Просмотр содержимого документа
«Ңан ашық сабақ дүниетану»
Сабақтың тақырыбы: Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі:Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңімен таныстыру, мағынасын түсіндіру, қасиетті тағамның бірі – нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсіндіру;
ә) Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту;
б) Тәрбиелігі:Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу;
Топқа бөліну: (Өлең шумақтарын жинақтау арқылы топқа бөлу )
І-топ: Нан анасы – бидаймын Елге астық сыйлаймын Дәнім толып піскенде Қауызыма сыймаймын.
ІІ-топ:Күміс мұртты -арпамын Ырыс – құтты арпамын Еңбек етіп, баптаған Еліме сый тартамын.
ІІІ топ. Ақ, қарамын, сарымын Мен өнімді тарымын Халқым еңбек сіңірсе Қайтарамын қарызын
ІҮ топ Мен сұлымын ұланның Тұлпарына ұнадым Баптаған әр диқанға, Басымды иіп тұрамын.
Сабақтың және топта жұмыс жасау ережесі:
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтастылық
Бағалау әдісімен таныстыру.
Бағалау парағы:
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:(4 минут) «Ұшақ ұшыру» әдісі арқылы тексеру
Мәдіхат Төрежанов «Қолғабыс» мәтінді оқып келу
« Бидайық» көпжылдық жабайы өсімдік туралы мәлімет жинақтау
Топпен жұмыс.
Мағынаны тану:(3 минут) видео ролик қарату
Жаңа тақырыпқа кіру
Жаңа сабақ:(13 минут
«ТҮСІНУ»
1.Кәрім Сауғабаевтың өмірбаяны және шығармашылығы.
Сауғабаев Кәрім (1941–2002) 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ (бұрынғы Қу) ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді. Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып істеді.
Зәмзәмсу- «Әлемдегі ең жақсы су – зәмзәм суы. Оның жағымды дәмі бар, әрі ауруларға ем»
Пірім – пір деген сөздің сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді.
Далбаса –құр, босқа, т.б
Пейіл-*әр ісіне ерекше ден қойып жан пәнімен істейді
1.(Топпен жұмыс)
І ТОП Нанның түрлерін ата.
(Табанан, бауырсақ-Қазақстан
Каравай -Россия, Украина, Беларусь
Лаваш –Кавказ
Бейгл –США
Брецель -Германия
Юха –Азербайджан)
ІІ. Топ тапсырмасыТыйым сөздер:
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
ІІІ топ тапсырмасы (5 минут)
Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастыру.
О , адамдар!
... ... ақтаңдар,
... ... баспаңдар.
... ... ... ,
... ... сақтаңдар.
ІҮ топ тапсырмасы
Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі- ...(нан- хлеб-bread)
Дастарханында наны жоқтың
Тамағының ... жоқ(дәмі-вкус-tastl)
Нан болса ... болады.
(ән –музык-muzik)
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса ...
( баспаңдар- ненаступать-donotvalk )
Қорытынды. (2 минут)
Нан –дастархан құты. Нан – тоқтық , нан-байлық. Дастархан басындағы әрбір түйір нан қаншама адамның еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, тастауға, басуға болмайды. Жерде нан жатса,алып адам баспайтын жерге қою керек. « Егер менен Әлемдегі ең асыл не?-дей қалса «Нан»деп жауап берер едім. Себебі нан –әлемнің жарығы. Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады»деген екен Ыбырай Жақаев.
Үйге тапсырма: (1 минут)
208-209 бет Кәрім сауғабаев Нан туралы өлең мәнерлеп оқу
«БАҒАЛАУ»(3 минут)
Рефлексия:
Топ басшылары бағалайды.
Әр топты сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау, масақтар тарату.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларғат тастаңдар
І-топ: Нан анасы – бидаймын Елге астық сыйлаймын Дәнім толып піскенде Қауызыма сыймаймын.
ІІ-топ:Күміс мұртты -арпамын Ырыс – құтты арпамын Еңбек етіп, баптаған Еліме сый тартамын.
ІІІ топ. Ақ, қарамын, сарымын Мен өнімді тарымын Халқым еңбек сіңірсе Қайтарамын қарызын
ІҮ топ Мен сұлымын ұланның Тұлпарына ұнадым Баптаған әр диқанға, Басымды иіп тұрамын.
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
№ 6 орта мектеп КММ
Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы
Мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор екенін түсіндіру;
Оқу нәтижесі:
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал екені түсіндіріледі.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу түрлерін анықталады.
Оқушыларды оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру, алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету жолдары көрсетіледі.
Негізгі идеялар:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
-Көзбен көретін айғақтар негізінде функционалды сауаттылық туралы слайдтар.
Исина Айнаш Екпиновна
Бастауыш сынып мұғалімі
№ 6 орта мектеп КММ
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы»
тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия
Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор екенін білемін. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылатынын нақтылау мақсатында өз әріптестеріме осы коучингті ұйымдастыруды жөн көрдім. Коучингімді жоспарлағанда әріптестерімде бір серпіліс, сабақ үдерісіне жаңалық әкелсе екен деп ойладым.Әр мұғалім өз ісіне басқа көзқарас танытып, оқушыға,жаңаша әдіспен сабақ берсе екен деген ой болды.
Бұл тақырыптың мен үшін маңыздылығы, Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасының «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет» деген сөзі мені осы тақырыпта коучинг өткізуге алып келді.
Коучинг жұмысын жоспарлы 7 модульді ықпалдастыра өткіздім. Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері, тарих пәні, қазақ тілі мен әдебиеті пәні, орыс тілі, география пәні мұғалімдерімен қоса мектеп басшылары да қатысты. Сәлемдесіп алғаннан кейін әріптестерімді «Шаттық шеңберіне» шақырдым. Жүрекшелерді бір-біріне сыйлай отырып,тілек айтқыздым да, ең соңында қолдарында қалған жүрекешені қатты умаждауды сұрадым. Осы жерде жанымызда жүрген досымызға, алдымызда отырған оқушыға ағаттықпен айтылған қатты сөз оның жүрегін мына умаждалған жүректей етеді.Міне,сондықтан бір-бірімізге қатты сөз айтып, жүрегімізді жараламайық деген тілекпен коучинг жұмысын бастадым. Қатысушыларды топқа «Кімге көктем, жаз, қыс ұнайды?» деп бөлдім. Жаз мезгілі демалыс уақыты болғандықтан ол мезгілді алмадым. Топқа бөлініп отырған топ мүшелері топтарына ат қойып, топ басшысын сайлады. Топ басшыларына бағалау парақшасын таратып бердім. Коучингте үш топ жұмыс жасады. Жұмыс тақырыбымен таныстырып алғаннан кейін топтарға оқулықтағы «Астана» өлеңімен танысып шығуды тапсырдым. Өлең мазмұнын ашатын сұрақтар тізбесін әр топ жаздық. Осы жерде «Астананың символы не?» деген сұрақ қойдым. Қатысушылар бірден «Бәйтерек» деп жауап берді. Ол туралы мәтін таратып беріп,мұқият оқуды тапсырдым. Берілген уақыт өткеннен кейін мәтінді жинап алдым да, сол мәтіннің азат жолмен қиылған нұсқасын беріп, рет-ретімен орналастыруды тапсырдым. Топ мүшелері бұл тапсырмаға өте қызыға қатысты. Осы жерде тарих және география пәні мұғалімі осы әдісті өз сабақтарында қолдануға болатынын айтты. Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында интербелсенді тақтадан функционалдық сауаттылық туралы мәлімет бердім. «Кейс-стади» технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру құралы екенін айтып өттім. Кейс-технологияға жатады:
-жағдайды талдау әдісі;
-инцидент әдісі;
-рольдік ойындар әдісі;
- іс хабарды талдау әдісі;
- ойындық жоба;
- дискуссия әдісі;
Ойындық жоба мен жағдайды талдау әдісін іске асыру мақсатында қатысушыларды сергіту үшін «Шарф байлау» ойынын өткіздім.
Функционалды сауатты оқушы өз білімін кез-келген жерде пайдалана алуы керек екенін баса айтып өттім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болатынын көрсеттім:
1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;
4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;
8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу;әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы.
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.
Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс. Осы ретте қатысушыларға екінші тапсырма бердім. 1-топ тапсырмасы: айтыс сахнасының суретін салу және ол туралы әңгімелеу; 2-топтың тапсырмасы: қыз бен жігіт айтысын шығармашылықпен жазып көрсету; 3-топтың тапсырмасы: айтыс туралы эссе жазу керек; Топтар тапсырманы жауапкершілікпен орындап, бір-бірінің жұмысын «Басбармақ», «От шашу», «Үш шапалақ» әдістерімен бағалады.Топ басшылары бағалау парақшасын толтырып, өз топ мүшелеріне баға берді. Стикерлер тараттым да, екі жұлдыз, бір тілек жазып, «Тілектер аллеясы» атты алакатты ілулерін сұрадым. Бұл әдіс әріптестеріме ұнады. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Келешекте ата-анамен осы тақырыпта коучинг өткізуді жоспарладым.Өйткені, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда отбасы рөлі ерекше.
Коучинг жұмысы әріптестеріме ұнады. Бұған рефлексияда жазғандары дәлел бола алады.