Просмотр содержимого документа
««Қаршақыз және жеті ергежейлі»»
«Қаршақыз және жеті ергежейлі» ертегі
«Ертегілер елінде» қалалық байқауға сахналық қойылым. Музыка ойналады.
Автор : — Жер бетін қалың қар басқан қыс мезгілі болатын. Терезенің алдында Ханшайым кесте тігіп отырады. Ғажайып қиялға бөленіп отырып байқаусызда қолына ине кіргізіп алады. Кестенің үстіне үш тамшы қан тамып кетеді.
Сонда ол: «Шіркін, бет-жүзі мына қар сияқты аппақ, бетінің ұшы мына қан сияқты алқызыл, шашы мына терезенің жақтауларындай қап-қара бір қызым болса ғой!»-деп ойлайды. Көп уақыт өтпей ханшайым жүкті болып өмірге қыз келеді. Оған Ақшақар деп ат қояды. Алайда ханшайым бірнеше сағаттан кейін қайтыс болып кетеді.
Бір жыл өткен соң патша басқа әйелге үйленеді.Жаңа Ханшайым өте сұлу,тәкаппар болады. Ешкімнің сұлулығы өзінен асып кеткенін қаламайды.
Өзінің бір сиқырлы айнасы болады. Күнде сол айнаға қарап , сағаттар бойы өзіне тамсанып , сұрайды
Тәкаппар Ханшайым : -Айна, айна менен асқан сұлу барма, жоқпа? -Айна, айна тек шыныңды айтшы-деп сұрайды. Сонда айна оған: — Бұл дүниеде сенен асқан сұлу жоқ ,-деп жауап береді. Ақшақар он төрт жасқа келгенде, айнасы: -Ханшайым сіз сұлусыз. Бірақ, Ақшақар сізден де асқан сұлу,-деп жауап береді.
Автор:Мұны естіп ызадан жарылардай болған ханшайым, қызғаныштан жүрегі қарс айырылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады. Амалы таусылған ханшайым Ақшақардың көзін құртуды ойлап, сарайына аңшылардың біреуін шақыртып: (музыка әуені қойылады) Аңшылар келеді.
Тәкаппар Ханшайым:-Мына қызды орманға апарып, ағашқа байлап тастаңдар,-леп тапсырма береді.
Автор:Аңшылар Ақшақарды орманға әкелгенімен жылағанын көріп, оны бос жібереді. Орманда жалғыз көп жүреді. Кеш батып, қас қарайғанда бір кішкентай үйшікке кезігеді. Есігін ұрса, ешкім ашпайды. Не де болса ішке кіреді.
Үйдің ішінде жеті кішкентай орындық, азықтарғ толы жеті кішкентай табақ, керуетті көреді. Әрі күтіп, бері күтіп, ешкім келмеген соң шаршаған қыз ұйықтап кетеді. (Көңілсіз Әуен ойналады) Біраз уақыт өткен соң үй иелері келеді. Олар таудың ішінде қазба байлықтар қазатын жеті ергежейлі екен. Ақшақарды көріп «Қандай сұлу қыз!»деп таң қалады. Таң атып, Ақшақар ұйқысынан оянады.кішкентай адамдарды көріп қорқып кетеді. Біраз уақыт өткен соң оларға үйреніп, жақсы адамдар екеніндігіне көзі жетеді. Ергежейлілер Ақшақарға өз үйлерінде тұруға рұқсат береді. Бір күні ханшайым айнасына қарап сұрайды.
Тәкаппар Ханшайым: -Айна, айна меннен асқан сұлу барма, жоқпа? — Ия сіз сұлусыз, бірақ таулардың ар ар жағында ергежейлердің кішкентай үйіндегі Ақшақар сізден де сұлу,- деп жауап береді.
Автор:Бұл жолы қызыл алманы өте улы затпен улайды. Қайыршы кемпірдің киімін киіп, жолға шығып, жеті ергежейлер үйіне барады. Тәкаппар Ханшайым: Қып қызыл алма сатамын, қызыл алма сатамын дейді Ақшақар:-Амансыз ба? Әже. маған бір алма беріңізші . Тәкаппар Ханшайым:-Ала ғой, қандай тәтті алма,-деп қызға қолын созады. Қыздың алманы тістегені сол еді , жерге құлап түседі. Залым ханшайым қыздың қимылсыз жатқанын көріп, «Ақыры сеннен құтылдым»,-деп қуанып кетіп қалады. Бұл жолы ергежейлілер ешқайсысы Ақшақарды оята алмай, жылап не істерін білмейді. Бір уақытта музыка әуені ойналып, атқа мінген Ханзада келеді. Сол күннен бастап Ақшақар мен Ханзада бақытты ұзақ өмір сүріпті.