Просмотр содержимого документа
«Миллиондар класы. К?п та?балы сандарды о?у, жазу ж?не салыстыру. »
Миллиондар класы. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Мақсаты: оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи және жаза білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру; есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.
1). Көркем жазу. 5, 9, 0 цифрларын пайдалана отырып, үш таңбалы сандарды жаз (509, 590, 950, 905) санды жазыңдар. Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(509, 950). Бұл сандар қай класқа жатады? Бірінші кластың разрядтарын атаңдар (жүздік, ондық, бірлік). Бірінші класты басқаша қалай атауға болады? (бірліктер класы)
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Ауызша жұмыс. - 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.
- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?
Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондаркласын немесе үшінші класты құрайды.
10 жүздік миллион = 1 мыңдық миллион = 1 миллиард = 1 000 000 000
Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады. Мыс: 198 656 123
Көп таңбалы сандарды солдан оңға қарай кластарының атауымен оқиды: жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз елу алты мың жүз жиырма үш (бірліктер класын атамайды)