Ортасы (15мин.) (10-минут) | 1. ҰЖ. Мәтінмеш жұмыс Мәтінді мұқият тыңдап,азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.Жоспар бойынша мәтінді жұбыңызға мазмұндаңыз (2 рет оқылады) Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаласа жөн болады. 2. ТЖ. «Сұрақ-жауап» әдісі 1 топ -Денсаулығын мықты болу үшін нені сақтау керек? -Қандай гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек? 2 топ -Тазалықтың қандай ережелерін білесіңдер? -Өз денсаулығын ойлаған адам нені қадағалау керек? 3. ТЖ:Мәтін бойынша жоспар құру 4. ЖЖ. Мәтін бойынша диалог құру | Критериалды бағалау Бағалау критерийі 1. Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді ,жоспар құрайды. Дескриптор - қойылған сұрақтарға жауап береді. -мәтінге жоспар құрады. -жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды. | Жауаптарынан негізгі мәліметтерді түртіп алады. сұрақтар, постер, маркер, стикерлер А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар |