Тақырып: Ақиқат және жалған пікір. Менің өлкемдегі жануарлар əлемі. Мектеп: "А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" КММ. Сынып: 2. Мұғалімнің аты-жөні: Аюпова Г.К. Оқыту мақсаттары:2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар үшін: Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну. Көптеген оқушылар үшін: Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.Кейбір оқушылар үшін: ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру. Тілдік мақсатта: Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым, пікір, ақиқат, жалған. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер. Талқылау: Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме? (мысалдар келтір). Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады? Тірек білім, білік, дағдылар. Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігі туралы күнделікті тұрмыстан түсініктер беру.