Жармағанбетов Қайнекей (25.08.1918 Қостанай обл.Жангелдин ауд.Шиелі а.-10.09.1974сонда)-ақын,әдебиет зерттеуші.ҚазҰПУ-ды (1941),аспирантурасын (1949)бітірген.1941-48ж.Қазақстан Компартиясы ОК-нде нұсқаушы,Өазақстан ЛКЖО ОК-нде хатшы,1948-58ж ҚазҰПУ-да аға оқытушы,доцент,директордың орынбасары,1958-64ж «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Ара»-«Шмель»журналының редакторы,Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы,әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.1964жылдан шығарм.жұмыста болған.Алғашқы жинағы «Заман біздікі»деген атпен 1950ж.жарық көрген.
Біздің бүгінгі негізгі кейіпкеріміз:ақ қайың,қарағаш,тобылғы,сексеуіл.
І.Ертегіні оқу
ІІ.Ағаштарға сипаттама беру
Ақ қайың түзу болып өсетін ағаш.Өте сәнді,орналасқан жеріне көрік беріп тұрады.Күн көзіне тартылып өседі.Отынға пайдаланды және оны ет өнімдерін ыстағанда өте жағымды дәм береді.Ақ қайыңнан жасалған шырын бар.Демек адам ағзасына пайдалы дәрумен.
Қарағаштың түсі-қара,биік болып өседі.Діңі жуан болады,жанға жайлы саясымен көпшілікке ұнайды.
Тобылғы өте қатты,берік бұта тектес өсімдік.Түсі қызғыш болып келеді.Беріктігіне қарай одан қамшы сабы жасалып,тобылғы сапты қамшы деп аталған.Бойы биік емес-1-1,5м ғана.Емдік қасиеттері бар.Теріде пайда болған жараны емдеуге пайдаланады.
Сексеуіл-құмды жерде өседі.Өте берік.Өсу уақытына қарай жуан, орташа болып келеді.Қызуы қатты,жанып болғаннан кейінгі шоғы бет қаратпайды.Соңғы уақытта азайып бара жатқандықтан,оны пайдалануға тыйым салынған.
1-топ.Тобылғының суыт жүрісіне баға бер (мінездеме)
2-топ.Ақ қайың мен қарағаштың достығы неге ұзаққа бармады?
3-топ.Егер тобылғы араға түспегенде не болар еді?
YІІ.Ертегіні түйіндейтін мақал-мәтел таңдау,мәнін ашу
YІІІ.Еркетай бағдарламасымен сабақты қорытындылау
ІХ.Топ жетекшілері «Бағалау парағы»арқылы оқушыларды бағалау
Х.Үйге тапсырма:
1-топ.Ертегіні мазмұндау.
2-топ.Ертегіні сахналау
3-топ.Кейіпкерлердің суретін салу
Астана қаласы
№57мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Өмірбаева Салтанат
Өмір-ағымынан
Ерте-ерте ертеде қия жартастың қойнауында,жайлы ұяда бала бүркіт дүниеге келеді.Жылжып айлар,жылдар өтеді.Осы уақыт арасында қанатын қомдап жан-жаққа көз тіге қараған бала бүркіт ата-бүркіт пен ана бүркіттің арқасында дәмді,тәтті еттің ара жігін ажырата алатын халге жетеді.Осыдан көп ұзамай-ақ жайлы ұяны артқа тастап,ата-анасынан енші алған баладай сол жартастың биік шыңына жайғаса орын тепті.Ата-тегінен жалғасын тауып келе жатқан қырағылық,ептілік,жылдамдықты серік етті.Осы қасиеттерінің арқасында ұшқан құс,жүгірген аңды бос жібермеді.Қзімнен мықты,өзімнен күшті ешкім жоқ емес еді.Бала бүркіт енді «қыран бүркіт»атанды.Өз ортасында өзі беделді,сыйлы болды.Жан-жағындағы көршілері де одан айбынын,иеленіп тұрды.Алдымен «сіз,сіз»деген ілтипатты көзқарастарымен білдіруші еді.Осы бір қошеметте оны одан сайын масаттандырып жіберді.Тағы да жылжып айлар соңынан жылдар өтті.Қыран бүркіттің көршілерінде шүпірлеген бала бүркіттер дүниеге келіп жатты.Олар қанатын қомдап,жан-жаққа көз тіге қарай бастаған шақ еді.Осы жылдар арасында бұрынғыға қарағанда өзінің шабандоздығы,ептілігі,қырағылығы сыр бере бастағанын қыран бүркіт сезе бастады.Бірақ мойынұсынғысы,мойындағысы келмеді.Өз бойындағы кісілік,өркеуделік қасиеттерін басым ұстаған ол ешкімнің алдында басын игісі келмеді.Ал өмір-өзен.Сол ағымға ілесіп бірде ортасында,бірде жағаға ұрған толқынмен бірге таяқ та жейсің.Сондай ағымның бірінде қыран бүркіт төменге құлдилады.Осы көрініс сол күні бірнеше рет қайталанды.Құлдилаған сайын түгінен жазған түлкі де,шулаған шибөрі де,азу тісі сақылдаған қасқыр да құтылып кетті.Кеш таянғаншақ.Әбден қалжырап,шаршаған бүркіт ашыққанын білді.Амалсыздан орнына орнықты.Бұл көрініс бақылаған көршідей бала бүркіттің бірі қанатын қағып-қағып жіберіп төменге қарай құлдилады.Қанатын қомдап ұшқанына сүйсінгенімен бүркіттің төмендегі қарайғанға көз қырағылығы жетіп ажырата алмады.Көп ұзамай бала бүркіт өзінің тырнақ алды туындысын қыран бүркіттің алдына тартты.Аш өзегін жалғағанмен тоя жей алмады.Әбден шаршап қалды.Қалғанын ертең көрермін,дегендей алғаш рет қанағат етті. «Қанағат қарын тойғызар»дегендей бүркіт сол орнында мүлги бастады.Ал бала бүркіт:
«Сіз де біздей болғансыз,біз де сіздей болармыз»-дегендей қыран бүркітті аяй,мүсіркей қарады.Қыран бүркіттің өзге де еш ісі болмай бір беймәлім тыныштыққа алаңсыз ене бастады:
Өмір өсу мен өшуден тұрады.Қыран бүркіт өшіп бара жатқанын мойындағысы келмегенмен,бала бүркіт өскенін дәлелдеп берді.
Өмір толқыны қыранды жағаға лажсыздан лақтырып тастады да,бала бүркітті өз ағымына ілестіріп алып кетті.