен артында көп із қалдырған қадірменді қария еді.
Өнегелі отбасының басшысы, абзал әке, ұстаз-тәрбиеші болатын. Жұбайы Күлайша Құлтайқызы екеуі 12 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.
Әзімхан Исмаил Бәкірұлы соғыс және еңбек ардагері, абзал азамат, қадірменді ақсақал, Ел ағасы болған.
Жас ұрпақ үшін Әзімхан атаның өнегелі өмірін зерттеу арқылы ғылыми жоба жасадық. Сол себепті жұмысымыздың құндылығы осындай.
Елге еңбегі сіңген ел қамқоры , ел ағасы
аталған Исмаил Әзімхан ата өмірі мен
еңбегін жас ұрпаққа үлгі, өнеге ету.
Жас ұрпақты Әзімхан атадай айтулы тұлғалардың еңбегін үлгі ете отырып , елжандылыққа тәрбиелеу.
Ел тарихын , жер тарихын білуге , туған елін сүюге, қорғауға баулу.
Зерттеу тәсілі:
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында баспа материалдарына және кітаптарға , интернет желісіне жүгіндім және ұлдарынан сұхбат алдым.
Өзектілігі:
Соғыс және еңбек ардагері, абзал азамат, қадірменді ақсақал, ел ағасы болған Исмаил Әзімхан Бәкірұлы елдің санасын оятып, қоғамдық өмірге көздерін ашты. Жақсы мен жаманын айырып, еліміздің, ауданымыздың, ауылымыздың өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Ауылдың көкейтесті мәселелерін қозғап, ауылдың дамуына ықпал етіп, жастарды өнер- білімге, тазалыққа шақырғанын жеткізу.
Палымбет атадан тараған
Әли
Бәкір атадан 7 ұрпақ тараған
Әбу
Әділхан
Еркін
Ербол
Әзімхан
Нағима
әже
Шатланбек
ата
Асанбек
ата
Беркін
Әмина
әже
Өркен
Мейірбек
көке
Алуа
Көркем
Құрманбек
көке
Ғалия
Замира
Дастан
Гүлмира
1923 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бала би ауылында туған. 1940 жылы Қызылордадағы педрабфакты тамамдап, туған ауылында колхозда хатшы, мектепте мұғалім болады.
1942 жылдың мамыр айынан бастап 1947 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысады. Арменияда, Солтүстік Кавказ майданында атқыштар дивизиясында радиотелеграфист, радиостанция бастығы болады.
1947-1954 жылдары туған еліндегі мектепте мұғалім, мектеп директоры болады.
1954-1957 жылдары Шиелі ауданының партия комитетінде үгіт-насихат және ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі.
1956 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті бөлімін, 1963 жылы КПСС Орталық комитеті жанындағы жоғары партия мектебін бітіреді.
1958 жылы Шиелі ауданы, Ленин атындағы колхоз басқармасының төрағасы болып тағайындалады. Бұл шаруашылықты Ә.Бәкірұлы он сегіз жыл басқарады.
Негізгі үш бөлімнен тұратын аудандағы ірі шаруашылықтардын бірі саналатын еңбек ұжымын ауданның маңдайалды шаруашылығының қатарына қосады, үлкені мен кішісін түгел танитын Әзімхан ата елінің сүйікті басшысы, әрі Қамқоршысы бола білді.
1969 жылы Ә.Исмаил аудан бойынша даңқты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевпен бірге Мәскеуде өткен Бүкілодақтық колхозшылардың III съезіне делегат болып қатысады.
1970 жылы Республикалық колхоздар Кеңесінің мүшесі, 1971 жылы Қазақ ССР-і жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады.
Бүгіндері Шиелі ауданындағы Алғабас елді мекеніндегі заманға сай салынған енселі мәдениет үйі, монша, орта мектеп, медициналық пункт т.б. ғимараттар Әзімхан атаның тікелей басшылығымен салынған ғимараттар болатын.
Әзімхан Исмаил Бәкірұлы 1975 - 1985 жылдары халық депутаттары Шиелі аудандык Кеңесі Атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті. Аудан экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.
Алдыңғы катардағы еңбек озаттары, шопандар, қарапайым еңбек адамдары, интеллигенция өкілдері тапқан еңбекақыларына Ресейдің жеңіл автокөліктерін міне бастаған кезі де осы Әзімхан атаның ауданды басқарған кезі болатын.
1986-1998 жылдары аудан халқының сенімді, әрі сауатты басшысы бола білген Әзімхан Исмаил Бәкірұлы аудан ардагерлері Кеңесінің төрағасы болды. Аудан халқы еңбекшілерінің еткен еңбегіне карай мемлекет марапаттарына ие болуы, үкімет есебінен салынған үйлерге қол жетуі, ауданның мектеп бітірген жастары өздері тұратын елді мекендердің мекемелері есебінен жоғарғы оқу орындарын бітіріп, елге маман болып оралған кезең де Әзімхан Исмаил Бәкірұлы ауданды басқарған жылдар болатын.
«Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», екі рет «Құрмет белгісі», оннан астам медальдар, Қазақ ССР-і жоғарғы Кеңесінің «Кұрмет грамотасымен» басқа да наградалармен марапатталған.
Аудан орталығының және өзі 18 жыл басқарып, аяғынан тұрғызған «Алғабас» елді мекеніндегі басты көшелер Әзімхан Исмаил Бәкірұлы есімімен аталады.
Қазіргі кезде аудандық жаңа емхана беткейіндегі көшеге Әзімхан атаның есімі берілген.
Соғыс және Еңбек ардагері, абзал азамат, қадірменді ақсақал, ел ағасы болған Исмаил Әзімхан Бәкірұлы 2003 жылы 25 қазанда 80 жасында дүниеден озды. Өзінің өнегелі өмірімен артында өшпес із қалдырған Әзімхан атаның екінші ғұмыры ұрпақтарымен жалғасып жатыр.
Әзімхан ата жұбайы Күлайша әжемен бірге
Туыстарымен бірге
Ел басшыларымен бірге
Қонақтарды қарсы алуы
Сазгер –әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері,
ҚР Журналистер одағының мүшесі Өркен Әзімханұлының отбасы
Бұл жұмыста Әзімхан Исмаил Бәкірұлының өмірі,өскен ортасы туралы, елге еткен бар еңбегі туралы, ғибратты ғұмыры жайлы жазылған. Питер Клайн айтқандай:«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»- дегендей зерттеудегі ізденіс жұмыстарын жақсы атқарғаны айқын көрінеді. Зерттеу жұмыстарында қаралған мәселелерге байланысты мағлұматтарды орынды пайдаланған.
Жұмысын оқи отырып оқушының ғылыми ізденіске, жаңалыққа жаны құмар екенін аңғаруға болады.
Жалпы Сапар Мизамбектің жұмыс деңгейі жоғары, зерттеуші ойын, қойған мақсатын орындаған. Сонымен қатар көптеген әдебиеттерді пайдаланған. Бұл еңбек заман талабына сай жазылған және«өте жоғары»деп баға қоюға болады деп есептеймін.
Жетекшісі: Бәкірова Айжан Шатланбекқызы
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы
Ұсыныс
Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагер аталарымыз бен апаларымызға арнап орталық мұражайлар ашылса.