Психологиялық ахуал қалыптастыру: Денсаулықты сақтайық Шынығайық, баптайық. Жаны саудың-дені сау Жаман жолға баспайық Тән саулығы-тазалық Таза бала болалық. Бойымызды күтеміз Қалсын бізде балалық. «Мектептегі өмір» 1 оқушыдан мазмұнын сұрау «Сақина салу» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау, қортындылау. -Мектеп қандай мекеме? (Мектеп-бұл білім мен тәрбие алатын оқу орның) -Мектепте сынып бөлмелерінен басқа нелер бар? (Мектепте оқу сыныптары, спорт зал, кітапхана,асхана бар) -Мектепте кімдер қызмет атқарады? (Ұстаздар, дәрігер, есепші, еден жуушы, аула сыпырушы, күзетші, аспазшылар) -Мектеп қызметкерлері қандай міндеттер атқарады? -Сендер үшін мектептегі ең маңызды іс не? (Білім алу) -Оқушыларға үзіліс не үшін беріледі? (таза ауа жұту, келесі сабаққа дайындалу, тамақтану) Үзіліс кезінде өзіңді қалай ұстауың керек? (мектеп ішінде айқайлауға,жүгіруге, бір-бірін итеруге, алысуға болмайды) Өрт, жер сілкіну қаупі төнген кезде қандай сақтық ережелерін білу керек? Мектептегі қауіпсіздік ережесін (сабақта, үзілісте, асханада, спорт залда т.б) құрастыр. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» мағынасын түсіндіру. Оқушы ойын тыңдау «Дұрыс тамақтана біл» мәтінін оқу. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Оқулықтағы мәтінді оқу, әрі қарай тақырыбымыз нақты түсінікті болу үшін бейнетаспаға назар аударайық. Видео көрсетіледі, оқушы пікірі тыңдалады |