4-ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Топқа бөліп отырғызу. 1топ «Алма» 2топ «Шие» 3топ «Өрік» 4 топ «Алмұрт»
Себеттегі сұрақтар : 4-5 мин
1.Өлеңдегі ата қандай?
2.Өлеңді жатқа айт.
3.Сенің атаң бар ма?
4. Үлкенді құрметтеу дегенді қалай түсінесің ?
5. Әдептілікті адам кімдерден үйренеді?
Балаларға жаздыру интер.тақта
Ақсақал
Батыр
Атай
Әңгімешіл
Еңбекқор
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақ Ой қозғау Слайд
- Аспай піскен, Қайнамай түскен Не?- деп ойлайсыңдар балалар. - Жеміс,- дұрыс ал сендер қандай жемістерді білесіңдер? - Алма, алмұрт, алша, өрік, шие т. б. - Осы жемістер қайда өседі? - Бақта, жеміс ағаштарын көрсету. /Слайд /
Ж ұмбақ шешу 3-4мин
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден үзіп
Оның аты-...(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)
Бұтағының азығы Ортасында азығы, (алма)
Қандай ағаштар болады?
Жиде ағашы
Өрік ағашы
Алма ағашы
Жаңғақ
ағашы
Бақша ағаштары
Шие ағашы
Алмұрт ағашы
II. Мағынаны тану кезеңі 4минут
Олай болса осы бақша ағаштары туралы әңгімені тыңдайық.
Жаздың бір әдемі күнінде бағбан баласымен бақшаға келіп, жеміс ағаштарын көрді. Баласы әкесінен сұрады: - Әке, мынау ағаш неге түп-түзу, анау ағаш неге қисық? - Оның себебі, анау ағашты күткен, суарған, қисық өскен бұтақтарын уақытында кесіп тұрған.Ал мына ағашты ешкім күтпеген, суармаған, ол өз бетімен өскен. Сондықтан ол қисық болып өскен. Сен де осы ағаш сияқтысың, сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтып отырсаң, ақылды, жақсы бала болып өсесің. Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсең, ана ағаш сияқты қисық , жаман адам болып өсесің, - депті әкесі.
Бақша ағаштардың өсуіне не қажет?
Жылу
Күннің сәулесі
Құнарлы топырақ
Су, ауа
Кітаппен жұмыс: Тыңдап отырып өздерің іштей көз жүгіртіп оқыңыздар.
3-4 балаға оқыту . 1бала бастайды.2бала жалғастырады.
Сұрақтар тапсырмасы : 4-5мин
1.Әңгіме не туралы?
2. Екеуінің арасында қандай әңгіме болды?
3. Кейбір ағаштар түзу кейбір ағаштар қисық өсуі қалай?
4.Жақсы баламен жаман баланың қандай айырмашылығы бар?
5 .Баланың өсуіне не керек?
6. Ы.Алтынсарин туралы естіңдер ме?
7. Бұл әңгімені кім жазған?
8. Қандай шығармаларды білесіңдер? /Кел,балалар ,оқылық!/ / 2оқушыдан сұралады. 1оқушы бастайды. 2оқушы аяқтайды./
Видеоролик жіберу /Ы.Алтынсарин/ 3мин
Сергіту сәті: 1мин
III. Ой толғау
Топқа тапсырма : 8 мин
1 топ: «Алма» Мәтіндегі қисық ағаштардың суретін салып олардың неге қисық өскенін түсіндір.
2 топ: «Шие» Мәтіндегі түзу ағаштардың суретін салып олардың неге түзу екенін айт .
3 топ: «Өрік» Мәтінді оқи отырып әкесінің сөзін оқып бер.
4 топ: «Алмұрт»
Жоспар : 1.Бақшадағы әңгіме
2. Қисық ағаш пен түзу ағаш
3. Әкесінің жауабы
Тәрбие туралы мақал-мәтел
Тәртіпті бала, Ата –анасын тыңдайды,
Тәртіпсіз бала,Ата-анасын қақсатады. Тәрбиелі бала түзу ағаш сияқты өседі. Тәрбиесіз бала қисық ағаш болады.
Сабақты қорыту Қызыл алма -5 өте жақсы
Құлпынай - 4жақсы
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Өз әсерлеріңді стикерге жазыңдар ?
Қызыл /түсінді/
Сары /орташа /
Көк /жерге түсті түсінбеген/
Бағалау /алма,құлпынай мен бағалау/
Үйге тапсырма : Мәтінді оқып, қысқа әңгіме жазып келу.