Күні: 07/09/2013 жыл. Пәні: Еңбекке баулу. Сыныбы: 1 «а»
Сабақтың тақырыбы: Таңғажайып әлеммен танысу.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды татаңғажайып әлмнің қыр-сырымен таныстыру. 2. Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың жан- жақты білімдерін дамыту. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке баулу.
Сабақ типі: Аралас.
Сабақ әдіс түрі:
Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үлескідегі жұмыс.
1. Қай айда жапырақтар өте көп түседі?
2. Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?
ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:
1,2,3 – суреттердегі фигуралар қандай ағаш жапырақтарынан жасалған?
Айбек пен Айгүл жапырақтарды не үшін жинаған? (Суретпен жұмыс)
Қалай ойлайсың, жерге түскен жапырақтарды іскеасыруға бола ма?
IV. Жаңа сабақ.
Табиғи материалдар: шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ көкөніс және ағаш жатады. Ағаш тамыры мен бұтақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейде олардың пішіні аңға ұқсап кетеді.Байқадыңдар ма?
Оқулықпен жұмыс .Сұрақ-жауап
Орман тұрғандарын таныдың ба? Бұл фигуралар нені еске түсіреді? Оларды ата.
Суреттегі құрамақтар қандай табиға материалдардан жасалған ?
Олар бір-біріне несімен ұқсайды? Ерекшеліктері қандай? құрамақтарды қызықты деп айтуға бола ма?
V. Практикалық бөлім
Жапырақтан тышқанның бейнесін жапсыру.
1.денесі (1)
2. Құлақтары. (2).
3. Құйрығы (1)
4. Көзі (1)
5. Мұрыны (1)
VI. Қорытынды бөлім:
Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.