Просмотр содержимого документа
«Отбасы -бақыт ошағы»
Мұғалімнің сөзі:
-Құрметті қонақтар біздің «Отбасы-бақыт ошағы» атты кешіне қош келдіңіздер! Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір өлеңінде:
«Отбасы — шағын мемлекет ,Мен – президент,сен-премьер»деген екен.Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары бар.Олар- Алатаудай Әке,мейірімді ана.Әке – береке,өнеге,даналықтың қайнар көзі,қасиетті ісімен сыйластық,құрмет басы.Ана — біздің қамқорымыз.Ананы сыйлау- елді сыйлау,өмірді құрметтеу.Сондықтан біздің борышымыз үлкендерді сыйлау,құрметтеу.
Құрметті жиналған қауым,ата – аналар, ұстаздар,жарысқа қатысушылар және олардың жанкүйерлері!Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер!Сайыстың кезеңдерімен таныс болып отырыңыздар.
І кезең « Таныстыру»(әр отбасы өздерін таныстырады.Өз қалаулары бойынша өлеңмен немесе видеороликпен,тақпақ т.б).
ІІ кезең «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»…(карточкалық сұрақтарға жауап беру).(5-6 мин).
ІІІ кезең «Біз өнерлі отбасы»(әр отбасы мүшесі өз өнерін көрсетеді ән,би,күй,өлең).
ІҮ кезең «Тәлім-тәрбие және шеберлік»..жағдаяттар шешу(5-6 мин).(отбасы өміріне ,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше білу).
Ү кезең «Рефлексия»(ата-ана,оқушы өз ойларын ортаға салады).
ҮІ кезең « Қорытынды»
Бүгінгі сайыстың беташарын әнмен ашайық.
Сахна төріне Мансурды «Анашым»әнімен шақырайық!
Мұғалімнің сөзі:
Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Іздеген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа,-
демекші өз өнерлерін ортаға салуға келген сайыскерлер отбасын ортаға шақырамыз.
І-кезең. 1.Таныстыру үшін сөз кезегін « » отбасына береміз.
2.
3.
4.
Барлық отбасымызға рахмет.
Алдымен сөзге ден қояйық
Бойға қуат жиып алайық.
Сайыста қапы қалмай-ақ
Бар білімімізді ортаға салайық
Тыңдаңыз бұл даланың үні қандай,
Қараңыз отбасының гүлі қандай.
Шақырып ортамызға топтарды.
Көрейік бойында бар өнер қандай!
ІІ-кезең -«Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»
Құрметті сайысқа қатысушы отбасы сіздер өз қалауларыңыз бойынша бір түсті таңдап,сол карточканың соңында сұрақтар берілген,соған жауап бересіздер.(әр отбасына 6 сұрақтан).Сіздерге уақыт 5-6 мин.
Жарысқа бүгін біз келдік,-дей отырып отбасыларын келесі сайысқа шақырамыз.
ІІІ-кезең «Біз өнерлі отбасы»
Өз өнерін көрсету үшін « .....................» тобын шақырамыз.
«Тәлім-тәрбие және шеберлік»сайысы (отбасы өміріне,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше біліп,жауабын айтады.
1-жағдаяттар: «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2-жағдаяттар: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
Көк түстегі
1-жағдаяттар: «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді.Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.Марат үйге келіп шағым айтты.Ата – анасы сөзге келместен директорға кіріп шағымын айта бастады.Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қалай әрекет етер едіңіз?»
2-жағдаяттар: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?
Ақшыл түстегі
1-жағдаяттар: Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», — деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға берудегі сіздің әрекетіңіз?
2-жағдаяттар: Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де балаларымызды қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз.
5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қыз баланың көңілін қалай аулайсыз?
Сары түстегі
1-жағдаяттар: Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Жаман мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! » деп күйіп піседі. Баланың бастан кешкен сезімі? Сіздің әрекетіңіз?
2-жағдаяттар: 1- сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» — дейді. . Баланың бастан кешкен сезімі? Сіздің әрекетіңіз?
Жасыл түстегі
1.Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
2.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз бар ма?(өз ойыңыз,пікіріңіз).
Мұғалімнің сөзі: Рақмет сіздерге ой бөлісіп,ортаға салғандарыңызға,