?аза? тілі (2-сынып) Саба?ты? та?ырыбы: Сан есімге байланысты ма?алдар мен ж?мба?тар
?аза? тілі (2-сынып) Саба?ты? та?ырыбы: Сан есімге байланысты ма?алдар мен ж?мба?тар
Саба?ты? та?ырыбы: Сан есімге байланысты ма?алдар мен ж?мба?тар.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: С?з табы туралы ал?ан білім, білік да?дыларын еске т?сіріп, ?орытындылар мен т?жырымдар жасау, О?ушыларды? теориялы? ж?не практикалы? білім д?режесін бай?ау.
Дамытушылы?: ?з бетінше орындау?а, ізденуге, зерттеуге ?йрету. сыни т?р?ысынан ойлау ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі (2-сынып) Саба?ты? та?ырыбы: Сан есімге байланысты ма?алдар мен ж?мба?тар»
Қазақ тілі (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы:Сан есімге байланысты мақалдар мен жұмбақтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз табы туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіріп, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, Оқушылардың теориялық және практикалық білім дәрежесін байқау.
Дамытушылық: өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету. сыни тұрғысынан ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұйымшылыққа және әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, кестелер, үлестірме қағаз
Түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
Топқа тапсырма:
а) Әр топ өзінің атауы, сұрағы, түрлері, қай сөзбен байланысатынын айтады.
1-топ: Зат есім 2-топ: Етістік 3-топ: Сын есім 4-топ: Сан есім
ә) Семантикалық карта. Берілген сөздер екі реттен қайталанбайды, карта әр оқушыға жеке-жеке таратылады.
Сөздер
зат есім
сын есім
сан есім
етістік
Алматы
су
салды
аппақ
тәтті
тоқсан үш
сурет
жазды
Жаңа сабақ.
Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу.
,, , ,,, ,,,
50 жылқы – 50 жаңғақ алма
Елу жылда – ел жаңа деген мақал шықты. Сұрақ қою арқылы сан есімді табу.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Ққ әрпі тақтаға жазылады.
Ққ әріпімен басталатын сөздер.
Ққ әріпіне байланысты сөйлем құрастырып жазады да әр топтан бір оқушыдан оқып шығады
Бес қару: Шоқпар, садақ, найза, айбалта, қылыш. Бұл қаруларды кімдер, қашан қолданғаны туралы айтылады.
Елін, жерін қорғаған Қазақ батырларының аттары аталып, осы қаруға байланысты қандай мақал білетіні сұралады.
Ер қаруы – бес қару. Сұрақ қойып сан есімді табу.
Ал қазір біз сол ата-бабаларымыз сыйлаған Бейбіт өмірде өмір сүріп жатырмыз
7 Мамыр – Отан қорғаушы күні
9 Мамыр – Жеңіс күні екенін атап өту.
Сергіту сәті. /Шіркін-Лайф/
І-тапсырма.
Оқушылардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, сөйлеу дағдысын дамыту. Әр топ өздері бір-бірлеріне сан есімге байланысты жұмбақтар жасырады да сұрақ қойып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың. /Телефон/
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. /Домбыра/
Бес ін, бес іннің аузы - бір ін. /Қолғап/
Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. /Инелік/
ІІ-тапсырма
Тақтаға әртоптан оқушылар шығып сан есімге байланысты мақалдарды жазып, талдау.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Сөздік жұмысы: Байқұтан –иттің
аты құрақ – қамыс
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Бір тал кессең, он тал ек.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
ІІІ-тапсырма
Әртоп оқушылары өздері білетін өлеңдерін жатқа айтып, топтарына байланысты /зат есім, етістік, сын есім, сан есім/ сұрақ қою арқылы талдайды.
ІV-тапсырма
Бейнесөз шешімін тауып, әр топ сөйлем құрастыру.
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
6 бақан 9 құмалақ 5 ік к3 ік
Сабақты бекіту.
Суретпен жұмыс. Екі лақ.
Оқушылардың суретке қарап құрастырған әңгімелерінің мазмұнын талдау.
Өзен жанында екі тентек лақ кездеседі. Біреуі өзеннің оң жағына, біреуі өзеннің сол жағына өтпекші. Бірақ өзендегі бөрене жалғыз. Лақтың біреуі екінші лаққа: Сен былай тұр мен өтемін,- дейді. Екінші лақ: Жоқ, сен былай қаш, мен өтемін – деп екі лақ бір–біріне жол бермейді. Бөрененің үстінде сүзісіп, екеуі де өзенге құлап кетеді.